Дағдыларды дамыту түрлері: коммуникативтік, танымдық, шығармашылық,
әлеуметтік - эмоцоналды.
Ұйымдастырылған іс-әрекет: көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, математика негіздері, жапсыру,құрастыру.
Міндеттері:
-Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу жұмыстарын жүргізе асыра отырып, салт-дәстүріміздің бірі текемет басумен таныстыру.Ұлттық салт-дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу, шығармашылық қиялы мен саусақ моторикасын дамыту.Танымдылық , зерттеушілік қызығушылығын ояту.
Технология түрі: Жүн технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы.
Әдіс-тәсілдер: «Бармақ» әдісі, сұрақ –жауап, көрсету, сөз жұмбақ.
Көрнекі-құралдар: Қойдың жүні, сабау, сабынды су, ши, бояу, видеоролик, фетра, қайшы.
Барысы:
Жарқырап күн де ашылады,
Айналаға нұр шашылады.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
-Балалар, бүгінгі күндеріңіз көңілді, сәтті өтсін!
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгін сендер әдемі болып тұрсыңдар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ шешуге дайынсыңдар ма? (балалардың жауабы)
Жұмбақ:
Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
-Дұрыс жарайсыңдар.
Ендеше балалар, біз телеэкранға назар аударайық.
-Біз нені көріп тұрмыз? (балалардың жауабы)
-Ия, бұл үй жануары қой. Қойдың сүті, еті адам ағзасына өте пайдалы болып келеді. Ал қойдың жүнінен түрлі бұйымдар жасап, киім тоқып, текемет басқан. Олай болса бүгінгі біздің ұйымдастырылған іс-әрекетімізде текемет басудың түрлі әдістерімен таныстырамын. Табиғи жүнді басу екі әдіс арқылы жүзеге асыруға болады, яғни ылғалды және құрғақ әдістер. Біз бүгін ылғалды әдісін қолданатын боламыз. Қойдың жүнін күзде және көктемнің соғы айында қырқатын болған. Күзде қырыққан жүннен киіз, текемет басқан. Көктемнің соңғы айында қырыққан жүннен киімдер тоқып, түрлі бұйымдар жасайды
Тіл ұстарту жаттығу
Ой- ой -ой
Қорада тұр қой.
Ки- ки- ки
Жүн нәски.
-Жақсы жарайсыңдар!
1.Тәжірибе: «Қойдың жүнін қиямыз»
-Ендеше балалар, алдымызда тұрған қойдың бейнесіне назар аударайық. Менің қасыма келіңдер,суреттегі қойдың жүнін қайшымен қиып алып,қиған жүнімізді ыдысқа саламыз.
2.Тәжірибе: «Жүнді сабау»
- Балалар бұл қойдың жүні, қой қорада тұратын болғандықтан, жүнінде түрлі қоқымдар, шөптер болады. Сондықтан біз жүнді тазалау үшін сабаумен сабаймыз және түтеміз. Жүніміз біркелкі болады.
-Жақсы жарайсыңдар! Өте тамаша!
3.Тәжірибе: «Жүнді бояу»
Балалар мені мұқият тыңдаңдар, себебі келесі біздің жасайтын жұмысымыз қауіпті болуы мүмкін абайлап жұмыс жасаймыз. Ыдыстағы судың температурасы жоғары.
-Алдымен қолымызға қолғап киіп, бояу қосылған ыдыстағы жоғарғы температурадағы суға жүнді жәйлап саламыз, оны бір шама уақыт араластырамыз.
Бояумен араласқан жүнді, судан шығарамыз.
-Жарайсыңлар балалар!
-Балалар мен сендерге тез дайын болу үшін, боялған жүндерді дайындап қойдым.
Боялған жүнді алақанымызға салып қысып (сығып) суын шығарамыз. Қыстырғышпен жіпке ілеміз.
-Балалар қараңдаршы жүніміздің түстері қандай болды?
-Боялған жүннің түстерін атаңдаршы?
-Қызыл, сары, көк, жасыл түстер.
Қолдарындағы қолғаптарын шешіп, құрғақ сүрткішпен қолдарын сүртеді.
Жұмыстарын жасап болған балаларды мадақтау.
Сергіту сәті
Ою-өрнек дегенде ою-өрнек,
Қошқар мүйіз оюы болсын өрнек.
Кел, балалар келіңдер, бірге киіз басайық,
Әдемі киіз болсын, өзге көрмек.
4. Тәжірибе: «Киіз басу»
-Енді, балалар текеметіміз тегіс болуы үшін, барлық жүнді тегістеп бір келкі етіп ши үстіне жүнді жаямыз. (Жүннің тегіс болуын қадағалау) Оның бетіне боялған жүннен өз қалауымызша оюды салып, сабын қосылған суды себеміз.Содан соң, бетіне шүберек жауып, сабынды сумен алақанымызбен жақсылап тегістейміз. Шиді орап алақанымызбен домалатамыз. Бір-біріне кіріккен текеметіміз дайын болғанда, оралған ши арасынан шығарамыз.
-Дұрыс, жарайсыңдар!
-Қане, балалар, жұмысымызды аяқтап болсақ, құрғақ сүрткішпен қолымызды сүртейік.
- Ал, енді балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
-Ойын ойнағыларың келе ма?
Ойын:«Сыйқырлы ою»
Міндеті:Ұжымдық жұмыс жасауға баулу.
Шарты: Оюларды ретімен орналастыру арқылы, қандай пішінге ұқсайтынын айта отырып текеметті құрастырып шығады.
Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет.
-Ой балалар, қараңдаршы бұл не?
-Ішінде не бар екен? (Балалардың жауабы)
Ертегі: «Қасқыр мен Қой»
-Ертегі ұнады ма?
-Ертегі не туралы екен?
-Алдынан не шықты?
Қой қасқырға не айтты? (Балалардың жауаптары тыңдалады)
Ойын: «Ғажайып текше»
Шарты: Текшенің әр бетіндегі, әр - түрлі оюдың атын атау.
-Балалар, сендердің жасаған жұмыстарың маған қатты ұнады, сендерге «керемет» деген баға беремін.
Балалардан кері байланыс алып ұйымдастырылған іс- әрекетті аяқтау.
№13 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
«Жұлдыз» аралас тобы
Тәрбиеші: Пірназарова Ш

2024-2025 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғажайып текше

шағым қалдыра аласыз