жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғажайып математика
Ғажайып математика
Мақсаты:
Оқушыларға білім беру. Адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған білім мен тәрбие беру.
Міндеттері:
ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар негізінде жаңа тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау;
оқу сапасын жетілдіру;
ойлау қабілетін жетілдіру;
алған білімдерін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру.
Нормативті бөлім
Оқу пәнінің тақырыптық жоспары. Барлығы -34 сағат. Аптасына-1 сағат.
Түсінік хат
Қоғамымызда болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістер білім берудің негізгі сатысы ретінде бастауыш мектепке аса зор мән беріп отыр. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш буынның алар орны ерекше.Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болып, баланың ақыл ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл – ойдың дамуы, бүгінгі күннің басты талабы.Бастауыш сыныптағы математика пәнін оқытудағы ең басты міндет – баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Әдістемелік көмекші құралмен шектеліп қана қоймай, баланың ойлау қабілетін дамытатын есеп жұмбақтар, басқатырғыштар, интеллектуалды ойындарды пайдалану тиімді.Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында математикадан сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырып жүргізудің маңызы зор.
Ал енді бастауыш сыныптарда ғажайып математика сабақтарын жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың талап – тілектерін, пән бойынша қызығушылықтарын жан -жақты қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.
Оқушыларды еліктетіп, іздендіруге үйретіп, жігерлендірмейінше оқу мен тәрбиелеуді талап деңгейінде жүргізу мүмкін емес. Міне, сондықтан да факультатив сабақтарында іздену, өз бетімен ойлана білу, қызығушылқтарын арттыру сияқты міндеттерді алға қойып, оны шешуде әртүрлі әдіс-тәсілдердің тиімдісін пайдалана білсек қана оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасаймыз. Ұсынылып отырған факультатифтік сабақтар мынандай негізде құрастырылған:
сабақтар оқушылардың математика пәні бойынша алған білімдері мен дағдыларында сәйкес ұйымдастырылған;
оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратындай жоспарланған;
Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жасалған.
«Ғажайып математика» факультативтік сабақтары мынандай бөлімдерден тұрады:
І. Геометриялық фигуралар, қызықты шаршы құрастыру.
ІІ. Санамақ, математикалық өлең есеп, математикалық жұмбақ.
ІІІ. Математикалық фокустар, ребустар, ойды жетілдіруге арналған есептер.
ІV. Математикалық сөзжұмбақ, әзіл есептер.
Бұл бөлімдер арқылы баланың ой ұшқырлығын дамытуға, геометриялық ұғымдарды танып білуіне, ізденімпаздыққа, әр сөздің мағынасына көп көңіл бөлуге, аңғарымпаздылыққа үйренеді. Әзіл, өлең есептер оқушыларды көпшіл болуға, байқампаздыққа тыңдай білуге, негізгі мәселені ажырата білуге үйретеді.
Осы жұмыстардың бәрі де оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне, ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруына себеп болады.
Ғажайып математика
Күнтізбелік жоспары 2 сынып
№ |
Сабақ тақырыбы І тоқсан |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Геометриялық фигуралардың түрлерімен танысу |
1 |
|
2 |
Геометриялық фигураларды сызып үйрену, бір-бірінен ажырата білу |
1 |
|
3 |
Бір геометриялық фигуралардан бірнеше фигура шығару |
1 |
|
4 |
Бірнеше геометриялық фигуралардан үй құрастыру |
1 |
|
5 |
Қызықты квадрат (шаршы) құрастыру, шешу |
1 |
|
6 |
Ғажайып фигуралар құрастыру |
1 |
|
7 |
Сиқырлы дөңгелектер |
1 |
|
8 |
Көңілді үшбұрыштар |
1 |
|
ІІ тоқсан |
|||
9 |
Санамақтың түрлерімен таныстыру |
1 |
|
10 |
«Көңілді санау» ойынымен таныстыру, ойнатып үйрету |
1 |
|
11 |
Математикалық өлең есепті шешкізу |
1 |
|
12 |
Математикалық өлең есепті шешкізу |
1 |
|
13 |
«Бәрін бірге ойлап қой» ойынын ойнау |
1 |
|
14 |
Қызықты есептер шешкізу |
1 |
|
15 |
Көңілді цифрлар |
1 |
|
16 |
Әзіл есепті құрастыру, шешкізу |
1 |
|
ІІІ тоқсан |
|||
17 |
Сиқырлы үшбұрыштар |
1 |
|
18 |
«Кім жылдам» ойынын ойнау |
1 |
|
19 |
Математикалық фокус «Сан ойла» |
1 |
|
20 |
Математикалық фокусты құрастыру, шешкізу |
1 |
|
21 |
Математикалық викториналарды талдау, шешкізу |
1 |
|
22 |
Математикалық викториналарды талдау, шешкізу |
1 |
|
23 |
Математикалық ребустар құрастыру, шешкізу |
1 |
|
24 |
Математикалық ребустар құрастыру, шешкізу |
1 |
|
25 |
Логикалық ойды жетілдіруге арналған есептерді талдау, шешу |
1 |
|
26 |
Логикалық ойды жетілдіруге арналған есептерді талдау, шешу |
1 |
. |
ІV тоқсан |
|||
27 |
Әзіл есептер шешу, шығару |
1 |
|
28 |
«Кім тапқыр» есептер құрастырып үйрену |
1 |
|
29 |
Математикалық санамақатар құрастырып үйрену |
1 |
|
30 |
«Кім тапқыр» есептер құрастырып үйрену |
1 |
|
31 |
Математикалық сөзжұмбақ құрастру, шешу |
1 |
|
32 |
Белгісіз сандарды тап, шешу |
1 |
|
33 |
Көпбұрышты еркін өлшеммен сызу және оның элементтерін анықтау |
1 |
|
34 |
Жас математиктер турнирі |
1 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер
Алматы, 2017 әдістемелік құрал А.Т. Туралбаева, К.К. Фазлыева,Б.М.Алдабергенова
«777 жұмбақ» Авторы: Ә.Ысқақов
Бастауыш сынып «Қызықты математика» 2004ж
«Бастауыш мектеп» (журнал) Алматы
Алматы облысы, Іле ауданы, Әли ауылы
«№22 орта мектеп»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Бастауыш сатыдағы 2 сынып
оқушыларына арналған
«Ғажайып математика»
атты таңдау пәніне жасалған
авторлық бағдарлама

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген