Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:Ғажайып математика Мақсаты:Қазақ халқының ұлттық құндылығымызды дәріптей отырып, балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.1-5 дейін санап реттік сандарды атай білуге дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

46 «Балбұлақ» бөбекжай










Тақырыбы: «Ғажайып математика»














Дайындаған тәрбиеші: Даулетбаева Н.Қ













Ақтау 2025ж

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық құндылығымызды дәріптей отырып, балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру. 1-5 дейін санап, реттік сандарды атай білуге дағдыландыру. Геометриялық фигуралар туралы балалардың түсініктерін бекіту: геометриялық фигураларды ажырата білу, оларды қасиеттері бойынша (түсі, пішіні және көлемі) Ұлттық ойындар арқылы ойлау қабілеттерін қалыптастыру, талдау жасай білуге үйрету.

Кейіпкер: Алдар көсе

Қажетті көрнекіліктер:  Көрпеше, геометриялық пішіндер, асықтар, теңгелер, аттар

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме? балалар! Қалдарың қалай?

Балалар: жақсы

Тәрбиеші: Жақсы, ендеше ұйымдастырған іс-әрекетімізді жақсы сөздермен бастайық.

Шаттық шеңбері

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек? .

Көңілді болып жүрейік. Есектің тұқайы музыкасы

Сұрақ жауап

«Мен Алдармын» музыкасы ойналады.

Мен Алдармын, Алдармын,

Досымын адал жандардың

Қоржыным толы тақия

Балаларға арнадым.


Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме? балақайлар!

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе? Алдар көсе. Сен біздің балаларды алдау үшін келдің бе?

Алдар көсе: Жоооқ, мен сіздердің білімдеріңізді тексеруге келдім. Менің қапшығымда көптеген теңгелер мен асықтар бар. Мен сендерге ойын мен тапсырмалар ала келдім.

Тәрбиеші: Жарайды, біздің балалар тапсырмаларды орындауға әзір.

Ендеше, төстеріңдегі белгінің көмегімен екі топқа бөлініңдер.

(Балалардың төсінде асықтардың суреттері бейджикке тағылған) Үстел үстінде асықтардың суреттері орналасқан. Әр бала бейджиктеріндегі суретке сәйкес орындарын табады.


1 тапсырма

«Сандарды ретіне қарай орналастыр» , «Көршісін тап» .

Шарты: Қапшықтардың ішіндегі араласқан сандарды, 1 ші топ тура , 2 ші топ кері орнына санап орналастыру керек.

2 тапсырма

Ойын «Арқан тартыс»

Шарты: Балалар үстел үстінде білімдері арқылы арқан тартысады. Әр ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді бір серігіп алайық .


Сергіту сәті

Әуенді ырғақты жаттығу.

3 тапсырма

Алдар көсе: Балалар, менімен бірге «Асықтарды қандай түсті және нешеу?»

ойынын ойнайық. Менімен бірге үстелдің жанына келіңдер. Үстел үстінде не көріп тұрсыңдар?

Балалар: асықтарды, құмды көріп тұрмыз.

Алдар көсе: Балалар, дұрыс. Ендеше құмның үстіндегі асықтарды санап алыңдар, түсін атаңдар.

Балалар құмның үстінен 5 асықты жинап алады, санайды, түстерін атайды.

Алдар көсе: Балалар, қанша асық жинап алдыңдар?

Балалар: 5 асық жинап алдық.

Алдар көсе: жинаған асықтардан геометриялық пішіндерді салуымыз керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Балалар топырақтың астында бір зат бар сияқты, қараңдаршы.

Балалар құмның астынан геометриялық фигураларды көреді.

Алдар көсе: Балалар, мен сендерге капшығымнан бес-бестен асықтар берейін, сендер сол асықтардан кілем үстіне көрген пішіндеріңді құрастырып беріңіздер.


Балалар асықтан геометриялық фигураларды үстел үстіне құрастырады, пішіндерді атайды.

Алдар көсе: Жарайсыңдар, балалар менің жолға аттанатын уақытымда келіп қалды. Сау болыңдар.

Балалар қоштасады.


Тәрбиеші: -Балалар, Алдар көсенің ойыны ұнадыма ма?

-Алдарды жиі көргілерің келе ме?

-Қандай ұлттық ойынды ойнадық?












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.01.2025
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12