жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ғажайып сәлемдеме" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
МДҰ №42 «Айналайын»
«Жұлдыз»ересектер тобында өткізілген
ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Ғажайып сәлемдеме»
Тәрбиеші:Картбаева.Ж.Б.
Ақтөбе қаласы.
2019-2020 о.ж.
Білім саласы:қатынас.
Бөлімі:сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Ғажайып сәлемдеме»
Мақсаты:балалардың халық ауыз әдебиеті-жұмбақ,жаңылтпаш,мақал-мәтел,санамақ,өтірік өлең,ертегілер жайында білімдерін тиянақтау,пысықтау.Ертегілерден үзінділер әңгімелеуге,білетін ертегілерді сахналай білуге баулу.Балаларды мәнерлеп сөйлеуге,әңгімелеуге үйрету.Ойлау,есте сақтау,байқампаздық қабілеттерін,тіл мәдениетін дамыту.Халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:әдемі қорапша, «сиқырлы гүл»,ноутбук,шаңырақ, «Ғажайыпстанға саяхат»мултьфильмінің әуені,ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары,жұмыртқа ,сағыз,кішкене қапшықтар.
ҰОҚ-нің барысы:
Тәрбиеші:балалар,бүгін бізде ерекше күн,бізге қонақтар келді.
1-бала:
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,қанекей,балалар
Сәлем, дейік үлкенге
Балалар бәрі бірге:сәлеметсіздер ме,апайлар!
Тәрбиеші:балалар дөңгеленіп тұрамыз,шаттық шеңбер құрамыз!
Балалар шеңбер құрады:
Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ержетер,
Біз болашақ гүліміз.
Тәрбиеші: жарайсыңдар,енді тілге жаттығу жасап жіберейік!
Артекуляциялық жаттығу жасайды:
Бұрынғы өткен заманда,
Ауыз деген патшалықта,
Көңілді тіл өмір сүріпті.
Бір күні ол ұйқысынан оянып,
Терезеден басын шығарыпты.
Күн жауып тұрған жоқ па деп,
Аспанға қарапты,
Жерге қарапты.
Одан кейін қыдыруға шығыпты.
Алдынан сүт ішіп жатқан,
Мысықты кездестіріпті.
Оған қарап тұрған,
Күшікті көріпті.
Одан кейін атша шауып,
Үйіне оралыпты.
Тәрбиеші:жарайсыңдар,отыра қойыңдар.
Әуен естіледі.
Тәрбиеші:балалар,маған мына әуен таныс сияқты,сендердің естеріңде жоқ па?
Осы кезде есікктің жанында әдемі қорапша «пайда»болады.
Тәрбиеші:Ой,бұл не,қандай әдемі!
Үстінде тұрған қағазды ашып оқиды: «Жұлдыз»ересектер тобына.Ғажайыпстандағы Данышпан аталарың дейді.Қызық екен ашып көреміз бе,балалар?
Балалар:иә.
Тәрбиеші:енді есіме түсті жаңағы әуен «Ғажайыпстанға саяхат»мултьфильмінен екен ғой.Балалар сендер көрдіңдер ме,ол мултьфильмді,ондағы Данышпан атай өте ақылды кісі,көрейікші не салып жібергенін?
Ашып ішінен қалта шығарады.
Тәрбиеші:бұл ғажайып қалтаның ішінде не бар екенін көрейік.Қалтаның ішінен дөңгелек пішінді алып шығып,оқиды: «Қымбатты балаларым,мына қалтаның ішінде,сопақша күлтелер бар,әр күлтеде тапсырма бар,егер тапсырмаларды орындасаңдар,ғажайып гүл шығады,мен сендерге сенемін балаларым!»
Тәрбиеші:маған тіпті қызық көрініп бара жатыр,балалар,қалай орындаймыз ба атаның айтқанын?
Балалар:иә.
Тәрбиеші:ендеше,бірінші күлтені алып оқимын: «Отан туралы мақал-мәтел білесің бе?»қане,кім айтады?
2-бала:Отан оттан да ыстық.
3-бала:Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
Тәрбиеші:дұрыс-ақ,енді екінші күлтені алып оқимын: «Санамақ санай білесіңдер ме?»қане,кім санайды?
4-бала:Бір дегенім-бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі дегенім-елім,
Далам,тауым,көгім.
Үш дегенім-үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім-төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім-бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші:жарайсың,үшінші күлтені алып оқимын: «Жаңылтпашпен жаңылдыр»қане,кім жаңылдырады?
5-бала:
Бұл қар-сұр қар,
Сұр қар-кір қар.
Үстіне аунама,
Үстіңді былғар.
6-бала:Шеше кеше неше кесе сынды.
Тәрбиеші:бұл да орындалды төртінші күлтеде не жазылған екен: «Жұмбақ жасырып көріңдер»кім жұмбақ жасырады?
7-бала:Тоғыз белбеу,
Қос жібек.
Екі мұрын,бір шүмек.
Тәрбиеші:бұл не?
Балалар:домбыра.
8-бала:
Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады.
Балалар:сағат.
Тәрбиеші:жарайсыңдар,бесінші күлтені алып оқимын: «Өтірік өлең білесіңдер ме?»қане,кім өтірік өлең біледі?
9-бала:
Ши тоқыдым шиеден,
Теңіз кештім түйемен.
Шарбақ жасап инеден,
Үй тұрғыздым түймеден.
Тәрбиеші:жақсы,алтыншы күлтені оқимын: «Балалар бұрынғы ата-бабаларымыз қандай үйде тұрған,қалай аталады?»
Балалар:киіз үйде тұрған.
Тәрбиеші: «Осы киіз үйдің бөліктерін атап көріңдер?»
Балалар «Киіз үй»сергіту жаттығуын жасайды:
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық!
Тәрбиеші:жарадыңдар,бір сергіп алдық,енді жетінші күлтені алып оқимын: «Қорапта ойын бар»қызық ,қорапта мына қалтадан басқа ештеңе болмаған,қарап көрейін?!
Барып қораптың ішін қарайды:міне,ғажап!
Интерактивті тақтаның пультін алып шығады.
Тәрбиеші: балалар,мынадай жазу бар екен: «Мына заттың тетігін бас ғажайып тақтадан қызықты көресің!»
Дидактикалық ойын: «Бұл қай ертегінің кейіпкерлері?»ойыны ойналады.
Тәрбиеші:жарайсыңдар,сегізінші күлтені оқимын: «Мақта қыз бен мысық ертегісін білесіңдер ме,сахналап беріңдер»
Балалар «Мақта қыз бен мысық»ертегісін сахналайды.
Тәрбиеші:бұл тапсырманы да орындадыңдар,әрі қарай тыңдаңдар: «Кестенің көмегімен бір ертегі айтып беріңдер»кім айтады?
10-бала кесте бойынша «Әтеш пен тоты құс»ертегісін айтып береді.
Тәрбиеші:жарайсың,енді соңғы күлтені оқимын: «Тапсырмаларды орындап болдыңдар,еске түсіріңдерші,ең әуелі қандай тапсырма орындадыңдар дейді?»
Балалар:Отан туралы мақал-мәтел айттық.
Тәрбиеші:содан кейін?
Балалар:санамақ санадық.
Тәрбиеші:одан соң?
Балалар:жаңылтпаш айттық.
Тәрбиеші:содан соң?
Балалар:жұмбақ шештік.
Тәрбиеші:одан ейін?
Балалар:өтірік өлең айттық.
Тәрбиеші:содан кейін?
Балалар:киіз үйдің бөліктерін атадық.
Тәрбиеші:одан кейін?
Балалар: «Мақта қыз бен мысық»ертегісін сахналадық.
Тәрбиеші:содан соң?
Балалар:кесте бойынша «Әтеш пен тоты құс»ертегісін әңгімеледік.
Тәрбиеші:одан кейін былай деп жазыпты: «Жарайсыңдар, өте ақылды екенсіңдер,манадан бері мен сендерді көріп-тыңдап отырмын,мен сендерге ризамын,осы гүлдей жайнаңдар,қазағымның болашақ ұл-қыздары,қашанда осындай болыңдар,ақылдарың толыса берсін!Қорапта сендерге арналған сыйлықтар бар...»Ғажайып деп осыны айт,бірақ қорапта ештеңе болмаған,қарайын қазір.Ғажап-ғажап,балалар,мұнда сендерге арналған сыйлықтар бар екен.
Тәрбиеші соңғы күлтені қойған кезде, тақтада әдемі гүл пайда болады.
Тәрбиеші қораптан ертегі кітапшаларын алып балаларға таратып береді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген