400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ғажайып математика"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Таным" білім саласы бойынша ортаңғы топ тәрбиешілеріне арналған математика негіздерінен ұйымдастырылған оқу-қызметінің жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары


Білім саласы: Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: « Ғажайып математика»

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету.Сандарды кері және тура санау,балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын кеңейту.Балаларды тапқырлықққа ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,сергіту сәті,«Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны,жұмбақтар.

Ресурстар: суреттер,үлестірмелі геометриялық пішіндер,сандар.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

I кезең: Ұйымдастырушылық –қозғаушылық

Сәлеметсіздерме, балалар!

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті,қане амандасайық!

1. Шаттық шеңбер:

-Қане,балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

-Балалар,мынау ненің суреті?(күннің)

-Күн жарқырап шыққанда адамдарға шуағын шашады.Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?

- Кәне,біз де қайырлы таң тілейік.

-Қайырлы таң көздерім,сендер ояныңдар!!!!

-Қайырлы таң құлақтарым,сендер ояныңдар!!!

-Қайырлы таң саусақтарым,сендер ояныңдар!!! (көздерін,құлақтарын уқалайды,қолдарымен шапалақтайды)

-Жарайсыңдар,балалар бүгінгі күндерің сәтті өтсін,орнымызға отырайық.

-Бүгін бізді қандай екенімізді, білімімізді қарауға көп қонақтар келіпті. Біз өз білімімізді ортаға салайық.

II кезең: Ұйымдастырушылық - ізденістік

2. Ғажайып сәт:

-Балалар,мен балабақшаға келе жатқанда бір қобдиша тауып алдым,ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

Балалар: Ойыншық, кәмпит т.б.

Ендеше қобдишаны ашып көрейік. (Қобдишаны ашады) Балалар, бұл қобдиша білім әлемінен келіпті. Ішінде хат бар екен. Хатты ашып оқып берейін. Хат оқылады.

Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен математикадан сендердің білімдеріңді көргім келеді. Сендер білімдеріңді көрсете аласыңдар ма?

Балалар, математикадан не үйренгендеріңді ортаға сала аламыз ба?

Балалар: Иә.

Ендеше ішіндегі тапсырмаларды орындауға кірісейік.

3. Тапсырмалар:

1-тапсырма:

-Балалар сандар адасып кетіпті, сол сандарды ретімен орналастыру керек.

1- ден 10- ға дейін тура және кері санау.

2-тапсырма: Логикалық есептер:

-Дүкеннен анам 2 доп сатып алып келді,оның біреуін ініме бердім менде неше доп қалды?

-Ағашта 8 құс отыр,оның 4-еуі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?

-Себетте 6 алма,табақта 3 алма қосқанда неше алма?

3-тапсырма: «Танграмм» ойыны.

-Балалар, алдарыңда геометриялық пішіндер бар, сол пішіндерден өздерің жануарлардың бейнесін құрастырыңдар.

Балалар алдарындағы геометриялық пішіндерден өздері білетін жануарларды құрастырады.

Балалардан сұрау. Ерасыл, сен қандай жануардың бейнесін құрастырдың?

Қандай пішіндерден құралған?

Балалар қандай жануар, әр дене бөліктерін қандай пішіннен құрағанын айтады.

4. Сергіту сәті:

Бала,бала балақан

Қане, қайсы алақан,

Саусақтарың әйбәт,

Былай,былай ойнат

4. Тапсырма: «Пішіндер туралы жұмбақтар»

Атына сай балалар,

Үш бұрыш үш жағы бар

Ол пішінді кім табар? (Үшбұрыш )

-Дұрыс айтасыңдар балалар бұл үшбұрыш .Алдарындағы пішіндер ішінен маған үшбаұышты көрсетіңдерші,және түсін атаңдар....

III кезең: Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, бүгін не істедік? Қандай тапсырмалар орындадық? Тапсырмалар қиын болды ма?

-Ал,балалар келген қонақтармен қоштасайық.

-Көріскенше күн жақсы,

-Сау саламат болайық.





































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
747
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі