400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып қыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қыс туралы түсінік беру.Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным. Коммуникация. Шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану. Сөйлеуді дамыту. Аппликация. Тақырыбы: «Ғажайып қыс» Мақсаты: Балаларға қыс туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің табиғат ерекшеліктерімен таныстыру және ажырата білуге үйрету. Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту. Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Балалардың ойын арқылы тілдерін дамыту. Сурет бойынша әңгіме құрау. Дәстүрден тыс қағазды умаждау арқылы берілген суретке қарды жапсыру. Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд, көрнекіліктер, үлестірмелі материалдар, ақ парақ, желім, сүрткіш. Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ – жауап, дәстүрден тыс қағазды умаждау арқылы берілген суретке қарды жапсыру. Билингвальды компонент: қыс – зима, қар – снег, табиғат – природа, ақпан – февраль.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Табиғатым  тамаша,
Көз  тоймайды қараса.
Табиғатты  аялап,
Жүрейікші  жараса.
Сәлем  саған, Жер ана!  
Сәлем  саған, Нұрлы күн! 

Сәлеметсіздер ме қонақтар!


- Балалар тыңдаңдаршы «Құлыншақ» тобының интернет желісіне қоңырау келіп жатқан сияқты, кім екенін қарайықшы. (Пернетақтадан Африкадағы досымыз Саманта скайппен қоңырау шалады).

Саманта өте ыстық, қыс мезгілі болмайтын Африка елінде туратынын айтады. Ол теледидардан «Қысқы әлемдік Универсиададан» қазақ елін көргенін, жеріміз өте әдемі және қыс мезгілі өте ғажайып екенін айтып, балалардан қыс және қар туралы мағлұмат берулерін өтінеді.



Шаттық шеңберін орындайды.









Балалар Самантаның қоңырауын тыңдайды.




Ұйымдастырушылық - ізденістік

- Балалар, Африкалық досымыз Самантаға біздің көмегіміз керек екен. Оның тұратын жерінде қыс мезгілі болмайды екен, қыс мезгілі болмағандықтан ол жақта біздің табиғатымыздағыдай қыс мезгілінің ерекшеліктері болмайды екен. Балалар осы қыс мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы? - Ал осы қыс мезгілінде неше ай бар? Қандай атайықшы?







- Қар жауады, боран соғады, аяз болады, күн суық. – Үш ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.




Ұйымдастырушылық - ізденістік

- Дұрыс айтасыңдар балалар,ал енді осы қыс жайлы тақпақ кім біледі.

- Өте жақсы жарайсыңдар. – Ал балалар осы қыс, қар, ақпан сөздерін қостілде есімізге түсірейікші.

Билингвальды компонент: қыс – зима, қар – снег, табиғат – природа, ақпан – февраль. (Слайд арқылы көрсету)

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар атысып ойнасақ

Су өтеді қолғаптан.


- Балалар қараңдаршы мен досымыз Самантаға түсінікті болу үшін даладан қар алып келдім. Кәне айтайықшы қар қандай?

- Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді балалар осы қармен тәжірибе жасап көрейікші.

Қармен тәжірибе:

Қарды еріту.

Мұзға айналдыру.

Қауіпсіздік ережесі:

Қарды, мұзды жеуге немесе соруға болмайды. Ол лас әрі суық болады.

Мұзды жерлермен ақырын жүру керек.

Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндір»

Шарты: балалар қыс мезгіліне сай қуыршақты киіндіру қажет.



Дидактикалық ойын: «Суретшінің қатесін тап»

Шарты: балалар берілген суреттен қыс мезгіліне сай емес қателіктерді табады.


- Балалар сендер қыс туралы көп біледі екенсіңдер. Ендеше балалар біздер Саманта досымызға өз қолымызбен жапсырып қыстың суретін сыйлыққа берейікші.


Ұжымдық жұмыс: салынған қыстың бейнесіне қағазды жыртып умаждау арқылы жапсыру.

Жапсырған қыстың суретіне балалар ат қояды.

-Балалар мына суретті бір сөзбен қалай атауға болады?

- Керемет «Ғажайып қыс»

Балалар қыс туралы тақпақтарын айтады.




Қайталайды





Қимыл қозғалыспен сергіту сәтін орындайды.





- Түсі ақ, ұстасан суық, жұмсақ, мамық, қолыңда ериді.












Қуыршақты киіндіреді.




Саусақ жаттығуын орындайды.





Ойынға қызыға қатысады









Ұжымдасып қарды жапсырады.


- «Ғажайып қыс»




Рефлексиялық-

түзетушілік

Оқу қызметін қортындылау. Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Балалар бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерімен бөлісіп қорытындылайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс туралы мағлұмат алады.

Игереді: Қардың қасиетімен танысады. Тәжірибе жасайды.

Меңгереді: Қағазды умаждау арқылы қар жапсырады.











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі