400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Ғажайып пішіндер” еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жерде мен ашық сабақ өткіздім. Ашық сабақ тақырыбы “Ғажайып пішіндер” әлеміне саяхат. Пішіндер жайлы көптеген тапсырмалар болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып пішіндер» еліне саяхат Сабақтың түрі: Кіріктірілген: математика,құрастыру.

Сабақтың түрі: Саяхат ойыны

Формалары: фронтальды-ұжымдық, жеке, ұжымдық.

Әдіс-тәсілдер: Ауызша, көрнекілік, өз бетінше, ойын, проблемалық-ізденіс.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, жеке карточкалар,түрлі пішіндер,көгершін, асық көңіл күй.

Мақсаты: Сандардың сандық қатары туралы білімдерін бекіту, мысалдарды, тапсырмаларды шешу, геометриялық пішіндерді қайталау. Логикалық ойлау, есте сақтау, зейін, жылдам санау дағдыларын дамыту.Зейінге, ізденімпаздыққа, тапсырмаларды орындауда ұқыптылыққа, өзін-өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Қанекей, балалар барлығымыз шеңбер болып ортаға тұрып, бір-бірімізбен амандасып алайық.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жылулық шеңбер.

Қайырлы таң алтын күн,

Қайырлы таң жер ана.

Қайырлы таң достарым,

Сендерді көргеніме қуанамын.

Балалар, бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Ғажайып пішіндер» еліне саяхат

Орындықта отырып «Ғажайып пішіндер» еліне саяхат жасаймыз.

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырамыз.

Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл ба?

-Төрт мегіл бар

Тәрбиеші: Кім атап береді?

-күз

-қыс

-көктем

-жаз

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі

Тәрбиеші: Күз айларын кім атап береді?

Балалар: қыркүйек, қазан, қараша айы.

Тәрбиеші: Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күз мезгілінде күн суытады, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Олай болса сабағымызды бастайық.

Тәрбиеші: Балалар алдымен «Қандай пішін жоқ» ойынын ойнап жіберейік. Тақтада бірнеше пішіндер ілулі тұрады, балалар көздерін жұмады. 1,2,3, дегенде көздерін ашып, қай пішіннің жоқ екенін тауып айтады. Осы кезде музыка ойнайды (құстың дыбысы немесе көгершін туралы ән)

Таңғажайып сәт: Төбеден Көгершін хатпен ұшып келеді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сөйлей алмағандықтан, хат арқылы жеткізіп отырымын.Балалар осы жер «Ғажайып пішіндер» әлемі ме? Мен ұшып жүріп бір қауырсынымды түсіріп алдым. Мүмкін осы жерде түсіріп алған шығармын, сендер маған көмектесесіңдер ме? Бірақ ол жерде сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Сендер тапсырма орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар Көгершінге көмектесеміз бе?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Олай болса балалар «Ғажайып пішіндер» әлеміне саяхатқа шығайық.

Экранда 1 пішін шығады. Ол Үшбұрыш

  1. тапсырма: Жүк көлігінің

  1. тапсырма: Көп Аз.

Берілген суреттерді не көп, не аз екенін ажыратып, тиісті бағанға ілу.


Экранда 2 пішін шығады. Ол Төртбұрыш

3-тапсырма: Қимыл қозғалыс ойыны

«Пішінді тап»

Шарты: Берілген пішіндерді алып, алдында тұрған пішіндердің үстімен жүріп, тиісті орнына қою керек.

4-тапсырма: Ою өрнекті құрастырыңдар.


Экранда 3 пішін шығады. Ол Тіктөртбұрыш.


5-тапсырма: Асық терапиясы.

Шарты: Берілген асықтарды түсі бойынша, реттік саны бойынша тиісті орындарына қою.

Тәрбиеші: Ал балалар сендер шаршаған боларсың, бір бойымызды жазып алайық.

Сергіту сәті: Би

Рахмет балалар жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.

6-тапсырма: Жануралар мен жәндіктерді реттік саны бойынша пойыздың ішіне отырғыз.

Экаранда 4 пішін шығады. Ол дөңгелек.

  1. тапсырма: Түрлі-түсті күріштен ою жасау.

Рефлексия кезеңі: «Түймедақ гүлі»

Шарты: Әр бала түймедақ гүлінің әр жапырағын бүктеп, суға салады. Суға салғанда гүл ашылған кезде, сабағымызың жақсы және сәтті өтті деген сөз.

Сабақты қорытындылау.

Қорытынды:

Қорытынды: Балалар, бүгін ойындарымыз сендерге ұнады ма?Біз қандай ойындар ойнадық?

Балалар:Жауап береді қандай ойын ойнағанын , не үйренгендерін ,немен айналысқандарын айтады.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Түстер мен сандарды атай, ажырата біледі.

Игереді: Математика туралы білімді игерді. Сандарды тура кері санау ,топпен жұмыс жасау дағдыларын игереді.

Меңгереді: Еркін жауап беру ,топпен жұмыс жасауды, шығармашылық дағдыларын менгереді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
115
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі