Материалдар / Ғажайып Қалта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғажайып Қалта

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
513
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҒАЖАЙЫП ҚАЛТА


Мақсаты: Ғажайып қалтадан шыққан Отбасы суреттерін қарастыра отырып, жанұя
мүшелерін анықтау.
Білімділігі: Өзі, жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету;
Дамытушылығы: Суреттен қарай отырып тілін,логикалық ойларын және жапсыру арқылы қол
қимылдарын дамыту.
Тәрбиелілігі: Отбасы мүшелеріне құрметтпен қарауға тәрбиелеу.

АҰОІӘ түрі: аралас сабақ /тіл дамыту мен жапсыру
Көрнекіліктері: отбасының суреттері, ғажайып қалта.
Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар жауабы:Сәлеметсіз бе?
Өту кезеңі:
Жылулық шеңбері:
Балалар шеңберге тұрып төмендегі Н.Айтовтың өлең жолдарын қайталайды.
Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Әңгімелесу: Тақтаға жанұя мүшелерінің суретін іле отырып, әңгімелесу.
-Отбасы дегеніміз не?
-Сенің ата-анаңның аты-жөні кім?
-Өз жанұяңның мүшелерін атап берші.
-Ата-апаларың сендермен бірге тұра ма?
Балалардың жауаптары: Әкем, анам, інім,
қарындасым,т.б.
Әр бала өз отбасы туралы айтады.
Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар. «Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады: ата,апа, әке, шеше, аға, іні, әпке,қарындас,т.б. Олар кез- келген істі бірігіп атқарады, бір-біріне көмектеседі. Отбасында біз үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, оларға қамқор болуға үйренеміз».
Сергіту сәті:
Апам үшін күнде мен, (әндете )
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарыңа сөмке
ұстап, орындарынан тұрып жүру)
Сыпырамын үй ішін (сыпырғандай)
Жуам аяқ- табақты (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса,бөпемді (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын
шапалақтау).
« Кім жоқ ?» д/ойыны
«Ғажайып қалтадан» отбасы мүшелерінің суреттерін алып, тақтаға іліп қою. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды.Балалар көздерін ашып,мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін табады.
Ұжымдық жұмыс. «Біздің үй» тақырыбына жапсыру
Балалар екі топқа бөлініп үлкен ватман қағазға балабақша немесе өз қиялдарындағы
«Қуаныш пен сүйіспеншілік үйінің» көрінісін
даярлайды.
1-топ: Түрлі-түсті қағаздарды жолақ етіп
қияды. Олардан көп қабатты үй және олардың терезелерінің бейнесін жапсырады.
2-топ:Түрлі-түсті қағаздан жапырақтар
мен гүлдерді қиып алып, үйдің ауласын әшекелейді.
«Сиқырлы қолғап» ойыны.
Тәрбиеші сиқырлы қолғапты киіп, бес саусақты біртіндеп көрсетіп, жанұя
мүшелерін атап беруді ұсынады. Ойын
бірнеше рет қайталанады. Бас бармағым-атам, балаң үйрек- әжем.Ортан терек-әкем, шылдыр шүмек- апам,
титтей бөбек-мен.
Қорытынды:
Отбасының бірлігі болса, мықты болады.Отбасы-өмірлік мақсаттары бір, өзара мейірімділік пен жылулық, қуаныш пен түсіністікте тірлік етер жаны жақын адамдар арасындағы қарым- қатынас. Өз ата- әжеңді, әке- анаңды, аға- ініңді, әпке- қарындасыңды құрметтеу

Балаларды мадақтау


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!