Тақырыбы: Ғажайып
математика
Мақсаты: Оқушылардың математикалық
мәдениетін, шығармашылық қабілетін , есеп шығарудың тиімді
тәсілдерін таба білу, есептеу дағдыларын қалыптастыру, математика
пәнінің өмірдегі маңызын, оқушының өзіне-өзі сенімділігін, ұжымдық
қарым-қатынасқа, жолдастыққа, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Ойын арқылы сыныпта алған білімдерін тереңдете түсу, есте сақтау
қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту
Құрметті ұстаздар мен оқушылар
3-4 сынып оқушыларының «Ғажайып
математика» интеллектуалды сайысына қош
келдіңіздер!
Білім мен тәнті етеді
тектілер,
Мұратына білім қалды
жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен
алынар,
Білімменен аспанға жол
салынар. – дей келе «Ғажайып математика» ойынын
бастайық.
Достық пен бірлікті етіп
тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай
сында.
Қара қылды қақ жарып әділ
қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына
– деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.
Сонымен бүгінгі сайысымыздың
әділ қазылар мүшелерімен таныс болдыңыздар. «Ақыл – арымас, алтын -
шірімес» дегендей бүгінгі ойында сендерге тек қана сәттілік
тілеймін.
Сонымен сайысымызды
бастайық.
І кезең
«Таныстыру»
ІІ кезең «Білгенге
маржан»
Бұл кезеңнің шарты асық таңдап
алу (1 минут ішінде лезде жауап беру
керек)
-
Көбейтудің компоненттерін
ата
-
48-дің 6-ға
бөліндісі(8)
-
Ең кіші екі таңбалы
сан(10)
-
Ұзындық өлшем бірліктерін
ата(мм.см,дм,км)
-
Көлемді қалай
табамыз?(ұзындығын, енін, биіктігін
көбейтеміз)
-
Жылдамдықты қалай
табамыз?(қашықтықты уақытқа бөлеміз)
-
Уақытты қалай
табамыз?(қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз)
-
Ең үлкен үш таңбалы
сан(999)
-
Бөлудің компонентін
ата
-
Масса өлшем бірліктерін
ата(гр, кг, ц,т)
-
Ең үлкен екі таңбалы
сан(99)
-
Ауылда 3 күн, 3 түн боран
соқты. Неше тәулік боран болды?(3тәулік)
-
Таразы табақшасына 2 аяғымен
тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы
қандай болады?(2кг)
-
5 пен 7-нің көбейтіндісі
нешеге тең?(35)
ІІІ тур «Логикалық
есеп»
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек топ озар,
Сұрақтары қиын болсын.
1-топқа сұрақтар
- Кесіндіні 4-ке бөлу үшін неше рет
кесемін?(3)
-
3
–ті 4 рет қоссаң қанша болады?
- Шаршының сол жағында үшбұрыш, оң жағында
дөңгелек. Шаршы қай жерде
орналасқан?(ортада)
- Бір жанұяның 5 ұл баласы және әрқайсысының
біреуден қарындасы бар. Жанұяда неше
бала?(6)
-
Анасы қалтадағы 3 алманы 3 баласына бөліп берді. Сонда қалтада 1
алма тұрды. Ол қалай?(1 алманы қалтасымен
берді)
2-топқа сұрақтар
-
Ұзындығы 20 см жіпті қақ ортасынан бөлсек әр
бөлігі қанша болады?(10см)
- 15-тен 2 рет 3-ті азайтсақ қанша
шығады?(9)
- Қандай санның жазылуында қанша әріп болса,
сонша цифр бар?(он)
-
Асан мектепке қарай бара жатты. Алдынан әкесі,
анасы, қарындасы кездесті. Неше адам мектепке бара
жатыр?(1)
-
Мен екі сан ойладым. Ол сандарды бір біріне
қосқанда 6 шықты. Ол сандарды бір-бірінен азайтып едім тағы да 6
шықты. Ол қандай сандар?(6,0)
Сергіту сәті «Суретке қарап мақал-мәтелді
тап»
(бейнеролик)
ІV
тур «Конструктор»
Мықты болсаң – алдағыны басып
оз,
Мықты болсаң – арттағыны
жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк
мұзда!
Мықты болсаң – мыналарды құрып
көр!
Берілген геометриялық фигуралардан өз қиялдарына
байланысты бір нәрсе құру.
V
тур «Ұшқыр
ой»
1-ден 9-ға дейінгі сандарды
жазыңдар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай +
амалын қойып шығыңдар. Орны ауыпаған қалыпта екі таңбалы сан
қолдануға болады.
1 2 3 4 5 6 7 8
9=12+3+4+56+7+8+9=99 немесе
1+2+3+4+5+67+8+9
VІ
тур «Кім
жылдам?» Жаңылмастан айтып көр!
Математикалық жаңылтпаш
Кім
сызғышсыз?
Біз
сызғышсызбыз!
Сызғышсыздарға,
Сызғышсыз
сызғыз
Айқыш бұрыш, айқыш
бұрыш
Тең-тең бұрыш, тұтас
бұрыш
Тұстас бұрыш,тұстас
бұрыш
Сәйкес бұрыш, құрған
бұрыш
Қорытынды.
Сонау- сонау алысқа, жүзсін
десең кемелер
Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын
десең денелер,
Жасау үшін бәрің
де
Математика
–
Ең маңызды ғылым
бұл
Сондықтан да, сондықтан да сол
ғылымның тілін біл
Сөз кезегін әділ қазыларға
береміз.