15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғажайып саяхат
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдер: Математика,құрастыру
Тақырыбы: « Ғажайып саяхат»
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту,ойлау қабілетін арттыру,геометриялық пішіндерді қайталау. Табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту. Басына қиындық түскенге әрқашан көмек көрсету керек екенін түсіндіру.
Әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету,тыңдау,дидактикалық ойындар
Көрнекіліктер: кейіпкерлер киімі, үнтаспа,геометриялық пішіндер,суреттер
Қос тілділік компонент :Гном-ергежейлі,өрмекші-паук,көбелек-бабочка
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Әсем әуенмен балалар топқа кіріп,шеңбер болып тұрады. Бүгінгі күнге жақсы тілектерімізді білдіріп,амандасамыз. Қанекей,жылы сөздер айтайық. |
Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз. “Қайырлы таң” деп айтамыз, Бір болып, кеште қайтамыз.- Бүгінгі күн жақсы болсын!- Сәтті болсын!- Денсаулығымыз мықты болсын! |
|
Ұйымдастыру-Іздестіру |
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші? Ой,балалар естимісіңдер, біреу жылап жатқан сияқты. - Сәлеметсің бе , балақай! Саған не болды, неге жылап отырсың? - Мен ойнап жүрген едім. Кенеттен қатты жел соғып мені ұшырып әкетті. Енді үйіме қайта алмай жылап отырмын. - Балалар біз ергежейліге көмектесеміз бе? Жолға жаяу шығуға да болар еді,алайда ұзақ жол жүруге тура келеді.Барар жерге тез жету үшін не керек бізге, айтыңдаршы,балалар?
— Барлық жолаушылар орындарына жайғастыма? Кеттік ендеше. Пш-пш-пш-пш біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. Гу-гу-гу-гу гуілде, Қалып қойма біріңде. — Оң жағымызға қараймыз, енді сол жағымызға қараймыз. №1 фонограмма ойналады (паравоздың даусы) №2 фонограмма ойналады (сарқыраманың даусы ) — Балалар, біздің поездіміз тоқтап қалды. Қане , бәріміз сыртқа шығып не болғанын көрейікші . Қараңдаршы, бұл өзен ғой! — Өзеніміз қандай- жалпақ па әлде жіңішке ма? Түсі қандай екен? — Не істесек екен а? Ергежейліні үйіне қалай жеткіземіз, өзеннен қалай өтсек екен? Ергежейлі : — Өзенде көпір болған , оны жел бұзып кеткен. Көпір салсақ қалай болады?! (Қалған балаларды отырғызу) — Балалар қараңдаршы мұнда қандай пішіндерді көріп тұрмыз? Бұл геометриялық пішіндердің арасынан өзімізге керек пішінді табу үшін ең алдымен мына тапсырмаларды орындап алайық. ( тақтада геом.пішіндердің пазлысы берілген. Суреттің арасынан үшбұрышқа,төртбұрышқа ұқсайтын заттарды тауып құрастыру.) Дидактикалық ойын « Көпір салайық » (Өзеннің маңында әртүрлі геометриялық пішіндер жатады. Сол пішіндердің арасынан көпір тұрғызу үшін керегін аламыз және түсіне қарай орнатамыз.) — Қандай пішін алдың? — Түсі қандай? ( Көпір тұрғызып, әрі қарай жолға шығады.) — Балалар , біз сендермен бірге гүлдер алаңына келген сияқтымыз! Гүлдер жайқалыпты, әсемдік деген осы, ия, балалар! Қане барлығымыз құшағымызды кең жайып таза ауаның иісін иіскейікші. Ергежейлі: Қараңдаршы, соққан жел көбелектерді өрмекшінің торына түсіріп тастапты. Біз оларды құтқаруымыз керек! Өрмекші торына қанша көбелек түсіпті? Тәрбиеші: Өрмекші көбелектерді байқамау үшін көбелек түсіне қарай сол түстегі гүлдерге отырғызу керек, қане көбелектерге жасырынуға көмектесеміз. Дидактикалық ойын: « Үйін тап » Сергіту сәт. Көбелекке ұқсап ал Ұшайықшы бәріміз Оңға қарай бір ұшып, солға қарай бір ұшып Шарлайықшы жер шарын 1,2,3 көбелекше ұш
— Балалар,қараңдаршы мына жерде жабайы аңдар мен үй жануарлары араласып кетіпті. Қане, оларды өз орындарына орналастырайықшы. - Балалар, қане қарайықшы ергежейлінің үйі қайда екен?( Бірақ ергежейлі көңілсіз болады.) — Саған не болды? Ергежейлі: Менің үйімді қатты соққан жел қиратып кетіпті. Енді мен қайда тұрамын. — Сен қам жеме біз балалармен бірге саған үй салып береміз Дидактикалық ойын: « Қане , кім жылдам » Ергежейлі: — Рахмет сендерге балалар! Маған үйімді табуға көмектестіңдер. Енді мен сендермен қоштасамын. Сау болыңдар, балалар! |
Көкем мезгілі Күн жылынады, көк шөптер шығады,т.б. -Әрине,көмектесеміз! Балалар күлімдеп қуана келіседі. - поезд керек
Балалар оң және сол жақтарына қарайды.
Балалар жауап береді. Балалар , қайықпен,кемемен өтуді ұсынады. Балалар, қуана қоштайды.
— Геометриялық пішіндерді Балалар тапсырманы орындайды.
—көп көбелек торға түскен Балалар, көбелектерді тордан босатады.
Балалар көбелектерді гүлдерге отырғызады.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар тәрбиешімен бірге ергежейліге үй құрастырады.
Сау бол! |
|
Рефлексивті –түзетушілік |
Тәрбиеші : — Міне, балалар біз ергежейліге үйіне оралуға көмектестік. Сендерге саяхатымыз барысында қандай жағдайлар ұнады? Балаларды мақтап, мадақтау. |
Балалар өздеріне ұнаған жағдаяттарды айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратады,1-ден 3-ке дейін сандарды қиналмай санайды,заттар құрастырады.
Игереді:Басына қиындық түскенге әрқашан көмектесу керек екенін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қимылдарды нақты орындау, қойылған сұраққа толық әрі дұрыс жауап беру.
МКҚК «Айгүл» балабақшасы
Ұйымдастырылған оқу қызметі
«Ғажайып саяхат»
І кіші «Ақбота» тобы
Тәрбиеші: Пардабаева Г.

2016-2017 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген