жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғажайып математика еліне саяхат ҰОҚ
Тақырыбы: « Ғажайып математика еліне саяхат»
Мақсаты:Ертегі арқылы балалардың ой-өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту.
Тақпақ,жұмбақ арқылы тілдерін жетілдіру.3 санын бекіту.
Көлемі( қарама қарсы заттардың өлшемі мен шамасы) бойынша
салыстыруға үйрету.Кез-келген уақытта көмектесе білуге үйрету,
балалардың бойында, әдептілік, достық сезімдерін тәрбиелеу,
сөздік қорын молайту
Билингвизм: Достық , әдепсіз, әдептілік
Шаттық шеңбері
-Балалар,қандай ертегілер білесіңіздер?
Тосын сәт:Қонаққа Маша келеді.
Маша: Салеметсіздер ме ,балалар. Мен «Үш аю » ертегісінен келдім , абайсыздан қонжықтын орындығын сындырып алдым.Енді қонжықтың көңіл-күйін көтеру үшін сізден көмек сұрағалы келдім.
-Көмек беру үшін алдымен «Үш аю » ертегісін есімізге түсірейік.
Орманда Маша деген қыз адасып кетіп ,бір үйді көреді.Есігін қағып,ешкім жауап бермегесін ішке кіреді. Ас бөлмедегі,үстел үстіндегі үш ыдыстан тамақ ішіп көріп ,ең кіші табақтағы асты түгел ішіп алады.
Дид.ойын. «Нешеу»
Мақсаты: Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, 3-ке дейін санды бекіту.
Енді демалатын бөлмеге кіріп өзіне орындық таңдайдыҮлкен орындыққа шығып,одан құлап түседі.Ортаншысы ыңғайсыз көрінеді.Көңілінен шыққан тек үшінші қонжықтын орындығы болады. Отыра,отыра іші пысады
Дид.оиын. «Көлем»
Мақсаты: Екі заттың көлемін жанына қойып салыстыру.
Содан соң ол орындықты ары-бері шайқап ойнайды. Ақырында кішкентай орындықты сындырып,өзі жерге құлап түседі. Қыз орнынан тұрып ,келесі жатын бөлмеге кіреді. Үш төсекті көреді. Бірінші төсек тым биік көрінеді Екіншісі тым ыңғайсыз көрінеді.
Ұнаған төсек –қонжықтын төсегі.Қонжықтын төсегіне жатып ,тәтті ұйқыға батады.
Дид.ойын. «Биік ,аласа»
Мақсаты: Салыстыру іскерліктерін қалыптастыру
Орманнан оралған үш аю шашылған үйді көріп ақырады
Дид.ойын. «Жуан ,жіңішке»
Мақсаты:Кейіпкерлердің даусын салу.
Жатын бөлмеге кіріп ,маужырап ұйықтап жатқан кішкентай Машаны көріп :
-Қара мұны!
-Ұстаңдар! Ұстаңдар-деп айқайға басады.
У-шудан оянып кеткен қыз үш аюды көріп ашық тұрған терезетен қаша жөнеледі.
Сергіту сәті
-Балалар, сиқырлы құрастырғыш қорапты Машаға сыйлайық. Сыйламас бұрын ,шартымен таныстырып құрастырып көрсетейік.
Маша :.Көмектеріңізге көп-көп рахмет балалар.
Қорытынды
Қонаққа кім келді?
Қандай ертегі кейіпкерлерімен таныстық?
Қонжыққа не сыйладық?
Ертегі туралы өз ойларын айтуға мүмкүндік туғызады.
Іздену ұйымдас- тырушы
|
|
3- ке дейін санайды
Қызыға ойнайды.
Қызыға ойнайды
Кейіпкерлердің дауысын салады
Қимыл-қозғалыс жасап, бойларын сергітеді.
Қалай құрастыруғу керек екенін Машаға көрсетеді
|
Рефлекті коррекциялау шы
|
|
Ертегіні естеріне түсіріп ,сұрақтарға еркін жауап береді. Өз ойларын ортаға салады. |
|
Орманнан оралған үш аю шашылған үйді көріп ақырады Дид.ойын. «Жуан ,жіңішке»
Жатын бөлмеге кіріп ,маужырап ұйықтап жатқан кішкентай Машаны көріп ; -Қара мұны! -Ұстаңдар!
Ұстаңдар-деп айқайға басады.
У-шудан оянып кеткен қыз үш аюды көріп ашық тұрған терезетен қаша жөнеледі.
Сергіту сәтін ұйымдастырады Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық
|
Кейіпкерлердің дауыстарын салады
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 3 -ке дейін санап, қарама-қарсы заттарды салыстыра біілуі керек;
- Ертегі кейіпкерлерін айырып білуі керек;
- Сұраққа толық жауап беруге;
Болуы керек: - Білуге, тануға деген қызығушылығы;
- Көмектесуге деген ынтасы;
Қолынан келуі: - .
- Берілген тапсырманы ойланып орындау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген