Ғажайып музыка әлемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғажайып музыка әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
дыбысты есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, музыкалық көңіл- күй сезімін ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ғажайып музыка әлемі

Мақсаты:  дыбысты  есту,  есте  сақтау   қабілеттерін   арттыру,  музыкалық  көңіл- күй  сезімін  ояту.

Керекті   құралдар: музыкалық    аспаптар,  сандықша,   үнтаспа,  кеселер.

Сабақтың  барысы:  Музыкамен  балалар   топқа  кіреді. Мұғалім  алдарында  музыка  патшайымы  болып  киініп  күтіп  алады.

Әнмен  амандасу: Сәлемет пе  балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе  апай!

Мұғалім: Балалар,  бүгінгі  сабағымыз  ғажайып  музыка  әлемінде   өтпекші. Қазір  барлығымыз  көзімізді  жұмып  отырсақ,  менің  сиқырлы  таяқшам  бәріңді    музыка  әлеміне   апарады. 

Музыкамен  балаларды  сиқырлы  таяқшамен  ояту.

Мұғалім: Ал,  балалар,  ғажайып  музыка  әлеміне  қош  келдіңіздер  мен  қуаныштымын.  Сендерге   бұл  жер  ұнады  ма?

Олай  болса,   қуанышымызды  шаттық  шеңберіне   тұрып  білдірейік.

Қуанамын  мен де,

Қуанасың  сенде

Қонақтамыз  біз  бүгін  

Музыка  әлемінде!

Қырт-қырт  басқан  қардың   дауысы  естіледі.

Мұғалім:  бұл  ненің    дауысы  балалар?

Балалар:  қардың  дауысы  ғой

Көңілді  музыкамен    ентігіп    қорқа  жүгіріп  қоян  келеді.

Мұғалім:  балалар  бізге  кім  келді?  Сәлеметсің  бе  қоянжан,  ентігіп  қалыпсың  ғой,  не  болды?

Қоян:  Мына  жақтан  музыканың  дауысы  естілген  соң  асықпай  келе  жатқан  ем,  бірақ,  жаңағы  жағымсыз  бір  дауыстан  қорқып  кетіп  қашамын  деп  ентігіп  қалдым,  мен  қайдамын?.

М:  Біз  бүгін  музыка  әлемінің  қонағымыз.    Музыка  әлемінің   бізге  дайындаған  тосын  сыйларына  көз  жеткізбекпіз.  Ал  жаңағы  жағымсыз  дыбыс  қар  адамының  жүрген  ізі  сияқты,  ол да    музыка  тыңдап  жүрген  болар.  Келе  ғой  сен  бізбен   бірге  бол.  Балалар  қоян  шаршап  қалыпты,  ол  ентігін  басқанша  біз  оған  «Сұр  көжек»  әнін  айтып  берейікші. Өткен  сабақта  үйретілген  «Сұр  көжек »  әнін  орындату.

М:  Жарайсыңдар  балалар.

Музыка   адамның   рухани  байлығы.  Әртүрлі  әуен  тыңдау  арқылы  адамның   көңіл- күйін  де  өзгертуге  болады.  Кез-келген   жағдайды  музыкамен  жеткізуге   болады.  Ал,  музыкалық  әуен   барлық  жерде де  кездеседі.  Мысалы:  судың  аққан  сыбдыры,  желдің  соққан  гуілінен,  жаңбырдың  жауған  сыртылынан,  тіпті  кез-келген  затты   таяқшамен  соғу  арқылы  дыбыстан  ырғақ,  әуен  шығаруға  болады  екен.

Қ:Нота  патшайымы  ал  мына   жерде  тұрған  заттар  маған  таныс  , бірақ  не  екенін  есіме  түсіре  алмай  тұрмын.

М:  ол  біздің  күнделікті   пайдаланып  жүрген  кесеміз.

Қ: сонда  кеселер  музыка  әлемінде  неге  жүр?  Оның  сыры  неде?

М:  міне  жаңа  ғана  айтқанымдай  оларды  соғу  арқылы  әуен  шығаруға  болады. Балалар  мұқият  тыңдаңдаршы,  бұл  қай  әннің  әуені?

Таяқшамен  әртүрлі  көлемдегі  кеселерді  соғу  арқылы   «Ақ күшік»  әнінің  әуенін  шығару.  Балалар  табу  керек. Және сол  әнді  орындату.

М: Қоянжан  саған  ұнап  жатыр  ма?

Қ:  әрине,  мен  қатты  қуаныштымын.

М:   ендеше  балалар, мына  жердегі  бірнеше  аспаптарды  алып  әрқайсысымыз   дыбыс , әуен  шығарып  көрелік.

Балаларға  арналған  кішкентай  аспаптарды  таратып,   «Ақ  мамам»  әнінің  қайырмасын  салу.  Ля,ля ля , ля, ля  ля, ля, ля ля,ля 

М: балалар  сендерге  ұнады  ма?  Олай  болса    бүгінгі  сабағымызды  «Егер  саған  ұнаса...»   әнін  үйренеміз.  Мені  қайталаңдар.

Егер  саған  ұнаса,  былай  жаса  ( 3 рет саусақты  сыртылдату)

Егер  саған  ұнаса,  былай  жаса  (3  рет  шарпалақтау)

Егер  саған  ұнаса,  көрсет  оны  басқаға  (бір-біріне  қарау)

Егер  саған  ұнаса,  қайтала  (саусақ,  шапалақ)

 

Қ:Манадан  бері  мына  сандықшаға  қарап  тұрмын,  мұныңда  бір  тосын  сыйы  бар  шығар.

М: Мүмкін,  қане  көрейік.  Бірақ, мына  сыртындағы  жұмбақты  шешпесек  ашылмайды.

Екі  ішекті,  ұзын  мойын

Пернесін  бассаң  күй   шығар.

Бар  қазақтың    атқарған  тойын

Бұл  не  екен  балалар?

(домбыра)

М:жарайсыңдар  балалар.  (музыкамен  сиқырлы  сандықша  ашылады).

Құрастыру  ойыны:  сандық  ішіндегі  қиынды  қағаздарды  құрастырып,   домбыраның  суретін  шығару.

М:  бұл  не? (домбыра. Қазақтың  ұлттық  аспабы)

Жарайсыңдар  балалар,  бүгінгі  сабақта  өздеріңді  өте  жақсы  көрсете  алдыңдар,  музыка  әлемінің  керемет   қонағы  болдыңдар. Қоян  саған  бүгінгі  сабағымыз   ұнады ма?

Қ: әрине,  бәрінен де  мен  бүгінгі  күнімді  сендермен  өткізгеніме    өте   қуаныштымын. Менің  қорқып,  қашып  жүріп  сендерге  келгенімнің   өзі  ғажайып  болды.  Мен  неше  түрлі  ән  тыңдадым,  ойын  ойнадым,  жұмбақ  шештім,  көптеген  жаңалықтар  көрдім.

  «Егер  саған  ұнаса»  әнін  қайталату.

Қ:  Балалар,  сендер  өте  өнерлісіңдер.  Осы  қуанышымды  жеткізу  үшін    мен  сендерге  сыйлық  бергім  келеді. 

М: қандай  керемет  балалар,  тіпті  қоянда   бізге  тосын  сый  жасады.

  Әуенмен  рахмет  айту.

М: жарайсыңдар   балалар ,  бүгінгі  сабағымыз  аяқталды.  Келесі кездескенше  сау  болыңдар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.08.2023
786
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі