Мектеп :
Start
Пәні : Математика сынып :
2а
1. Санды өрнектерді
салыстыру
2. Теңдеу шығару
3. 21-ден 100-ге дейінгі
сандар
Тақырыбы:
Мен ақылды
боламын
Мақсаты: 1)
теңдеулерді күрделі түрінен қарапайым түріне айналдыра отырып,
шығарудың тәсілдерін меңгеруге жағдай жасау; 2) шапшаң есептеу
дағдыларын, геометриялық тапсырмаларды орындай білу дағдыларын
дамыту;
3) пәнге
қызығушылығын тәрбиелеу.
Көрнекілік:
ауызша және жазбаша орындауға арналған дидактикалық
құралдар
Әдісі: ойын,
көрнекілік, топпен жұмыс, ізденісті – проблемалық жағдаят., АКТ
технологиясы.
Түрі: жаңа
білім игеру сабақ.
Сабақ
жүрісі:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
1) Топтар құру,
Ұрандарын айтқызу
Ақылдылар:
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің
жоқ!
Шапшаңдар:
Білекті бірді жығады
Білімді 1000 -
ды жығады!
Тапқырлар: Қына
тасқа бітеді
Білім басқа
бітеді!
2) – Олай
болса, балалар, сабағымызды
бастайық
Орындайтын
есептерді
Лезде шешіп
тастайық!
ІІ. Дәптермен жұмыс: Күннің жадын
жазу,
1) 6, 7
цифрларынан сандар құрастырайық, оларды көркем етеп
жазайық:
67 76 67 76 67
76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67
76
ІІІ. Жаңа
сабақ
1) Тақырыпты
табуға арналған тапсырма:
Математикалық
диктант: (Стол үстінде жаупты талап етіп, әріптерді көрсететін
карточкалар жатады, оқушылар тиістісін кезекпен таңдап шешеді,
мұғалім оларды тақтаға жабыстырады. Бәрі дәптерге
жазады):
№1. 47 - ні 3 -
ке арттыр - Т,
№2. 90 - ды 3 -
ке кеміт - Е,
№3. 40 пен 6
сандарының қосындысын тап -
Ң,
№4. 30 бен 5
сандарының айырмасын тап -
Д,
№ 5. 100 санын
20 - ға кеміт – Е,
№6. 50 мен 4 -
тің қосындысы - У,
№7. Азайғыш 25,
азайтқыш 10, айырманың мәні қанша? –
Ш,
№ 8. 60 - ты 30
- ға кеміт - Ы,
№9.. 81 - ді 7
- ге арттыр - Ғ,
№ 10. 6 мен 40
- тың қосындысы - А,
№11. Х пен 2 -
нің қосындысының мәні 9, Х – ты тап.-
Р,
№ 12. 43 пен С
- ның айырмасының мәні 40, С неге тең?-
У.
Жауабы: 50, 87,
46, 25, 80, 54, 15, 30, 88, 46, 7,
3
Т Е Ң Д Е У Ш Ы
Ғ А Р У
2).- Енді,
балалар, теңдеулер құрастырайық, оларды шешейік (суреттер
беріледі)
ТАҚТАҒА немесе ПЛАКАТҚА орындау (Әр топтан 1
бала орындайды)
І -
ТОП:
34+Х═27+33
34+Х
═60
Х═60 -
34
Х═26
34+26═27+33
60═60
ІІ -
ТОП:
34+Х ═
100
Х═ 100 -
34
Х═66
34+66═100
100═100
ІІІ -
ТОП:
Х +30 ═ 20+
38
Х+30═58
Х═58 -
30
Х═28
28+30═20+38
58═58
(Оқушылар дәптерлерінде
орындайды)
3) Ізденісті
проблемалық жағдаят жасау:
Теңдеудің жаңа
түрін шығарту. (Суретін
көрсету)
- Осы суретке
теңдеу құрастырыңдар:
(Тақта мен дәптерге
жазу)
24+Х ═ 30 - Бұл
теңдеуді бірден шешуге бола
ма?
- Алдымен оны
жеңілдету, яғни қарапайым түрге
айналдыру
Х ═ 30 - 24
керек. (15+9)+Х═ 30
Х
6
(15+9) +Х ═
30
30═30
4) ЕРЕЖЕ: →
слайд №3
Теңдеудің
мұндай түрін шешу үшін алдымен есептеуге болатындарын орындап, оның
сол жақ бөлігін жеңілдету
керек.
5). Ойын: « КІМ
ШАПШАҢ?»
Тақтада № 3
тапсырманы орындау:
І -
ТОП:
35+23 +Х ═
100
58+Х
═100
Х ═ 100 -
58
Х ═
42
35+23 +42
═100
ІІ -
ТОП:
Х - ( 23 +17)
═60
Х - 40 ═
60
Х ═
60+40
Х
═100
100 -(23+17) ═
60
ІІІ -
ТОП:
70 - а ═
8+9+2
70 - а ═
19
а ═ 70 -
19
а ═
51
70 - 51 ═
8+9+2
ІҮ. Сергіту
сәті:
Сағаттың
тіліндей иіліп оңға бір
Сағаттың
тіліндей иіліп солға бір
Оң аяқ, сол
аяқ, жаттығу оңай - ақ!
1, 2, 3 –
отырамыз тып - тыныш.
- Балалар,
алтын уақытымызды
үнемдейік!
Ү. Баспадан шыққан дәптермен
жұмыс:
- Балалар біз
жаңа сағат болып иілдік, тәніміздің сымбатты болуын ұмытпадық. Енді
сағатқа байланысты тапсырманы орындайық. Ол 40 -
бетте.
1. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ
ТАПСЫРМА
ҮІ. Оқулық материалымен жұмыс. Есептер шығару
143 бет
ПЛАКАТҚА
ЖАЗДЫРУ немесе ТАҚТАҒА
№5
а) Болды – 56 м
сым ----------------- Алынды - 14 м
сым
Қалды – 14 м
сым -------------------- Қалды -?,
сонша
Алынды - х
---------------------------- Болды -
х
Ш: 59 - Х ═ 14
------------------------ Ш: Х - 14 ═
14
Х ═ 56 - 14
----------------------------- Х ═
14+14
Х ═42
----------------------------------- Х
═28
Жауабы: 42 м
сым қалды. ---------- Жауабы: 28 м сым
болды
ҮІІ. Өзіндік
жұмыс
А) Р═ 3см
+3см+3см +3см ═12см
Ә) Р═
2см+5см+2см+5см ═ 14см
Б) Р ═1см+3см
+1см+3см ═8см
Әр топтан 1
оқушы шығып шешуін айтады.
ҮІІ: Рефлексия
кезеңі:
- Нені
үйрендік?
- Қандай
жұмыстар атқардыңдар?
- Сабақ ұнады
ма?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: №4 143 бет, №41, 21
бет.
ІХ.
Бағалау.
- Қай топ көп
фишка жинады – солар «5»
алады
аз алғандар «4»
алады
өте аз алғандар
«3» алады