400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып түстер 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары ғажайып түстер 2 сынып. Түстер туралы балаға толық ақпарат беру. ойын арқылы баланы дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Баланың аты-жөні:


Сабақтың тақырыбы: Ғажайып түстер

Міндеті:Балалардың сөздік қорларын молайту,ой-өрісін дамыту.Компьютермен жұмыс істеу,ойын ойнау дағдыларын дамыту.Бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға,зейінді,шыдамды болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:Ақ,қызыл,жасыл,сары,көк.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер:Түрлі-түсті шарлар,қақпақтар,мозайка.

Техникалық құрал: Компьютер.

Балалардың іс-әрекеті:

Ал,балалар,сәлемдесіп алайық.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

Мұғалім:

-Балалар,біз таңертең тұрғанда нені көреміз?

-Күнді көреміз.

-Күнді көргенде қуанасыңдар ма?

-Иә.

-Ендеше,барлығымыз «Алақай» деп қол шапалақтайықшы.

(Қол шапалақтайды)

-Балалар,барлығымыз көңілімізді көтердік.Өте жақсы күнді көргенде барлығымыз қуанамыз.

Мұғалім: Балалар,біз бүгінгі оқу іс-әрекеттерімізде түстермен танысамыз.

Балалар,ең алдымен сендер менің сұрағыма жауап беріңдерші?

-Біз шәйіміздің тәтті болу үшін не қосамыз?

Балалар:Қант пен сүт қосамыз.

Мұғалім:Олардың түсі қандай?

Балалар:Ақ

Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар.

Компьютермен жұмыс:

Мақсаты:Эдуплей арқылы әр баланың қабілетін өз бетімен жұмыс істеу технологиялық білімдерін, практикалық біліктілігін дамыту.Атап айтқанда осы модульдің ішіндегі «түстер» көркем және шынайы бейнеде берілген.

Мысалы:Ақ,қызыл,сары түстерді тауып көрсетуді жеңілдету үшін «Көбелекті гүлге қондыру» түстеріне байланысты,тапсырманы көп жеңілдетеді.

Мұғалім:Балалар,қане қоржында не бар екен? Көреміз бе?

Қоржынның ішінен түрлі-түсті қақпақтар шығады.

-Балалар,мұнда көп қақпақтар бар екен.Қақпақтың пішіні қандай?

-Дөңгелек

-Түстері қандай екен?

-Қызыл,жасыл,сары,көк,ақ.

-Бәрекелді,ендеше осы сиқырлы қақпақтардан күн құрастырайық.

Осылайша,балалар,қақпақтардан күн,гүл құрастырып шығады.

Гүлдерін,күндерін қандай әдемі!

Жұмбақ шешу: (Бағдаршамның үлгісі)

Жолда тұрады

Үш түсі болады

Бұл не?

Жауабы: (Бағдаршам)


Сергіту жаттығуы:

Оңға,солға қараймыз,

Қызыл жанды- тоқтаймыз.

Сары жанды- тұрамыз,

Жасыл жанды-жүреміз.

«Ыдысты өз орнына қой» дидактикалық ойын.

Мақсаты:Күрешкені өз тәрелкесіне қою арқылы түстерін таңдап,кеңістікке дұрыс орналастыру қабілетін дамыту.

«Мозаика»

Мозаикадағы түстерді қолданып,ауызша есептеуге,кеңістікті бағдарлауға үйрету.

Мысалы: «3 қызыл түсті жоғары қатарға қой», «2 көк түсті төменгі қатарға қой»

«Барлығы қанша болды?» немесе «Ортасына сары түсті жина» «Жоғары оң жаққа көк түсті жина»

Мұғалім:Балаларға шармен «Түсі қандай» ойынын ойнатқызады.

Мақсаты:Балалардың түсін тани бүлуі.

Шарты:Мұғалім қолына бір шарды алып,түсін сұрайды.Дұрыс айтқан балаға сол шарды береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу:Түстерді бір-бірінен ажырата білу.

Жасай білу:Дөңгелек пішінді заттардан күн,гүл құрастырып жасай алады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19.10.2021
1273
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12