«Ғажайып пішіндер әлемі»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ғажайып пішіндер әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ұғымындағы геометриялық пішіндер туралы түсінік- терін тиянақтау; дөңгелек, шаршы және үшбұрыш пішіндерінің қасиеттерін пысықтау; «көп», «біреу», «оң жақ», «сол жақ», «бір – бірден» сияқты түсініктерін тиянақтау.Балаларды геометриялық пішіндердің қасиеттерін түстеріне қарамай ажыратуға жаттықтыру; еске сақтау, сол жақ пен оң жақты бағдарлау қабілетін жетілдіру, заттардың санын «бір» және «көп» түсініктері арқылы ажырату мүмкіндіктерін жетілдіру; қолдың ұсақ моторикасын , елестету, ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, тазалыққа, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таңғы жиын

5 «Күншуақ» ортаңғы тобы


Тәрбиеші: - Сәлеметсіңдерме, балалар!

Балалар: - Сәлеметсізбе?

Тәрбиеші: - Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Балалар: - Біз де қуаныштымыз!

Тәрбиеші: Олай болса, атқан таңмен, бір – бірімізбен амандасайық. Қанеки, ортаға шығып, шаттық шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Біз бақытты баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен әуелі,

Амандасып аламыз!(амандасады)

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Тәрбиеші: Балалар, қонақтармен амандасып алдық. Енді біраз, жыл мезгілі туралы әңгімелесейік.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі.

  • Күз мезгілінде неше ай бар?

  • Үш ай бар(қыркүйек, қазан, қараша)

  • Күзде ауа райында қандай құбылыстар болады?

  • Жаңбырлы болады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, жылы киімдерімізді киеміз, көкөністер мен жемістерді жинаймыз.

Күз мезгілі туралы тақпақтар білесіңдерме?

  1. Алақай, алақай,

Шаттанды балақай.

Күз түсті, ән пісті,

Айтамыз алғысты.

  1. Күз келді, күз келді

Қуантып біздерді.

Жапырақ сарғайып,

Табиғат өзгерді.

  • Бүгін бізде екі орталықта жұмыс атқарамыз.Қызыл дөңгелек таққан балалар, менімен бірге манипулятивтік орталыққа барады, жасыл дөңгелек таққан балалар, Құралай апаймен сюжеттік рольді орталыққа барып дәмді пицца жасаймыз.














Ашық есік күні

«Ғажайып пішіндер әлемі»


Мақсаты: Балалардың ұғымындағы геометриялық пішіндер туралы түсінік- терін тиянақтау; дөңгелек, шаршы және үшбұрыш пішіндерінің қасиеттерін пысықтау; «көп», «біреу», «оң жақ», «сол жақ», «бір – бірден» сияқты түсініктерін тиянақтау.Балаларды геометриялық пішіндердің қасиеттерін түстеріне қарамай ажыратуға жаттықтыру; еске сақтау, сол жақ пен оң жақты бағдарлау қабілетін жетілдіру, заттардың санын «бір» және «көп» түсініктері арқылы ажырату мүмкіндіктерін жетілдіру; қолдың ұсақ моторикасын , елестету, ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, тазалыққа, тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Балаларға дамытушы жаттығуларда «Менде үшбұрыш (дөңгелек, шаршы) бар», «төрт бұрышы бар», «пішіндер бірдей», «пішіндердің түстері бірдей» сөз тіркестерін айтқызу арқылы сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, дидактикалық ойын, көркем сөз, сергіту сәті,саусақ жаттығуы рефлексия.

Керекті құрал – жабдықтар: «Не жасырылған?» дидактикалық ойыны, контейнер, майлықтар, тарелка, баяу әуен, колонка, манка, поднос.

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:

Біз бақытты баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен әуелі,

Амандасып аламыз!(амандасады)

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Ғажайып сәт

Есік қағылады.

  • Балалар, біреу келген сияқты, карап көрейін (сиқырлы қорапты алады.)

  • Балалар, бұл не? (қорап)

  • Ол жәй қорап емес, ол сиқырлы қорап .

  • Балалар қораптың ішінде не? ( геометриялық пішіндер)

  • Пішіндердің көңіл – күйлері қандай? (жақсы, көтеріңкі)

  • Бірін ғажайып пішіндер әлеміне саяхатқа бізді шақырып жатыр.

Негізгі бөлім

«Не жасырылды?» дидактикалық ойыны

  • Балалар, қараңдаршы үстелдің үстінде не тұр? Табақтың ішінде не бар екенін көрейік. Қазір балалар, сендер құтының астынан жасырылған бір зат бар, оны тауып алыңдар.

  • Не жасырылған? (үшбұрыш)

  • Қайтадан жасырамыз.Тағы не бар?

  • Не жасырылған? (төртбұрыш)

  • Қайтадан жасырамыз.

«Жемістерді түсіне қарай орналастыр» дидактикалық ойыны.

- Ал балалар, енді назарларыңызды алдарыңдағы тәрелкеге аударыңдар, тәрелкенің түсіне қарап, соған сәйкес жеміс – жидектерді салыңдар.

- Диас, сенің тәрелкенің түсі қандай? (тоқсары)

- Тәрелкеге қандай не қойдың? (апельсин, сәбіз, асқабақ)

- Олардың түстері қандай? (тоқсары)

- Жарайсың!

- Ақерке, сенің тәрелкенің түсі қандай? (қызыл)

- Тәрелкеге қандай не қойдың? (алма, қызылша, қызанақ)

- Олардың түстері қандай? (тоқсары)

- Жарайсың!

Сергіту сәті:

Добым менің домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Барлық жемістерді орналастырыңдар. Енді балалар ойынымызды әрі қарай жалғастырайық, әртүрлі пішіндерден, заттар құрастырамыз.

«Біз суретшіміз» өнер орталығында пішіндерге сыйлық жасаймыз.

  • Жұмыстын алдыңда саусақ жаттығуын жасап жіберейік.

Саусақ жаттығуы:

Саусақтарды ашайық,

Енді қайта жұмайық.

Жылдам, жылдам қозғалтып,

Жаттықтырып алайық.

  • Жарайсың!Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.

  • Түрлі – түсті пішіндерден поезд жапсырамыз.

  • Айзере сен не істеп жатырсың?

  • Мен күннің бейнесің жабыстырып жатырмын.

  • Күннің сәулелері қандай ?

  • Күннің сәулелері ұзын, қысқа.

  • Нурлан сенің вагонның түсі қандай?

  • Вагонның түсі қызыл.

  • Дөңгелектердің түстері қандай?

  • Дөңгелектер қара түсті.

Көңілді пішіндер, балалардың сендерге беретін сыйлығы да бар. Көңілді пішіндерге көңілді пойыздың суретін сыйлайық.

Нейро жаттығу

Қорытынды

  • Балалар, біз бүгін не істедік, қайда бардық?

  • «Ғажайып пішіндер» әлеміне саяхатқа бардық.

  • Онда немен таныстық?

  • Әр түрлі ойын ойнадық, жеміс – жидектерді ыдыстың түсімен сәйкестендірдік.

  • Суретті пішіндерге сыйладық.

  • Бүгінгі іс – әрекетіміз қалай өтті?

  • Тамаша, Керемет, Жақсы өтті.

  • Онда қазір көңіл – күйлерің қалай болғанын көрсетіңдер.

Рефлексия

  • Балалар, көңіл – күйімізді смайлик арқылы көрсетеміз.

  • Егер сендерге бүгінгі іс – әрекеттеріміз, ойындарымыз көңіл-күйлеріңіз көтеренкі болса, онда күліп тұрған смайликті, егер қөңілдеріңізден шықпаса, онда ренжіп тұрған смайликті көрсетеміз.

  • Жарайсыңдар!











































Сюжетті – рөлдік ойын орталығы

Тақырыбы: «Дәмді пицца жасау»

Мақсаты: Балаларды пицца жасауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: қамырды оқтаумен жаюға үйрету;

Дамытушылық: ұсақ қол бұлшықеттерін амыту;

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.

Қажетті құрал – жабдықтар: түрлі пысырмалардың суреттері, 4-5 түрлі

пысырма түрлері, ұн, дайын қамыр, майонез, кетчуп, шұжық, майлықтар,

әр балаға алжапқыш, бас орамал, оқтау, тақтайша, пышақтар.

Кіріспе әңгіме

  • Балалар, үстелдің үстінен не көріп тұрсыңдар?

  • Шұжық, кетчуп, майонез, қамыр, ірімшік, қызаңақ.

  • Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін не істейміз?

  • Дұрыс! Біз бүгін пицца жасаймыз. Пиццалар әр түрлі болады, олардың қамырларына ұн, жұмыртқа, ашытқы қосады. Ішіне әр түрлі салмалар салынып пісіріледі. Кейбіреулеріне қызанақ қосса, енді біріне түрлі шұжықтар қосады, кейбіріне саңырауқұлақ, тауық етін қосып жасайды.

  • Үйде аналарың пицца пісіреді ме?(пісіреді)

  • Дәмді ме? (біз пиццаны жақсы көреміз)

  • Қалай ойлайсыңдар үйден пісіретін пиццалар дәмдірек пе, дүкеннен сатып алғандар ма?

  • Әрине, үйде пісірілген пицца дәмдірек! Себебі, пиццаны аналарымыз үлкен мейіріммен, сүйіспеншілігімен пісіреді.

  • Біз бүгін пицца пісіретін боламыз. Ол үшін бізге дайын қамыр, шұжық, майонез, кетчуп пайдаланамыз.

  • Тамаша!

Қауіпсіздік ережесін ескерту.

  • Біз пышақпен жұмыс жасайын деп отырмыз. Сол себептен абай болуымыз керек. Оқтаумен, тақтайшамен ойнауға, бір – бірімізге сермеуге болмайды. Жұмыс жасап болған соң, орнына қоямыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2023
414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі