жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғажайып пішіндер
Білім саласы: Әлеумет. Коммуникация . Таным
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту,Құрастыру.
Тақырыбы: « Ғажайып пішіндер »
Мақсаты : Геометриялық пішіндермен танысу, пішіндерді бір- бірінен ажырату.Өздігінен жұмыс жасау ,ойлау қабілетін ,байқампаздығын ,қиялын дамыту.Балаларды тапқырлыққа, ізденпаздыққа тәрбиелеу . 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
Көрнекілітері: интерактивті тақта ,суреттер , пішіндер , слайд.
Әдіс- тәсілдері : Ойын ,сұрақ – жауап
Оқу қызмет түрлері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық ізденістік
Рефлексиялық түзетушілік
|
Шаттық шеңбері Білер қазақ баласы , Сәлем сөздің анасы . Көп танысты көреміз, Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз .
Жылулық шеңбер : Қане балалар бір – біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы .
Бүгін бізде ұйымдастырылған оқу қызметінде ғажайып пішіндермен танысамыз.
Ғажайып сәт : Губкабобка паровозбен кіреді .
Тапсырма №1 Пішіндерді түстеріне сәйкес келетін шарға апарып орналастыру керек . Тапсырма №2 Ғажайып пішіндерді өз ұқсасымен тап Тапсырма №3 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санап орнына орналастыру
Тәрбиеші : Біздің қонаққа арнайы пішіндерге дайындаған тақпақтарымыз бар .
Құм терапиясын пайдалану арқылы балалардың тапқырлығын ,шапшаңдығын және жылдамдығын байқадық . Дидактикалық ойын: «Сығарын тап »
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде не туралы айтылды? - Ғажайып пішіндер туралы тапсырмалар сендерге ұнады ма? - Сендер қандай пішіндер мен сандарды тани аласыңдар ?
Оқу қызметін қортындылау, балалардың жұмыстарын мадақтау.
|
Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталады.
Балалар бір – бірінің қолынан ұстап жылулық таратады.
Балалар өте қуанышты
Балалар сәлемдеседі Балалар мұқият тыңдады.
Үшбұрыш , шеңбер , тіктөртбұрыш ,шаршы
Балалар тапсырманы орындайды .
Интерактивтік тақтамен сурет салу
Балалар тапсырманы орындайды .
Ерасыл : Пішіндердің ішінде .Көрініп тұр әрдайым .Кеңістікте өмірде .Кездесетін әр үйде ,Туысы оның тіктөртбұрыш .Шаршы деп аталады.
Сундус : Әр пішіннің өзінің . Бар екен бір атауы .Үш нүктені қосқанда .Болып шықты үшбұрыш .
Дия : Қараңдаршы балалар .Мынау тұрған дөңгелек .Күнделікті өмірде .Ұқсатайық біз оны .Аймен ,күнге,жергеде.
Балалар қуанып қалады .
Балалар құмға өзіне ұнайтын пішіндер мен сандарды салып тапсырманы орындады
Ойын ойнады
Балалаар ұйымдастырылған оқу қызметінде барлық тапсырмаларға толығымен жауап беріп отырды.
Жақсы тілектермен қоштасу.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Пішіндер жайлы ұғымдарды түсіндіру;
Игереді:сандарды тура және кері санау , логикалық есептер , жұмбақтар шешуді ;
Меңгереді: топпен жұмыс істеуге, өз ойларын жеткізу, бір – біріне жақсы сөздерді айту;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген