«Ғажайып Күз»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау; ойындарда өз күштерін сынап көруге ынталандыру; күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, табиғат өзгерістеріне мән беруге және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Рөлдерде:
Жүргізуші: Гулсара Узембаевна
Алтын күз: Асем Кенішбекқызы
Орманшал шал: Сғыныш Сакенқызы
Түлкі: Мадина Оралбаевна
Балалар музыкамен кіреді, жапрықтармен билейді орындарында тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар!Бүгінгі біздің «Ақкөгершін» тобының дайындаған «Ғажайып Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін,қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса,берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастайық.
Ендеше бүлдіршіндеріміздің мерекеге арналған тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар
Жанслу Алақай, алақай
Шаттанды балақай
Күз түсті, дән пісті
Айтамыз алғысты.
Әділ Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Аңсар Алтын, сарыы, қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Бақытжан Күзім ау, күзім ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Күз мерекесіне ән айтайық.
Ән: «Жомарт күз»
Ақтарады мырза күз,
Уылжыған жемісі
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз!-
Музыка әуенімен күз ханшайымы келеді.
Күз ханшайымы: Уа халайық,дархан далам армысың
Табиғатым,жаны жайсан тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар халқымның алғысын.
Сәлеметсіңдер ма балалар,мерекелерің құтты болсын! Мен бұл мерекеге құры қол келген жоқпын,өзіммен бірге себетке толы күзгі байлығымды ала келдім және сендермен бірге ойын ойнап,көңіл көтеруге келдім.Ендеше,бір ойын ойнайық,ия балалар!
Балалар:Иә
Күз ханшайымы: Бұл ойын «сиқырлы орамал»деп аталады.Барлығымыз көзімізді жұмып отырамыз,мен сендердің біреуіңді мына сиқырлы орамалмен жасырып қоямын,көздерінді ашып кімді жасырғанымды табасыңдар.
Ойын: «Сиқырлы орамал»
Би: «Кап Кап » қыздар мен ұлдар
Кенеттен бір қатты күлген дыбыс естіледі. «Ха-ха-ха», «Хи-хи-хи»
Күз ханшайымы:Балалар,тыңдаңдаршы,біреу күліп жатқандай ия.
Мен ақырын барып байқап көрейінші. -Ой балалар,бұл менің көңілді досым Орманшы ата ғой.Ол бір қызық түс көріп жатқан сияқты,тіпті түсінде де күліп жатыр. Мен Орманшы атайды ертіп келемін.
Орманшы ата ұйқыдан оянады:
Орманшы ата:Мен бір керемет әуен естідім,мұнда не болып жатыр өзі?
Менің әбден күлкімді келтірдіғой!
Күз ханшайымы:-Кім сіздің күлкіңізді келтірді?
Орманшы ата: - Орманшы ата ғой.
Күз ханшайымы:Ой,ол өзің бе?
Орманшы ата:Ия,мен өзімді де күлдірте аламын,қаласаңдар сендерді де күлдірту қолымнан келеді.Балалар,күліп-ойнап көңіл көтергілеің келе ме?
Балалар:Ия
Күз ханшайымы:Әрине,орманшы атай.
Орманшы ата:Ендеше бәріміз ойын ойнайық.
Ойын: «Көкөністер мен жемістер»
Ойын шарты: Екі себетке көкөністер мен жемістерді ажыратып жинайды.
Тақпақтар
Сабыр: Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз.
Амир: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке
Әбілхайыр Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды
Тырнасы тізілген
Ұнатамын күзді мен
Расул Күзім ау, күзім ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау
Ильяс Жапырақ ұшты
Суықта түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
Нұржан Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Орманшы ата:Ой,жарайсыңдар,балалар сендер өте тапқыр екенсіңдер.Сендер ән айтып,ойынды да жақсы ойнадындар.Тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші:Орманшы атай,біздің балаларымыз тек ән айтып қана қоймай,сонымен қатар би де билей алады.Олай ән тамашалаңыздар.
Ән: «Кап кап тук, тук»
(Осы кезде музыка әуенімен түлкі келеді).
Түлкі: Мұнда бір мереке өтіп жатқан сияқты ғой,барлығың да көңілдісіңдер ғой.
Орманшы ата:Біздің балаларымыз күз мерекесін тойлап жатыр екен.Олар ән де айтып,би де билеп,тіпті ойынды да керемет ойнайды екен.
Түлкі:Түсінікті-түсінікті,ал мені мерекеге шақырмайсыңдар.
Күз ханшайымы:Сен олай ренжіме түлкіжан,біз сенің келгеніңе өте қуанышымыз,кел,төрлет.Бізбен бірге мерекені қарсы ал.
Түлкі:Әрине қаламын,мен де көңіл көтергенді,ән айтып,би билегенді ұнатамын,Тағы менің бір сырым бар.Мен сендерге фокус-мокус көрсете аламын.Балалар сендер фокус-мокусты жақсы көресіңдер ме?
Балалар:Ия.
Түлкі:Ендеше көздеріңді жұмып үшке дейін санаңдар.
Балалар көздерін жұмып үшке дейін санайды.Сол уақытта түлкі себеттегі сыйлықты ұрлап алып,тығып қояды.
Күз ханшайымы:Мұның не,түлкіжан.Балалар қараңдаршы,біздің себетке толы сыйлықтарымыз қайда кетті?Оны түлкі тығып қойды ғой деймің?
Орманшы ата:Ах,осы Түлкі,мен саған қанша рет айтамын,өтірік айту жаман әдет-деп.Қане ,сыйлықты балаларға қайтар.Әйтпесе көрнсіні көрсетемін саған.
Түлкі:Ия,армандапсың мен оның барлығын өзім жеп қоямын.
Орманшы ата:Өзім жеймін деймісің?Сені ма қазір;
Күз ханшайымы:Орманшы ата,Түлкіжан жанжалды қояйық.Одан да Түлкінің көңілін көтеріп,оған бір би билеп берейік.
Жүргізуші:Дұрыс айтасың Күз ханшайымы.Біздің кішкентай балақайларымызды биін тамашалайық.
Би: «Қолшатыр» ұлдармен.
Түлкі:Рахмет сендерге балақайлар,менің көнілім көтеріліп қалды.Сыйлыққа толы себеттеріңді өздеріңе қайтарып берейін.
Күз ханшайымы:Ал балалар,сендермен бірге бүгінгі мерекеге өте қызық өтті.Мен енді өзіммен бірге орманшы атай,түлкіжанды алып,басқа да балалардың мерекесін тамашалап қайтайық.Келесі кездескенше сау болыңдар!
Би: «Берекесін сыйлауға»
Жүргізуші:Бүгінгі біздің күз мерекесіне арналған «Ғажайып күз»атты ертеңгілігіміз аяқталды.Жомарт күздің сыйы жыл бойы халқымыздың ақ дастарханына тойға жайылсын. Баршамыз
бір-бірімізбен дос,бауыр болып,келесі мерекеде аман –есен қауышайық.
Қош –сау болыңыздар!
Бекітемін:
№14 «Қонжық» МДҰ
меңгерушісі:
Омарова Ш.Ш
«____» ________2022ж
«Ғажайып күз»
№ 11 «Ақкөгершін» ересек арнайы тіл түзету тобы.
Тәрбиешілер: Даулекенова Г.У.
Аймолдина С.С
Ән жетекшісі: Муканова Т.И.
Ақтөбе қаласы.
2022-2023 жыл.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғажайып күз

шағым қалдыра аласыз