Ғажайып қызғалдақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғажайып қызғалдақ

Материал туралы қысқаша түсінік
сахналық қойылым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Жанерке» балабақшасының

меңгерушісі

_________Р.Т.Жанадилова


«Ғажайып қызғалдақ» ертегісінің қойылымы.


Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбиелеушілердің рольдік ойындарға қызығушылығын арттыру

Тәрбиелілігі: Үлкендердің еңбегі құрметтеуге, ақылдарын тыңдауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Көрсету, түсіндіру арқылы театрландырылған көріністерге ынтасын арттыру.

Білімділігі: Жаңа ертегі түрімен таныстыру.

Қатысушылар: Балабақша қызметкерлері

Барысы:

Жүргізуші: Балалар, мен бүгін сендерге жаңа, керемет, қызық ертегі оқып беремін. Менімен ертегілер еліне барасыңдарма?

Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөртеде. Гүлдер мерекесі қарсаңында осы мерекенің символы болып саналатын ғажайып бір Қызғалдақ гүл ашады екен. Содан кейін басқа гүлдер гүлін жарып,құстар бар даусымен сайрап, барлық жан біткен үшін Жаңа күн, Жаңа мереке басталатын болған

Күндердің күнінде бір қара ниет Құйын гүлдер мерекесінде кедергі келтіргісі келіп, ғажайып Қызғалдақты ұрлап кетеді. Бүкіл жер - әлемді қара түнек басады. Құйынның ұрлап кеткенін білген батырлар оны іздеуге шығады. Батырлар ақылы асқан Сақыпжамал апаға келіп...

Батырлар: Сақыпжамал апа бізге қара ниет Құйынның патшалығын қайдан іздеуге болатынын айтып жіберіңізші.

Сақыпжамал апа: (Асель) Батырларым өздеріңмен бірге мына Қаңбақты ала кетіңдер. Жолды сендерге сол көрсетеді

Жүргізуші: Батырлар ұзақ жол жүреді. Бір күні Қаңбақ оларды Құйын патшалығының шекарксында тұратын мыстан кемпірге кездеседі. Мыстан кемпір Батырларды алдап, Қаңбақты алып қояды.

Батырлар: Қаңбақты қайтарып бер.

Мыстан: (Балнұр. ) Мен сендерге үш жұмбақ жасырам соны тапсаңдар ғана Қаңбақты қайтарып, ары өткіземін.



Мыстан:

1. Барлық тілде сөйлей алатын кім?

Батырлар: Оп - оңай ғой! Ол жаңғырық.

2. Жұмулы көздің арғы жағынан нені көруге болады!

Батыр: Түсті көруге болады.

3. Суда пайда болады, бірақ судан қорқады.

Батыр: Мұз пайда болады.

Жүргізуші: Мыстан кемпір батырларды қаңбағын беріп өткізіп жібереді. Батырлар Қара ниет Құйынның патшалығына келіп қолындағы қылыштарымен қорқытады. Қар ниет Құйын батырлардың қаһарынан қорқып өзі ұрлап кеткен ғажайып Қызғалдақты қайтарып береді. Батырлар аман - есен Қызғалдақты алып елдеріне қайтады.Әрбір ертегіде жамандықты жақсылық жеңетіні қандай жақсы.

Балалар, бұл ертегіден не ұқтыңдар?

Қара құйын нені ұрлады?

Гүлдер мерекесінің символы қандай гүл?

Мыстан қандай жұмбақтар жасырды?

Жарайсыңдар! Осымен бүгінгі ертегіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
838
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі