Күні: 11.01.2019 жыл
Білім беру
саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Ғажайып
математика
Мақсаты: 1 ден 5 ке дейін тура және
кері санау, геометриялық пішіндерді ажыратып, түр – түсін айту,
миға шабуыл, яғни логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың
ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа
тәрбиелеу және қызығушылығы мен тапқырлығын
арттыру.
Өтпелі
тақырып: Табиғат
әлемі.
Көрнекіліктер:
Үйшіктер, сандар, санға
байланысты суреттер, құстар ілінген
бұтақ.
Билингвальды
компонент: Пішін – фигура, түс –
цвет.
Әдіс –
тәсілдер: Сөйлеу, ойлау, әңгімелеу,
дидактикалық ойындар, сұрақ – жауап, өлең
оқу.
Шаттық
шеңбер:
Біз әдепті
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Тәрбиенің басы
ғой,
Сәлем дейміз
баршаңа.
Ойын: «Түсін
тап»
Шарты: Шеңберде тұрған балаларға
қызыл, сары, көк түстер тарқатып беріледі. Музыка тоқтаған сәтте
қолдарындағы түстерге қарап, өз шеңберлерін
табады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу
қызметінде сандарды тура және кері санаймыз. Беске дейін санаймыз.
Санамақ айтамыз.
Аружан:1 дегенім
білім,
Білім жарық
күнім.
Алуа: 2 дегенім
еңбек,
Еңбек бәрін
жеңбек.
Абдурахман: 3 дегенім
үміт,
Үміт артар
жігіт.
Темірлан: 4 дегенім
төзім,
Төзе білем
өзім.
Нұрсұлтан: 5 дегенім
бесік,
Шықтық содан
өсіп.
Ойын: «Суретпен
сәйкестендір»
Шарты: Суретте бейнеленген заттардың
санын, тақтада ілініп тұрған сандармен сәйкестендіріп
іледі.
Тәрбиеші: Ал балалар, дайын пішіндерден
сандарға үйшік жасайық. «Үлкен», «орташа», «кіші» үйшіктер.
Пішіндеріміздің тақпақтарын
айтайық.
Алинұр: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын
көбірек,
Менің атым
дөңгелек.
Ақнұр: Барлық шатыр ұқсайды тек
өзіме,
Бірден білер құлақ асқан
сөзіме
Менің атым
үшбұрыш.
Бағым: Теледидар таныс екен
баршаға.
Ал пішінім ұқсайды ғой
партаға
Менің атым
төртбұрыш.
Сергіту
сәті:
Аққу болып
ұшамыз,
Көлге келіп
қонамыз.
Көлдің бетін
құшамыз,
Қайта самғап
ұшамыз.
Тәрбиеші: Балалар, біз логика сабағын
өтеміз бе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Мен қазір дүкеннен доп аламын.
Біреуі үшбұрыш, біреуі төртбұрыш, біреуі
жұлдызша.
Балалар: Доп үшбұрыш, төртбұрыш,
жұлдызша болмайды. Доп домалақ
болады.
Тәрбиеші: Балалар, қараңғыда аспанда
қанша жұлдыз шығады?
Балалар: Көп
жұлдыз.
Тәрбиеші: Ал түсте қанша жұлдыз
шығады?
Балалар: Шықпайды.
Тәрбиеші: Балалар, бір қоянда қанша
құлақ бар?
Балалар: Екі
құлақ.
Тәрбиеші: Ал екі аюда қанша бас
бар?
Балалар: Екі
бас.
Тәрбиеші: Балалар, мына ағашта неше
торғай бар?
Балалар: Бес
торғай.
Тәрбиеші: Балалар, біз ертегіні
түсінеміз бе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Ал өлеңді
ше?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Мына бір шумақ өлеңмен жақсы
сурет бейнелеуге болады екен.
Алинұр: Жоғарыда ақша бұлт
күлімдеген,
Арсен: Арасында күн нұрын
жасырады.
Абдурахман: Ал төменде айдын көл
мөлдіреген,
Ақнұр: Жағасында қос аққу орын
табады.
Балалар
сандарды 10 ға дейін 3 тілде
санайды.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу
қызметіміз ұнады ма, біз смайликті білеміз
бе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Қалай
көрсетеміз?
Балалар: Во!
Марапаттау.