Материалдар / Ғажайып математика әлемі

Ғажайып математика әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық ұғымдар туралы есептерді ойын түрінде өткізу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:

42 «Айналайын» МКҚК

Меңгеруші: Шугаева Н.Г.












«Балапан» ересек тобы.


Тақырыбы: «Ғажайып математика әлемі»












Тәрбиеші:Курманалина А.К.











2023-2024оқу жылы.

Тақырыбы:Ғажайып математика әлемі


Саласы: Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.


Мақсаты: Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту бойынша өткен тақырыптарын қорытындылау Геометриялық пішіндер туралы білімдерін тиянақтау.Балалар геометрилық пішіндерді көру, ұстау арқылы зерттейді,атай алады..Шама, яғни екі затты өлшемі бойынша заттарды салыстыра алады . Бір көп ұғымын ажыратады.Кеңістікті бағдарлай алады.,уақытты бағдарлау бойынша қарама қарсы тәулік бөліктерін ажырата алады.

Міндеті: Балалардың танымдық зияткерлік дағдыларын дамыту.Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.Пішіндерді, екі затты өлшеуді,аз,көп ұғымдарын білуге тәрбиелеу.


Тәрбиеші:Қане балалар барлығымыз ортаға жарты шеңберге тұрайық.Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті ендеше қонақтармен амандасайық.


Жарқын-жарқын үніміз.

Болашақтың күніміз.

Балабақша үйінің

Жайнап тұрған гүліміз

Сәлеметсіңдерме ,қонақтар

Қош келдіңіз бәріңіз!


Жарайсыңдар, балалар сендердің қандай ақылды,тапқыр бала екендеріңді көру үшін қонақтарымыз келіп отыр.Балалар ендеше біз ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекетімізді бастайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем

-Көктем мезгілінің қандай айлары бар?

-Наурыз,сәуір,мамыр

-Қазір қандай айы?

-Сәуір

-Жарайсыңдар балалар,көктемде табиғатта қандай құбылыстар болады?

-Құстар ұшып келеді,ағаштар бүршік жарады,ауа райы жылынады.Айналамыз гүлденіп құлпырады.

-Балалар бізге тағы да бір қонақ келе жатырған сияқты.Ендеше балалар кім келе жатырғанын білу үшін қонағымызды қарсы алайық.


Ортаға ғажайып математика елінің ханшайымы келеді.

Ханшайым:-Сәлеметсіңдерме қонақтар!

-Сәлеметсіңдер ме балалар !

-Мен ғажайып математика елінің ханшайымымын!

- Мен сендердің қандай ақылды балалар екендеріңді тексеріп көргім келеді.Менің сендерге дайындаған қызықты ойындарым мен тапсырмаларым бар.Егер жақсы орындап шықсаңдар сыйлығымда бар.

Тәрбиеші:Балалар ендеше ғажайып математика елі ханшайымының тапсырмаларын орындап көрейік

Ханшайым:Менің бірінші тапсырмам пішіндер туралы болмақ.

Балалар алдымен қандай пішіндерді білесіңдер қане атаңдаршы?

-Шаршы,дөңгелек,үшбұрыш.

Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балалар ендеше ханшайымға пішіндер туралы тақпақ айтып берейік.

Мен шаршымын,шаршымын.

Мен суретпін,мен терезе.

Мен шахмат тақтасы.

Мен тағы теледидармын.

Мен жастайтын жастықпын.


Үшбұрышпын,үшбұрышпын

Үш қабырғам бар үшбұрышпын

Төрт бұрыштан аз болсамда

Орны бөлек үшбұрышпын.


Дөңгелекпін,дөңгелекпін

Дөңгелек болып домаладым

Ай сияқты,күн сияқты

Шар сияқты дөңгелекпін


Ханшайым:Жарайсыңдар, балалар менің осы пішіндер туралы сендерге дайындаған ойыным бар

Екі топқа бөліне қояйық.

Ыдыстағы пішіндерді таңдай қойыңдар .

Бірінші топ :Үлгіге қарап пішіннен бейне құрастырады.Мына жерде әр түрлі бейнелер бар .

Екінші топ:Үлгіге қарап түсіне қарай пішіндерді асықтардан құрастырамыз.


Ханшайым:-Балалар менің келесі тапсырмам өлшемдер туралы .Қандай өлшемдерді білесіңдер балалар?


Балалар:Ұзын-қысқа,биік-аласа,

Тәрбиеші:Балалар ендеше ханшайымның дайындап әкелген тапсырмасын орындап көрейік.Балалар мына жерде текшелер жатыр.Қәзір сіздер өлшемдері бойынша қандай заттардың суреті бар соны тауып көрейік.

1.Ұзын-қысқа

2.Биік аласа


Ханшайым:Жарайсыңдар, балалар қандай ақылды балаларсыңдар!

Менің келесі тапсырмам уақытты бағдарлау туралы.

Алдымен тәулік бөліктерін атаңдаршы? Таңертең,күндіз,кеш,түн

Мен сендерге осы тәулік бөліктеріне жұмбақтар қойғым келіп тұр.

Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз.

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде болады?

(таңертең)


Сабақ оқып,ойын ойнап

Серуендеп қайтамын.

Тамағымды ішіп,

Түсте ұйқыға жатамын.

Бұл қай кезде болады?

(Күндіз)


Күн батады қызарып,

Қайтуға біз асығып,

Анамызды күтеміз.

Бұл қай кезде болады?

(Кеш)


Үйлерде шам жанады

Дем алады барша жұрт.

Бұл қай кезде болады?

(Түн)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар енді текшелерде тәулік бөліктері бейнеленген.Осы тәулік бөліктерін ретімен қоямыз.


Балалар енді келесі тапсырманы орындамас бұрын ортаға шығып бір сергіп алайық.

Бойды сергек тік ұста

Емін еркін тыныста,

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қарада

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қол босқа тұрмасын

Шеңбер жасап тынбасын.


Ханшайым:Балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлауға арналады.

Кеңістікті бағдарлауға қандай ұғымдар жатады.

Балалар:Жоғарыда-төменде,үстінде-астында, алдында-артында,оңжақта-сол жақта

Ойынымыздың аты:Көктемгі табиғат деп аталады.Жердегі фетр матаға Көктемгі табиғатты құрастыруымыз қажет.

(5 бала орындайды. 1 ші топ )

Жоғарғы сол жақ бетінде күн орналасқан.Оң жақ жоғарғы бетінде бұлттар орналасқан.Сол жақ төменгі бөлігінде гүлдер жайқалып тұр .Оң жақ төменгі бөлігінде ағаш өсіп тұр.Ортасында көбелектер ұшып жүр.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар келесі «заттарды орналастыр» деген ойынымыз бар екен. Себеттегі ойыншықтарды орналастыруларың қажет.Мысалы:Үстелдің үстінде –кітап,астында-доп,оң жақта-машина,сол жақта-шаршы ,алдында-сылдырмақ,артқы жағында-себет.


Ханшайым: Балалар менің сендерге келесі тапсырмам санға байланысты.Яғни көп бір ұғымдары туралы.


Тапсырма:Ортаға шығып шеңберді айналып,әуенмен билейміз.Әуен тоқтағанда мен бір зат дегенде ,бір зат бейнеленген суретті көрсетесіздер.Көп зат дегенде ,көп зат бейнеленген суретті көрсетесіздер.



Ханшайым:Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар!Тапсырманың барлығын мүдірмей жақсы орындап шықтыңдар.Уәде еткендей мен сендерге сыйлығымды табыстаймын.

-Балалар менің енді басқа балаларға баруым қажет.


Сау болыңдар!


Тәрбиеші:Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Ғажайып математика елінің ханшайымы.

Балалар қандай тапсырмалар орындадыңдар?

-Пішіндерді құрастырдық,көктемгі табиғатты құрастырдық,жұмбақтар шештік,сергіту жаттығуын жасадық.


Жарайсыңдар,біздің сабағымыз ашық оқу іс әрекетіміз аяқталды,қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық

Сау болыңыздар!











28 Мамыр 2025
62
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі