400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ғажайып қызғалдақ гүлі» туралы ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
ортаңғы топқа арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы


КМҚК «Еркетай» сәбилер-балабақшасы








Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі


Тақырыбы:

«Ғажайып қызғалдақ гүлі» туралы ертегі


«Қонжық» тобы

Тәрбиеші: Душанова Р.Н.



















Шахтинск қаласы - 2018 жыл

Ғажайып қызғалдақ туралы ертегі



Білім беру cаласы: Коммуникация,Таным, Шығармашылық.

Бөлімі:  Көркем әдебиет, ҚМҰҚ , Жапсыру,Құрастыру

Тақырыбы: «Ғажайып қызғалдақ туралы ертегі»

Мақсаты:1.Ертегі желісі арқылы балалардың көзқарастарын білдіріп, адамгершілікке тәрбиелеу,сөздік қорларын кеңейту,табиғатқа деген сүйіспеншілігн арттыру.Ақыл –ой өрісін кеңейту,рөльдерді ойнауға ынталандыру.

Сөздік жұмыс: Гүл,қызғалдақ,құйын,қаңбақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер: суреттер, үнтаспа, карточкалар т.б.

Қостілділік компанент: гүл-цветы,қызғалдақ-тюльпан.


Балалар топқа кіріп шеңберге тұрады.

Шаттық шеңбері

Армысын қайырымды аспан ата!

Армысын мейірімді жер ана!

Армысын шұғылалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Қуанатын күн бүгін!

-Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!

Топқа Айгөлек жылап кіреді.

-Сәлеметсінбе Айгөлек сен неге жылап тұрсын?

Айгөлек:-Сәлеметсіндер ме! Менің ғажайып қызғалдақ гүлімді қара Құйын ұрлап кетті. Көмектесініздерші.

-Балалар көмектесеміз бе?

-Сен жылама Айгөлек біз саған көмектесеміз.

-Балалар қара Құйынды іздеп табу үшін біз батырға барайық. Өйткені қара Құының күш көп біз оны өзіміз ғана жеңе алмаймыз сондықтан батырдан көмек сұрайық. Батырға барады:

-Сәлеметсіз бе батыр! Айгөлектің ғажайып қызғалдақ гүлін қара Құйын ұрлап кетіпті соны іздеп шықтық .Сіз бізге көмектесесізбе?

Батыр: -Сәлеметсіндер ме! Әрине көмектесем,бірақ мен бірінші сендердің білімдерінді тексерейін.Біліммен біз бәрін жеңеміз.

1.Тапсырма « Сипаты бойынша анықта» Суреттерін көрсетпей сипаттап айтады. Балалар не екендігін табады. (Домбыра,киіз үй,асық,бесік)


Батыр:-Балалар, сендер білімді екенсіндер,жүріндер мен сендерді әжеме апарайын мүмкін ол кісі білетін шығар қара құйының қайда тұратының.

-Сәлеметсіз бе әже! Сіз қара Құйының қайда тұратының білесіз бе? Соны іздеп табуға көмектесінізші. Әжеге барады: Балалар :Сәлеметсізбе,әже.

Әже: - Сәлеметсіндер ме! Менің сендер сияқты немерелерім бар. Солар жаңа келіп мына оюларымды шашып кетті. Сендер маған соларды жинастыруға көмектесіндерші.

2. Тапсырма. «Оюларды құрастыру»

Оюларды құрастырып, болған соң,әже оюлардың қалай аталатынын сұрайды.

Балалар құрастырған оюларының аттарын атайды.(қошқармүйіз, су,төртқұлақ,жұлдыз )

Әже:-Рахмет сендерге балалар. Өздерінмен бірге мына қаңбақты ала кетіңдер. Жолды сендерге сол көрсетеді.

-Ал енді ары қарай жүрейік.

Мыстан кемпір шыға келеді.Қаңбақты алып қояды.

-Қайтарыныз, біздің қаңбақты. Ол бізге қара Құйынның патшалығын іздеуге көмектеседі.

Мыстан кепір: -Егер сендер менің тапсырмамды орындасандар , сендерге қаңбақты қайтарамын.

3. Тапсырма. «Қайсынікі қай үй?»Мен ертегі кейіпкерлерін білемін ,танимын бірақ мен сандарды санаймын ,танымаймын,сендер мына киіз үйлердің санына қарай қайсысы кімнің үйі екенін ажыратып беріңдерші.Бастаймыз: мен санын айтып тұрамын ,Алдар көсе 2 – ші үйде тұрады екен,киіз үйдің есіген ашып екінші киіз үйге орналастырамыз . Батыр 3 – ші үйде тұрады екен, Бай 1- ші үйде тұрады екен, Таусоғар 4 – ші үйде тұрады екен. Сендер өте білімді екенсіңдер, маған көмектестіңдер,мен енді сандарды танитын болдым. Ешкімді қорқытпаймын

Мыстан кемпір: - Міне енді қаңбақтарынды алындар.Сау болыңдар.

-Сау болыңыз! Балалар әрі қарай жүрейік.

-Балалар сендер жолдан шаршаған боларсындар. Ендеше бойымызды сергітіп алайық. «Қуыр –қуыр қуырмаш»

Тәрбиеші: Балалар қара құйынды білесіңдерме, ол келгенде қатты сұмдақ болады,жел соғып алай-дүлей ,барлық жердің астан-кестенін шығарады.

-Балалар қарандар қаңбақ бізді қара құйынға әкелген сияқты.

-Қара құйын тез арада ғажайып қызғалдақ гүлін қайтар!

Қара құйын: -Жоқ қайтармаймын. Ол гүл өзіме де керек.

-Балалар біз онда қара Құйынға әдемі қызғалдақ гүлдерін жасап берейік.

4.Тапсырма. «Гүл жапсыру» Дәстүрлі емес әдіспен ұсақ етіп туралған қызыл түсті жіптерді сызылған гүлдерге жапсыру,жапырақтарына жасыл түсті гүлдерді жапсыру.Гүлді қара Құйынға сыйлау.Қара құйын менің гүлдерім көп болды .Енді мен ешкімнің гүлін ұрламаймын .Енді ешкімнің заттарына рұқсатсыз тиіспеймін.

-Балалар, біз ғажайып қызғалдақ гүлін таптық. Оны Айгөйлекке қайтарамыз.

Айгөйлек: Балалар менің қызғалдақ гүлімді табуға көмектестіңдер, рахмет сендерге маған көмектескендерің үшін. Мен қуаныштымын.

Қортыңды: Балалар біз бүгін кімге көмектестік.Батырдың сипаттаған суреттерін таптық, әженің оюларын құрастырып бердік. Мыстанға сандарды тануға көмектестік,мыстан бұдан былай зұлымдық жасамайтын болды, оның жүрегін жібіттік.Қара құйын ешкімнің затына рұқсатсыз тиіспейтін болды. Бүгінгі ертегіміз ұнады ма,олай болса сау болыңыздар


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
1549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі