Тақырыбы: «Ғажайып орманға саяхат»
Мақсаты: В. Воскобовичтің дамытушылық ойындары арқылы балалардың коммуникативтік-танымдық дағдыларын, қарапайым математикалық және логикалық ойлау, зияткерлік қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекіліктер мен құралдар: В.Воскобовичтің дамытушы ойындары.
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта: «Күлгін түсті орман» , «Кілемграф», ормандағы ертегі кейіпкерлері: «Гео балақай», «Күлте қыз», «Капитан қаз бен теңізші» «Қарқылдауық қарға», «Ызылдауық ара»,
Инновациялық үрдіс: Воскобовичтің дамытушылық ойындары: «Геоконт», «Екі түсті шаршы», «Төрт түсті шаршы» конструкторлары, «Сиқырлы шам», «Дамытушы баулар», «Ларчик кілемшесі» ойындар жинағы, қызықты сандар, математикалық белгілер, геометриялық пішіндер, түрлі-түсті баулар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ынталандыру кезеңі:
Т
әрбиеші балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, жақсы көңіл-күйде
бір-біріне тілек айтуға шақырады. Балалар төмендегі өлең жолдарын
бірге қайталайды.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып
Қоршаған орта әлемі,
Не деген көркем, әдемі
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық
Орман, көлге, шыңдарға
Саяхатқа шығайық.
Ұйымдастыру-ізденіс кезеңі
Шаттық шеңберінен кейін педагог таңертеңгісін топқа келгенде үстел үстінде хат жатқанын айтып, оқып береді: «Қымбатты балалар! Біздің орманда қатты дауыл болып тұрғындар адасып кетті. Сендерден көмек сұраймын. Гео»
Педагог балалалардан Гео балақайға (В.Воскобовичтің «Күлгін орман» дамытушы ортасының тұрғыны) көмектесу туралы ойларын сұрайды. Балалар қуана келіседі. Төмендегі сұрақтар арқылы орманға қандай көлікпен баруға болатыны туралы балалардың ойларын біледі.
-
Саяхатқа немен шығамыз?
-
Орманға қандай көлікпен баруға болады?
Балалардың 1-тобы орманға ұшақпен, 2-тобы кемемен баруға шешім қабылдайды. Тәрбиеші 1 топқа В.Воскобовичтің «Екі түсті шаршы» конструктор ойыны арқылы үлгіге қарап ұшақ жасау жолдарын көрсетеді.
Ойын:«Екі түсті шаршы»
Ойынның мақсаты: Шаршы, жазықтық және көлемдік пішіндерді құрастыруды үйрету. Логикалық ойлауды, зейінді, есте сақтау, қиял, шығармашылық қабілеттерді, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Ойынның шарты: үлгіге қарап ұшақ жасамас бұрын
кәне, сиқыршы болып көрейікші:шаршыны алып, оны ортасынан бүктейміз, екі шаршыға бөліп бүктейміз.
-Қандай пішіндер пайда болды? Олар нешеу?
Жаттығып алдық,енді ұшақты үлгіге қарап құрастыруларын ұсынады.
Екінші топтың балаларына В. Воскобовичтің «Бүркін-бүркін» кемесімен саяхатқа шығу үшін кеменің желкендерін көтеруге бұйрық береді, жұмыс істеу жолдарын түсіндіреді.

Ойын: «Бүркін-бүркін кемесі»
Ойынның мақсаты: түспен көлемді ажырату, кеңістікті бағдарлау, логикалық және шығармашылық қабілетін дамыту.
Ойынның шарты: желкендерді түстеріне қарай топтастырады, биік-аласаны, көп-азды ажыратады, тура, кері санайды, өз қалаулары бойынша желкендерді оңға,солға бұрып ойнайды. Педагогтің жетекші сұрақтарына жауап бері, түс пен сан ұғымдарын бекітеді.
-
Балалар, қызыл түсті желкен нешеу.
-
Сары түсті желкен қанша?
-
Жасыл түсті желкен қанша?
-
Көк түсті желкен қанша?
-
Балалар қараңдаршы қызыл түсті желкеннен көк түсті желкенге дейін желкендер қалай орналасқан?
-
Ал, көк түсті желкеннен қызыл желкенге дейін желкендер қалай ораналасқан.
-
Жарайсыңдар, балалар олай болса кеме туралы тақпағымызды айтып барайық.
Біз келеміз кемеде,
Су бетінде тербеліп,
Соқса егер салқын жел,
Дем аламыз тыныстап.
Педагог топтың бір бұрышына қарай орналасқан «Күлгін орман» дамытушы ортасына балаларды ертіп әкеліп: «Міне, балалар, Күлгін орманға да келіп қалдық! Қараңдаршы бізді Гео балақай күтіп тұр екен», - деп балақайдың бейнесін көрсетеді. Ол Геоның атынан дауылда адасып кеткен орман тұрғындарын табу үшін бірнеше тапсырманы орындау керектігін айтып, көмекке шақырады.
1-тапсырма. Тәрбиеші балаларға бұл тапсырманы орындаса орманға кіруге рұқсат екенін жеткізеді.
Балалар «Ларчик кілемшесі» ойындар жиынтығымен жұмыс істейді.
Ойынның шарты:
а) 1-ден 7-ге дейін тура және кері санау.
б) амалдарды орындау: 2+3=5; 3-1=2
в) салыстыру: 7 *5; 3 *4; 5*5
г) 1-ден 10-ға дейін сандарды өсу, кему ретімен орналастыру.
Балалар өзара келісіп, тапсырманы кезекпен орындайды, ал қалған балалар дұрыс немесе бұрыс орындалғанын тексереді.

Педагог орманның іші қараңғы екенін, күннің көзі жарық беретіндігін айтып, шуағы мол күнді тауып алу үшін сиқырлы шамдарды жағуға ұсыныс білдіреді.
«Сиқырлы шамдар» ойыны
Ойынның мақсаты: бөліктерден бүтін зат құрауға үйрету.
Ойынның шарты: түрлі-түсті пішіндерден үлгі бойынша шамдарды құрастыру.
“Күлгін орман” заттық-кеңістіктік дамытушылық ортамен жұмыс.
Педагог орманға Күннің бейнесін орналастырады.

Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырып, ормандағы алаңқайды
аралатады. Балалар кездескен жануарлар мен өсімдіктерді атайды. Соңынан “Дамытушы баулар” ойынын ойнатып, «Түймедақ», «Саңырауқұлақ», «Қызанақ», «Аққала», «Балапан», «Раушан» сөздеріндегі әріптерден бауларды өткізу арқылы кестеге қарап құрау тапсырмасын орындатты.
«Дамытушы баулар» ойыны
Мақсаты: балалардың сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: берілген үлгіге қарап әріптерден сөз
құрастыру. 
Балаларды мадақтап, Гео балақайдың үйін құрастыру тапсырмасын береді. Балалар «Геоконт» конструкторымен Геоға үй құрастырады. Қиналатын балаларға сызба-тіректер беріледі.
Ойынның мақсаты: планшет арқылы балаларды құрастыруға, үлгі бойынша схема жасауға, координат жүйесінде нақтылауға үйрету, “оң және сол”, “жоғары және төмен” ұғымдарын меңгерту.
Ойынның шарты: үлгі бойынша Гео балақайға үй құрастырып беру.
Барысы: Қызыл түсті резинканы алып, сол жақ төмендегі 2 санына іліп, жоғары көтеріліп, 3 санына бекітеміз. Оңға карай алып, сол жақ төмендегі 2 санына іліп, жоғары көтеріліп, 3 санына бекітеміз. Оңға қарай жүріп отырып, оң жақ 4 санына әкеліп бекітеміз. Резинамен жылжи отырып, төмендегі 4 санына орналастырамыз. Үйдің қай бөлігі дайын болды? Үйдің қабырғалары қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
Енді сол жақ жоғарыдағы 2 санына жасыл түсті резинканы бекітеміз, жоғарыдағы 1 санына іліп алып, оң жақ төмендегі 3 санына резинканы ілеміз.
-
Бұл үйдің қай бөлігі?
-
Үйдің шатыры қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
-
Үйдің қабырғасын қандай түсті резинкамен жасадық?
-
Ал шатырын қандай түсті резинкамен жасадық?
Балалар педагогтың жетекші сұрақтары арқылы Гео балақайдың өздері құрастырып берген үй үшін қуанышты екенін қорытады. Педагог Геоның үйі орман ішінде екенін дамытушылық ортаны көрсете отырып, балалардың естеріне салады. Геоның үйінің айналасында орман тұрғындары болатындығын ескертеді. Балалар оларды көре алмай тұрғандары туралы қорытындыға келіп, педагогтен орман тұрғындарын табу туралы жаңа тапсырма алады.

«Орман тұрғындарының орнын тап» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: қарапайым табиғат құбылыстарын, заттың кеністіктегі орнын сипаттау қабілетін дамыту. Танымдық қабілеттерін арттыру және қиялдары мен сөздік қорларын молайту
Ойынның шарты: «Күлгін орманға» үстел үстіндегі орман кейіпкерлерінің бейнелерін Қарқылдауық қарға, Ызылдауық ара, т.б. жануарларды орманға орналастыру, оларды сипаттап әңгімелеу.
Балалар өз қалаулары бойынша екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың балалары жануарлардың, ал екінші топтың балалары жәндіктердің бейнелерін «Күлгін орманға» орналастырады. Педагог жұмыс барысында сұрақтар қойып жеке жұмыс жасайды.
-
Балалар орманда жануарлардан басқа нелер бар?
-
Ненің дыбысы екенін табыңдар.
-
Ара үлкен бе, қарға ма?
-
Күлгін ағаштар шынайы өмірде бола ма?
-
Жасыл ағаш биік пе, күлгін ағаш па? т.б
Балалар тапсырманы орындап болған соң, педагог олардың орналастырған жәндіктерінің дыбысын қайталауды тапсырады.
Артикуляциялық жаттығулар
-
Ж - ж - ж – ж. Бұл ненің дыбысы?
-
Қане бәріміз қайталайық.
-
З - з - з - з! Бұл ненің дыбысы?
-
Қане бірге қайталайық.
-
Ара қалай дыбыстайды?
-
Шегіртке қалай дыбыстайды?
-
Шр - шр - шр - шр.
Педагог балалар назарын орман тұрғындарына аударып, тағы нелердің жетіспейтіндігін пысықтайды.
-
Балалар, орман тұрғындарының бәрін Гео балақайға тауып бердік.
-
Қараңдаршы,енді орманға не жетіспейді?
-
Өсімдіктер.
-
Бірінші топтың балалары күлгін ағаштарды оң жаққа, шыршаларды сол жаққа , аласа ағаштарды орманның ортасына орналастырсын.
-
Ал екінші топтың балалары орманда өсетін гүлдерді құрастырып берсін.
«Сиқырлы гүлдер»
Ойынның мақсаты: түстерді ажырату, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: түрлі түсті күлтелерден үлгіге қарап гүлдер құрастырып беру.

Педагог балаларды мадақтайды.
-
Жарайсыңдар балалар, міне орманымыз жайқалып кетті! Орман тұрғындарының бәрі өз орнында. Гео балақай сендерге риза болып тұр. Енді топқа оралатын уақыт келіп қалды, - деп оқу іс-әрекетін қорытады.
Балалар педагогтың жетекші сұрақтарына жауап беріп, үстел үстіндегі күлегештер көмегімен өз іс-әрекеттерін бағалайды.
-
-Балалар, бүгін біз қайда бардық?
-
Күлгін орманға не үшін бардық?
-
Сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?
-
Қандай ойындар сендерге ұнады?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғажайып орманға саяхат

шағым қалдыра аласыз