400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып күз кереметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды күз мерекесімен, оның ерекшеліктері-мен таныстыру. Алтын күз келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Қоғамдық ортада өзін – өзі ұстай білуге, ізеттілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ғажайып күз кереметі!»


Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларды күз мерекесімен, оның ерекшеліктері-мен таныстыру. Алтын күз келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Қоғамдық ортада өзін – өзі ұстай білуге, ізеттілікке тәрбиелеу.

Білімділік: Күз туралы ән, өлеңдерді айтқыза отырып білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Ойын арқылы, ән арқылы балалардың есте сақтау қабілет-терін, қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада өзін тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. Жарты шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар сіздерді бүгінгі «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз. Күзіміз әрдайым берекелі,ырысты болсын. Осы жомарт,Алтын күзді мақтан тұтайық. Ендеше балалар барлығымыз қосылып «Күз жомарт» әнін айтайықшы.

Ән: «Күз - жомарт»

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар адамдар күзде бидай орады екен, ал бидайдан нан пісіреді.Олай болса балалар бидай туралы өлең айтыңдаршы. Қане кім біледі?

1-бала: Еңбек қызыл қырманға

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап сары боп тұрғанда.


2-бала: Алқаптан бидайды

Қоймаға ағалар жинайды.

Құстарды тізілген

Ұнатам күзді мен.


3-бала: Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Жүргізуші: Балалар күзде күн суып, жел соғып ағаштардың жапырағы қурап жерге түседі екен. Балалар жел қайтіп соғады? Гу-гу-гуу.

Ой, балалар қараңдаршы жел бізге «Күз ханшайымын» алып келіпті.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар, біз мерекеге асығып келдік. Бұлар менің балаларым! Балаларым өздерін таныстырсын.

Қыркүйек: Шоғы гүлдей жайнап,

Жарқырайды алтын күз

Сайраңдап, күліп, ойнап,

Келіп кетті қыркүйек.

Қазан: Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке қол созып,

Құстар ұшып барады.

Қараша: Құстар қайтты ,қыс болды,

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп, гүл солды

Қараша ызғары басталды.

Жүргізуші: Ендеше «Күз ханшайымы» балаларыңызбен бірге төрлетіңіз! «Айсәуле», «Балбұлақ», тобының «Алтын күз» мерекесінің қадірлі қонағы болыңыздар. Ал біздің балалар сіздерге өз өнерлерін көрсетеді.

4-бала: Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

5-бала: Сау-сау етіп жапырақ,

Сабағынан үзілген

Қоңыр тартып жапырақ

Көкте құстар тізілді.

6-бала: О,алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Қандай келбет тамаша.

Жүргізуші: Алтын күзде тұрмайық

Ән салайық билейік

Шаттанайық, қуанайық

Қызық ойын ойнайық.

Күз ханшайымы: Балалар мен ормандағы аңдарға азық жинауым керек, маған көмектесесіңдер ме?

Ойын:«Күздің сыйы»

Шарты: Балалар 3-топқа бөліну керек. Әр топта бір-бір баладан. Балалар әр аңдардың азығын жинап беруге көмектесу керек.

1-топ: Қоян

2-топ: Кірпі

3-топ: Тиін

Күз ханшайымы Балалар, айтыңдаршы, мен келгенде құстардың бәрі қайда кетеді?

7-бала: Қанатын жайып жыл құстар

Жылы жаққа ұшады.

Қайтіп келер қайтадан

Бізді қуантып қалады.

8-бала: Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды.

9-бала: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

Жүргізуші: Балалар күзде тағы қандай өзгерістер болады?

10-бала: Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге төгілді.

11-бала: Күзгі жаңбыр төгілді

Нөсерлетіп аспаннан

Қорғайды бізді қолшатыр

Көл көсір қалың жаңбырдан.


Жүргізуші: Күзде жаңбыр жауады,

Ойнатпайды біздерді.

Қолымызда қолшатыр,

Кел билейік көңілді.

«Қолшатыр»биі.

Жүргізуші: Өте жақсы балалар күз жайлы әр-түрлі өлеңдер біледі екенсіңдер.

Балалар жарты шеңберге тұрады:

12-бала: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

13-бала: Бақшадағы жемістер

Пісіп әбден жетілді

Жинап теріп бәріміз

Жейік қане бәріміз.

Ән: «Жау, жаңбыр»

Күз ханшайымы: Ал, балалар сендер өнерлі екенсіңдер мен сендердің өнер-леріңе өте риза болдым. Сондықтан, күздің сыйлығынан дәм татсын деп, мен алма ала келдім.(Балаларға алма таратады)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі біздің Күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет, сау болыңыздар.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
910
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі