Білім саласы; Таным.
Ұйымдастыру оқу іс - əрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы. «Ғажайып математика»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура жəне кері санау,.
Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - əрекет дағдыларын меңгерту,
əлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу жəне геометриялық
пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек
көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа
тəрбиелеу.
Əдіс тəсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сəті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық
ойыны, жұмбақтар.
Құрал жабдық ретінде суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш,
төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады
Билингвизм..
Іс - əрекет кезеңдері;
Тəрбиешінің іс - əрекеті;
Балалардың əс - əрекеті;
Мотивациялық – қозғаушылық
- Саламатсыздар ма, балалар!
Саламатсыз ба!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз əдепті баламыз Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен Тəрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз. Ал қанекей бəріміз.
Сəлем!- дейік үлкенге
Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кəне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық
оқу - іс əрекеті.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кəне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе
ме? Кəне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы
тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып
математика» еліне саяхатқа барамыз
1 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін тура жəне кері санау
Екі тілде санау.
2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)
3 - тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде
неше доп қалды? (1)
- Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
- Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма
4 - тапсырма Жұмбақтар.
Адамға серік, күзетке берік.(ит)
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанатты бар, ұшпайды.
Су астында қыстайды. (Балық)
Мен атамнан қаштым,
Мен əжемнен қаштым
Таба алмадым атамды, əжемді.
Үйімді сағындым.(Бауырсақ)
Бұл қай ертегі?
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)
Сергіту сəті:
«Бала, бала, балапан» əні: Бір серігіп алсаңдар одан əрі жалғастыру.
Балалар, ақылмен ойлап əр түрлі нəрселер жасауға болады екен.
Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.
Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тəрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)
Үлестірме материалдармен жұмыс.
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне
саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Қараңдаршы, балалар, қандай əдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар
қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш, дөңгелек)
Қорытынды:
Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1 - ден 5 - ке дейін тура жəне кері санадық.
Жұмбақтар шештік.
Балалар, келесі оқу іс - əрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика»
еліне саяхатқа барамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, бəріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нəтиже:
Қолынан келу:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық жəне кілемшеге
орналастырдық.
Білуі қажет: Сандарды тура жəне кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу.
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.