Ғажайып сүлік - жанға дауа

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғажайып сүлік - жанға дауа

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ғажайып сүлік - жанға дауа" атты мақала бар мұғалімге өз көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды қаласы

«№ 137 негізі білім беретін орта мектебі» КММ














Тақырыбы: Ғажайып сүлік – жанға дауа!



Бағыты: Адам денсаулығы.

Орындаған: Жылқыбай Ақжан

4А сыныбы

Жетекшісі: Жаппарова А.Ж.












Қарағанды, 2018


Аннотация

Зерттеу жұмысытың мақсаты сүлік туралы ақпарат беріп, емдеу жолдарын қарастырып зерттеу. Осы жұмыс арқылы сүлікпен емдеу жолдарына дұрыс көзқарас қалыптастыру. Зерттеуімізді сүлікке жалпы сипаттама беруімен бастадық. Сүлікпен емдеу жолдарына тоқталып, оларды қандай жағдайда, қалай салуға және қалай сақтау керектігі жайында зерттелді. Сүлікпен емдеу, гирудотерапия – кардиология, офтальмология, дерматология, хирургия, гинекология, урология, неврология және герентология саласында кеңінен қолданылатын, күретамыр, қан тамыры, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома тәрізді сырқаттарға өте шипалы ем екндігі анықталды. Қарағанды қаласы Сұрыптау бекетінде «Арман» емдеу – сауықтыру шипажайы бар , осы жерде медициналық сүлікпен емдейді. Сол жердегі мамандармен кездесіп сұхбат алдық . Өзім оқитын мектебімізде сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 40 адам қатысты: 5 мұғалім, 10 сыныптасым, 15 ата ана және өзім тұратын үйдегі 10 тұрғыны. Біз әр қайсысына төмендегідей сұрақ қойдық:

  1. Сүлікпен емделу туралы білесіздер ме?

  2. Сүлікпен емдеу пайдалы екендігіне сенесіздер ме?

  3. Біздің «Арман» щипажайында сүлікпен емдеу бар екендігі жайында білесіздер ме?

  4. Сүлікпен емделуге барасыздар ма?

Сауалнама нәтижесі бойынша. Тұрғындардың 40%, сүлікпен емдеу туралы естімеген, 30% естіген бірақ нақты білмейді және сауығып кететіндіктеріне сенбейді, ал 10 % бізден өзіміздің «Арман» шипажайында сүлікпен емдеу бар екендін білетінін айтты, ал ал 20 % міндетті түрде сүлікпен емделуге барп көретіндіктері жайында айтты. Біздің жұмыс осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі.  Біз осы жұмысымызды әрі қарай жалғастырып, зерттейміз деген ойдамыз.

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Зерттеу бөлім

  1. Сүліктің - жалпы сипаттамысы

  2. Сүлікті сақтау

  3. Сүлікті салу тәртібі

  4. Сүлікпен емдеу

  5. Сауалнама

ІІІ. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиет



















І.Кіріспе
Өз жобамызды сүлік туралы аңызбен бастағымыз келіп тұр. Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің де кетіп, бойындағы ауырлықтың да жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттардың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді. Бүгінде медициналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі екен деген аңыз бүгінге жеткен екен. Сүлік салу ғылымда «гирудотерапия» деп аталады. Тері бетіне жабысып алып, қан соратын бұл жәндікті көргенде, денең түршігеді. Алайда медицина саласындағы сүліктің дәл осы қасиетінің пайдасын санамалай бастасаңыз, оның пайдалылығына еріксіз сүйсінесіз. Гирудотерапия қазіргі таңда кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда, герентологияда кеңінен қолданылып, күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома секілді ауруларға таптырмас емге айналды. Тіпті соңғы кездері адамдар сүліктің көмегімен арықтап, адам жасын жасартатын «сиқырлы емші» ретінде де пайдалануда. Сүлікті қажет деген жерге тек арнайы маман ғана салады. Сүлікке арналған екі мемлекетті ескерткіш қойылған:

Францияда Ресейде

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сүлік – жалпы сипаттамасы

Сүлік – буылттық құртар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған.

Құрылысы мен физиологиясы. Сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұқсас. Денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін. Сүліктердің денесі 33 сегменттен түзілген, олардың алдыңғы төртеу қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі — артқы сорғышты құрайды. Сүліктердің түсі — осы пигменттердің түсі. Эпителидің астында сақина тәрізді әрі өте күшті дамыған ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Ас қорыту жүйесі - алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектер. Алдыңғы сорғышының түбінде орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына, одан жүтқыншаққа жалғасқан.. Медициналық сүліктің (Hirado medicinalis) сілекей бездері гирудин (Hirudin) деп аталатын, қанды үйытпайтын қасиеті бар ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Сүліктер жаралаған жерден қанның көп уақытқа дейін тоқтамай ағатыны осы гирудиннің бөлінуінен. Осыған байланысты сүліктің ішегіне тұскен қан бірнеше айға дейін ұйымайды. Жұтқыншақ жіңішке әрі қысқа өңеш арқылы ортаңғы ішекке жалғасады. Осыған сүліктің сорған қаны жиналып, сақталады. Қалталардың артқы жұбы дененің соңына дейін созылып жатады. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол артқы сорғыштың үстінде орналаскан аналь тесігімен аяқталады. Кейбір еркін тіршілік ететін сүліктер үсақ жануарлармен қоректенеді.

Тыныс алу мүшесі дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңіздерде тіршілік ететін Branchellion туысының өкілдері дене сегменттерінің бүйіріндегі орналасқан желбезектері арқылы тыныс алады. Қан айналу жүйесі целомға байланысты әр түрлі қүрылысты. Қылтандылар (Acanthobdellida) отрядының өкілдерінде целом қуысы сақталып, ішіндегі жатқан үзын арқа және қүрсақ қан тамырлары сақиналы тамырларымен жалғасып, тұйықталған. Демек, пайда болу жолы әр түрлі, бірақ физиологиялық жағдайы бірдей екі мүшенің алмасуы — бір мүшенің жойылып, оның орнына екінші мүшенің ауысуы.

Сүліктер қайда мекендейді?

Медициналық сүліктер әр түрлі су айдындарында, батпақтардағы, терең емес көлдерде қысқаша айтқанда – көктем мен жазда суы жеткілікті жылынып тұрған жерлерді. Судың ластауына өте сезімтел болады. Бұрын сүліктерді халықтан алатын қазір арнайы жерлерді өсіріледі.

2. Сүлікті қалай сақтайды?

Сүлікті сулы ыдысқа салып қояды. Сырқатты емдеу үшін аш сүліктер қолданылатындықтан, олар 2-3 ай суда қалқып жүруге тиіс. 3-5 литрлік банкіде 300-ге дейін сүлік ұстайды. Сүлік сақталған судың құрамында хлордың болмауы керек. Және де оның жылылығы бөлме жылылығындай болады. Ыдыстағы суды 24 сағат сайын ауыстырып отырады. Ыдыстың бетін темір тормен немесе дәкемен жауып қояды. Мамандардың айтуынша, сүлікті тұндырып қайнатылған температурасы 18 градус су құйылған таза ыдыста – банкіде сақтап, сүліктердің ауырып қалмауын және бөлмеде тыныштық болуын қадағалап отырады. Бөлмеде қатты шу болса, сүліктер бұралып қалады, аш болса да қан сора алмайды. Сүлікті сақтап қою үшін сиымдылығы 50-100 мл. ыдыс қажет. Банкіден қысқашпен емес, қолмен 8-12 сүлікті таңдап алып, адам денесіне салады. Үлкен сүліктер артық арам қанды жақсы сорады. Емдеуге сау сүліктер қолданылады. Дені сау сүлікті түрткілесе қозғалып, жылан сияқты қимылдап, қысқарып, жуандайды.

  1. Сүлікті салу тәртібі

Сүлік салар алдында мынандай заттарды дайындап алу қажет: шыны түтік қысқыш, глюкоза ерітіндісі, залалсыздан дырылған сулық, мақта, дәке, тұзды су, ұстара, сабын, оны жаққыш. Сүлік қоятын жердегі шаштарды 1-2 сағат бұрын қырып, жуады. Сүлік сабын иісі шыққан жердегі қанды сормайды.

Тәртібі:

1. Сүлік қоятын теріні қайнаған жылы суға малынған, залалсыздандырылған дәкемен сүртеді.

2. Әзірлеген жерді залалсыздандырылған глюкоза ерітіндісімен сүртеді.

3. Бір сүлікті артқы жақ сорғышымен түтікке салады.

4. Түтікті сүлік қоятын жерге төңкеріп, сүлікті шығарады.

5. Сүлік қанды сора бастаған кезде денесі жиырылып қимылдайды.

6. Сүліктің артқы жағындағы сорғышына сулық (салфетка) салу керек.

  1. Сүлікпен емдеу

Сүлік нені емдейді?

Сүтікпен емдеу негізі сілекей құрамындағы 15 биологиялық белсенді заттар.

  • Жүрек-қан тамырлар аурулары:

  • Тыныс алу органдарының аурулары

  • Ас қорыту органдарының аурулары

  • Жүйке жүйе аурулары

  • Тірек-қозғалыс аппаратының аурулары

  • Тері аурулары

  • Аллергиялық аурулары.

  • Көз аурулары және т. б.

Медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 сантиметр болады. Оның сілекейінде гирудин және гиалуронидаза деген заттар бар. Гирудин қанның ұюына кедергі келтіреді, гиалуронидаза дене талшықтарында зат алмасу процесіне әсер етеді. Гирудиннен дәрі-дәрмектер жасалады. Зерттеушілердің айтуынша, сүліктің сілекейі қабыну процесіне қарсы күресу, иммундық жүйені қоздыру, қан тамырларының склероздық процесін азайту, қан ұю үрдісін болдырмау және ұйыған қанның түйіршіктерін езу қасиеттеріне ие. Өзім оқитын мектебімізде сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 40 адам қатысты: 5 мұғалім, 10 сыныптасым, 15 ата ана және өзім тұратын үйдегі 10 тұрғыны.

Медициналық аш сүлік бір сорғанда 10 мл. қан сорып, оған тойған соң адам денесінен өзі сыпырылып түсіп қалады. Егерде адам денесіне 8-10 сүлікті қоятын болса, олар 300-400 мл. қанды сорып алады және де 
сүліктің сорған жерінен қан өздігінен алты сағаттан бір тәулікке дейін аға береді, - дейді мамандар. Егерде адам ағзасынан қанды аздап қана алу қажет болса, онда кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Сүлік салғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, дене салмағына, қан қысымына, сүліктің жағдайына көңіл бөлу қажет. Сүлікті қолданғанда тәндегі өзгерістердің қатерлі болып кетуі мүмкін болғандықтан, сүлікті аллергиялық ауруы бар сырқатқа, қансыраған адамға, қан қысымы төмендерге, қан ұю процесі нашарлаған ауруға пайдалануға болмайды. Тұщы суға салынған сүлікті ұстап, денеге салар алдында пинцеттің көмегімен оны пробирка ішіне енгізу қажет. Пробиркаға құйрық жағымен ен-гізгенде сүлік бас жағымен өзі шығуына жеңіл болады. Салатын жерге жақындатып әкелген пробирканың түбін көтер-се болды, сүлік глюкозамен сүртілген тәтті денеге өзі ұмтылып, теріні тістеп, жабыса бастайды. Бір қолданылған сүлікті екінші рет пайдаланбайды. Оны формалинге, мүсәтір спиртіне немесе тұзды суға салып, су құбырымен ағызып жібереді. Дені сау сүлік 40-60 минут ішінде нақуастың артық арам қанын сорып, ісінеді. Қанға тойған сүлік өз бетінше түспесе немесе алып тастау қажет болса, сүлік жабысып тұрған жерге тұзды, ащы су құяды. Сонда ол сылқ етіп түсіп қалады. Денеге жабысқан сүліктің қан соруы бәсеңсісе, үстіне жылы су жағады, сол кезде оның қимылы қайтадан күшейеді. Сүлік сорған жерге таза стерильденген сулық (салфетка) салады, оның үстіне мақтаны көп салып, орап тастайды. Сүлік тістеген жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қансырап тұрады да, осы уақыт ішінде қан тоқтамаса, қанды перманганат калий ерітіндісімен тоқтатады. Әйтпесе, басып, қысып тұратын шүберек салады, қатты орап қояды. Сүлік тістеген теріні сутек пероксиді ерітіндісімен немесе йод ерітіндісімен сүртеді. Бұл жер 2-3 күннің ішінде жазылып кетеді. Теріге сүлікті дұрыс салмаса, басқа қосымша аурудың пайда болуына жол ашады. Яғни, мұндай жағдайда тері қабынады, іріңдейді, сол жерде ісік пайда болады. Сүлік салған жерден қан кету тоқтасымен 3% сутегі тотығы ерітіндісіне малынған залалсыздандырылған дәкемен 2-3 күнге байлап қояды.

Сауалнама

Өзім тұратын Қарағанды қаласы Сұрыптау бекетінде «Арман» емдеу – сауықтыру шипажайы бар, осы жерде медициналық сүлікпен емдейді. Мен мұғаліммен барып маманмен сұхбаттастық. Мамандардың айтуы бойынша: «Сүлік «ауруды» сезіп шынайы адамның ауратын жерімен ғана жұмыс істеп, емдейді. Сүлік, шприц тәрізді тек бір рет қана қолданылады. Сүлік, арнайы сұйықтық бөледі оның құрамыда Д.Менделеевтің кестесіндегі белсенді заттарды бәрі бар. Емдеу барысында барлық қажетті заттар қанға тікелей беріледі де адам денсаулығына оң әсерін тигізеді. Сүлікпен емдеу: ісікті, тромбтарды, қабынуды қайтарады, қан қысымы төмен адамдардың қысымын жоғарлатады, ал жоғары қысымды төмендеп қалпына түсіреді. Ми мен жұлынның қан айналымын жақсартады. Кейбір жағдайда ота жасатудан құтқарады дәлірек айтсақ: варикоз, киста арулары. Ең бастысы инсульт пен инфарктің алдын алуына көмектеседі». Сұхбат алғаннан кейін сол жерде емделіп жатқан адамдармен де сөйлесіп қайттік. Бір мазалайтын жайт бағасы 1 сүлікті салу 600 теңге тұрады екен.

Өзім оқитын мектебімізде сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 40 адам қатысты: 5 мұғалім, 10 сыныптасым, 15 ата ана және өзім тұратын үйдегі 10 тұрғыны.

Сауалнама сұрақтары:

  1. Сүлікпен емделу туралы білесіздер ме?

  2. Сүлікпен емдеу пайдалы екендігіне сенесіздер ме?

  3. Біздің «Арман» щипажайында сүлікпен емдеу бар екендігі жайында білесіздер ме?

  4. Сүлікпен емделуге барасыздар ма?

Сауалнама нәтижесі бойынша. Қатысқандардың 40%, сүлікпен емдеу туралы естімеген, 30% естіген бірақ нақты білмейді және сауығып кететіндіктеріне сенбейді, ал 10 % бізден өзіміздің «Арман» шипажайында сүлікпен емдеу бар екендін білетінін айтты, ал ал 20 % міндетті түрде сүлікпен емделуге барп көретіндіктері жайында айтты.

Біздің жұмыс осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі.  Біз осы жұмысымызды әрі қарай жалғастырып, зерттейміз деген ойдамыз.


ІІІ. Қорытынды

Ғылымда сүлік салуды – гирудотерапия деп атайды. Гирудотерапия, яғни сүлікпен емдеу әдісі ерте замандардан белгілі. Ежелгі медицина классиктері Гален, Ибн Сина, Гиппократ бас сақинасы, жүрек сырқаттары, жоғары қан қысымы, көтеу кезінде қан жіберу туралы ескерткен.
Медициналық сүліктің сілекей бездерінің сөлінде 100-ден аса биологиялық белсенді заттар бар, олар ісікке қарсы, бактериостатикалық, ауырсыздандырушы, таратушы әсерге ие, сондай-ақ микроциркуляциялық бұзылыстарды, тіндер мен ағзалардағы тамыр өткізгіштігінің бұзылуын жояды, гипоксияны кетіреді, қан қысымын төмендетеді, организмді қоқыстан тазартады, миокард инфаркті, инсульт секілді қауіпті асқынулардан сақтайды.
Қазіргі таңда гирудотерапия – кардиология, офтальмология, дерматология, хирургия, гинекология, урология, неврология және герентология саласында кеңінен қолданылатын, күретамыр, қан тамыры, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома тәрізді сырқаттарға өте шипалы ем. Ең ғажабы, бұл күндері кейбір адамдар сүлік салудың көмегімен арықтай да бастады. Гирудотерапияның тиімділігі сүлік адамның артық арам қанын сорып алады, сөйтіп, қан айналысын жақсартады, сүліктің сілекейі биологиялық белсенді заттарға бай, осы түрлі ферменттерден тұратын сүлік сілекейі адамның қанын тазартып, иммунитетін күшейтіп, ағзасын жасартады, түрлі ферменттермен бірге қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты айырмашылығы. Дәрігерлер сүлікті науқас адамның жүрек қызметі нашарлап, бауыры ұлғайғанда, тромбофлебитте, миокарда  инфарктінде, жүректің демікпелі ұстама ауруында, миқан тамырларының қысылуында қолданады. Сүлік салып, емдегеннен кейін сырқаттың дене қызуы қалпына келеді, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендейді, ұсақ қан қатпарлары жойылып, ісікке қарсы, ауырсыздандыру тетіктері іске қосылады. Гирудотерапияны гинекологиялық ауруларға қолданғанда әйелдер ауруынан айығады, оларда гормондық зат алмасу процестері жылдам қалпына келеді. Әсіресе, сүлік салу операциядан кейін тез жазылуға әсер етеді. Осыған орай қазір дәрігерлер операциядан соң сүлік салуға кеңес береді. Сондай-ақ бүгінгі таңда ауырмай-ақ сүліктің көмегіне жүгінгісі келетін азаматтардың қатары да көбеюде. Себебі сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендеп, ұсақ қан қатпалары жойылады, ісікке қарсы, ауырсыздандыру механизмдері іске қосылады екен.




IV. Қолданылған әдібиет

  1. «Биология» 7 сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2007

  2. «Қазақстан әйелдері» журналы

  3. «Жан дауа» газеті

  4. «Емші» журналы

  5. «Денсаулық» журналы



14



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.10.2018
563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі