Материалдар / «Ғажайып күз»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ғажайып күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
611
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ғажайып күз»
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту.
Білімділік міндеті:Табиғатты аялауға, құрметтеуге, баптауға үйрету.Жыл мезгілі туралы
түсінік беру.балалардың күз мезгілі туралы білімдерің тиянақтау, күзгі табиғатының
ерекшеліктерімен таныстыру, күздің негізгі белгілерін атап, көкөніс және жемісжидектерді ажырата білуге үйрету; Күз туралы тақпақтар айта отырып баланың тілін
сөздік қорын молайту;
Дамыту міндеті: тілдерін жаттықтыру, ой–өрісің кеңейту, шығармашылық
қабілетттерін, бақылауғыштығын дамыту; Баланың ой өрісін дамыту;Күзгі өзгерістерге
мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету,
Тәрбиелеу міндеті: күзгі еңбекті бағалай білуге, табиғатқа деген сүйіспеншілік,
қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, кейіптендіру,
Көрнекіліктер: күзгі көрініс плакаттары, суреттер, жапырақтар, шарлар, көкөніс, жемісжидектер түрлері, атрибуттар.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, жаңбыр, қоян, алтын күз.
Әндер: «Жапырақтар», «Балалар мен жаңбыр», «Бала мен балапан»
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр», «Сәбізді жина»

Тақырыбы: «Ғажайып күз»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел
байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын.Сары алтындай
сары күз себетке толы жемісін,қамбаға толы егінін сыйлайды.Ендеше «Әлихан» І кіші
тобының « Ғажайып күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Балалар, мен сендерге қарап таң қалып тұрмын! Сендер сондай әдемі, сүйкімді болып
тұрсыңдар! Ендеше осы жайдары көңіл-күйлерімізбен келген қонақтарымызбен
амандасайық.
Балалар: балалар қонақтармен амандасады.
Жүргізуші:
Уа ,халайық, дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсан тал мүсін,
Ғажайып күзің бүгін міне келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Жүргізуші:
Ойын, күлкі, той-думан,
Әсем ән мен сәнді би.
Асығыңдар, қараңдар,
Бәрі бізден табылар! - дей келе, мерекелік ертеңгілігімізді ән шашудан бастаймыз.
Ән: «Жапырақтар»
Жүргізуші :
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
- Күз мезгілі.
Жүргізуші :
-Күзде табиғат қалай өзгереді ?
Балалар:- жапырақтар сарғайып, жерге түседі, күн суытады.
Жүргізуші :-Ағаш басындағы жасыл жапырақ қандай түске айналады?
Дұрыс айтасыңдар, балалар, күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл,
қоңыр, жасыл, алқаптағы шөптер қызыл-сары түске еңеді.
Күн біртіндеп қысқарады, жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Құстар жылы жаққа
ұшып кетеді. Бау-бақшада жеміс-жидек, көкөністер піседі. Егстікте астық пісіп
қамбаларға жиналады екен. Сондықтан күзді «алтын», «жомарт», «ғажайып» деп
атаймыз.
Жүргізуші:
Естіп тұрмызба,
Сықырлайды жапырақтар.
Кім келе жатыр бізге
Біз тып - тыныш отырып ,
Қонақты қарсы алайық
(Музыка ойналады,колына себетімен қоян кіреді)
Жүргізуші :
-

Балалар амандасайық, бізге кім келді қонаққа?
Балалар амандасады. Сәлеметсізбе!
Қоян келді.

Мен қоянмын.
Мен сендерге қонаққа келдім балақайлар.
Өлен айтып,көңіл көтеруге.Сендермен де дос болуға.Қазір біз баріміз ойын ойнаймыз,
Сәбіздерді жинаймыз. Балалар сендер менің қысқы азығымды жинап беруге
көмектесесіңдер ме?
Балалар: - әрине көмектесеміз.
Қимылды ойын: «Сәбізді жина»
Мақсаты: балаларды ептілікке, шапшаңдыққа және төзімділікке тәрбиелеу.
Қоян:
- Рахмет балалар . Сәбіз жинауға көмектестіндер.
Жүргізуші: - рахмет қоян енді сен біздің қонағымыз болып, балалардың өнерін
тамашалаңыз.
Жүргізуші:
Күзде, күзде жаңбыр жауады.
Ойнатпайды біздерді
Күзде, күзде жапырақтар
Желмен бірге ұшады-демекші «Балалар мен жаңбыр» әнін айтайық.
Ән: «Балалар мен жаңбыр»
Жүргізуші:
Өнерлі ғой балалар,
Көңілдері пәк, жайсаң,
Тақпақ айтып берейік,
Мерекеге біз арнап.
Олай болса балалардың күз мезгіліне арналған өз лебіздерін тыңдап көрелік.
Нұрдәулет:
Армысыздар халайық.
Бармысыздар халайық
Күзгі бақта жұп жазбай
Келіндер қарсы алайық.
Әсия:
Күзім ау,күзім ау,
Мінезін бұзық ау.
Жанбырда сіркіреп,
Келгенін қызық ау.
Бағдат;
Алақай,балақай.
Береке салты күз
Мереке алтын күз.
Жүргізуші:
Мен бірдене естігендей болдым.
Жапырақпен сырт сырт.
Алақанмен тық тық.
Бұлт астына күн тығылып,

Жаңбыр жауды,балақай.
Жанбыр астында,жаурап қалмайық балапан.
- қане балалар бізге тағы қонақ келген секілді. Олай болса сол қонағымызды қарсы
алып, амандасайық.
Жаңбыр: - амансыңдар ма балалар. Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен
жаңбырмын. Ғажайып күз мерекесі құтты болсын. Сендер қандай әдемісіңдер, бүгін
құлпырып тұрсыңдар. Балалар сендер манадан ән атып, би билеп шаршаған
шығарсыздар. Олай болса мен сендерге ойын ала келдім өзіммен бірге. Қане сол ойынды
ойнап бір сергіп алайық.
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, ептілікке және төзімділікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
-

рахмет жаңбыр біздің балалардың көңілін бір сергітіп тастадыңыз. Олай болса
сізде біздің кешіміздің қонағы болыңыз, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Жүргізуші:
Өнерлі ғой балалар,
Көңілдері пәк, жайсаң,
Тақпақ айтып берейік,
Мерекеге біз арнап.
- Олай болса бала лардың күз мезгіліне арналған өз лебіздерін тыңдап көрелік.
Карина:
Жапырақ ұшты,
Суық-та түсті,
Қызық көп күзде.
Мансур Қ :
Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Ерасыл:

Ой,балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Жүргізуші:

-

Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс.
Тойлайық күлейік,
Қуанып ән айтайық.
Балалар енді барлығымыз жаңбырға арнап өз өнерімізді көрсетіп ән салып
берелік.

Ән: «Бала мен балапан»
Жүргізуші.
Қосып білім нұрға нұр,
Біздерде міне жарқынбыз
Рахмет саған мыңда бір,

Рахмет саған Алтын күз!
Құрметті қоңақтар мен балалар! Бүгінгі күзгі мерекеміз осымен өз мәресіне жетті, көңіл
қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.
«БҚО Бөрлі ауданы білім беру бөлімі
«Бекітілді»______________________
Ақсай қаласының №7 «Айналайын» бөбекжайы
МКҚК»

директоры Ж. Ж. Юнусова

«Ғажайып күз»
Әлихан I кіші тобы

Тәрбиеші: Төресаева Ұ Б
Мухамбеткалиева Г Ж
Саз жетекшісі. Гурова И И

2016 - 2017 о.ж.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!