Материалдар / Ғажайып түстер әлемі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғажайып түстер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріктірілген ҰІӘ, шығармашылық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
133
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ғажайып түстер әлемі

Мақсаты:

Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін дамыту, ой-өрісін бейнелеу өнері әлеміне бағыттап, қызығушылығын арттыру.

міндеттері:

- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық  дағдыларды меңгерту;

- сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;

- көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларын меңгерту;

- айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;

Күтілетін нәтиже:

- Сурет салу құралдарымен жұмыс жасап үйренеді;

- Бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрларын айыра біледі;

- Үлгі бойынша суретті дұрыс үйлестіріп жаттығады;

- Түстерді саралауды үйреніп, түстермен жұмыс жасай алады;

- Түстердің мағынасын ашып, әңгімелеп береді;

- Өзі салған суретті салыстыра білуге дағдыланады;


Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: балалармен шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір-біріне күлімдеп, жақсы көңіл-күй туғызуға шақырып,

Сен менің досымсың, ал мен сенің досыңмын!

Қол ұстасып, бір-бірімізге күлімдеп қарайық және біздің қонақтарымызбен амандасайық.

Қызығушылықты ояту.

Тәрбиеші: Балалар бүгін топқа кірсем, кенет жел терезені ашып, ішіке желмен хат түсті. Міне (педагог балаларға хатты көрсетеді). Енді оны ашып, кімнен келгенін оқиық.

«Сәлем балалар. Менің атым Флора ханшайымы. Менің елімде бір мәселе болып жатыр. Зұлым сиқыршы менің патшалығымды сиқырлады. Барлық гүлденген бақтар түссіз болды. Табиғат тым көріксіз болып барады. Ал бізді гүлденген табиғаттың сиқыры ғана құтқара алады. Өтінемін, балалар, маған көмектесіңдер, сиқырлы ағаштардың күшімен елімді құтқарыңдар». (Суретін хаттың ішіне салып жібереді.)

Сөздің жұмыс: Флора, мағынасын түсіндіру.


Ой қозғау. (әлеуметтік даму, коммуникация))

Сұрақ-жауап.

Балалар табиғат нешеге бөлінеді? (2-ге бөлінеді, тірі табиғат, өлі табиғат)

Тірі табиғат деп неге айтамыз? (олар өседі, қозғалады, көбейеді)

Оларға нелер жатады? (адамдар, құстар, жануарлар, өсімдіктер)

Өлі табиғат деп неге айтамыз?(олар қозғалмайды, өспейді)

Оларға нелер жатады? (күн, су, құм, тас т.б)

Табиғатты қорғау деген не?

1.Қоқысты кез келген жерге тастама, арнайы қоқыс жəшігіне сал!

2.Ағаштарды кеспе, бұтағын сындырма!

3.Жануарларға зиян келтірме, қамқорлық жаса!

4.Құстарды өлтірме, ұя жасап қамқорлық көрсет!

5.Өсімдіктерді (шөптер, гүлдер) жұлма!

Сонымен ағаш табиғаттың қай бөлігіне жатады? (тірі табиғатқа жатады)

Ал, балалар, біз не істеуіміз керек, патшайымға қалай көмектесеміз. Сиқырлы ағаштарды қайдан алуға болады? (балалардың жауаптары, сурет салуды ұсынады).

- Жақсы ұсыныс.

Ендеше мен Шебер карандаш досымызға телефон шалайын. (коммуникация)

Телефон шырылдау. Шебер карандаш бізге Ғажайып түстер әлеміне көмек керек болып тұр. Флора ханшайымның патшалығын зұлым сиқыршы сиқырлаған, табиғаттың бәрі түссіз болып бара жатыр екен, жылдам көмек көрсету керекпіз.

Экраннан ашылып, Шебер – Қарындаш дауысымен:

Сәлем менің кішкентай суретшілерім. Мен Қарындаш шебермін, мен сендерді «Бояу-дақ» еліне шақырамын. Онда сендер көптеген қызықты нәрселерді таба аласыңдар. Бізде күшті ғажайыптар бар, сонда біз өмір сүреміз, біздің көшелерімізде қыл қаламдар жүгіреді, қарындаштар мақтанышпен жүреді, бояулар сән береді, ермексаздар билейді. Біздің елімізге келіп, ханшайымға көмектесуге болады деп ойлаймын.

Балалар қалай ойлайсыңдар барамыз ба? Балалардың жауаптары.

Көңілді музыка естіледі, шамдар сөнеді. Шам жанған кезде сиқырлы қалпақтар пайда болады. Қараңдаршы, бұл не? (Балалардың жауаптары)

Қане, біз оларды киеміз.

Сонымен біз сиқыршыларға айналдық, мен сендерді сиқырлы «Бояу-дақ» еліне баруға шақырамын. Менің артымнан жүріңдер

1,2,3 Бояу-дақ еліне түс.

Негізгі бөлім: (шығармашылық)

Экранда жабық есіктің суреті пайда болады.

Сиқырлы Бояу-дақ еліне жету үшін мына есікті ашу керек.

Ал мына есіктің кілттері біздің сиқырлы саусақтарымыз.

Саусақ гимнастикасы

Экранда карандаштар, қылқаламдар пайда болады.

Балалар біз табиғаттың таңғажайып болуына көмектесу үшін,

біз әдетте немен сурет саламыз?

Ой-ой Масқара! Бояу-дақ елінде барлық қылқалам мен қарындаштар жоғалып кетті, мұнда тек бояулар ғана қалды .(үстел үстінде карандаштар болмайды)

Не істейміз енді? Мүмкін біз қылқалам мен қарындашсыз сурет сала аламыз ба?

Немен сурет салуға болады?

Біз шаршап қалдық демалып алып ойланайық.

Ширату.«Құм, тас, су». (физикалық даму)

«Құм» дегенде әр жерде шашыранқы болып отыру.

«Тас» дегенде өз қолмен мүсін жасап тұра қалу.

Су дегенде толқын жасап қалу.


Балалар немен сурет салуға болады?

Балалар: мақта тампондарымен, саусақтармен, алақандармен, қағаздармен, губкамен, трафаретпен

Шығармашылық жұмыс, танымдық дамумен байланыстыру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, табиғат жарқын және шынымен сиқырлы болуы үшін мен сендерді үстелге келуге шақырамын, бұл үстелде ғажайып жасау үшін бәрі бар.

Тіпті үстелді табиғаттың төрт мезгіліне байланысты жасап қойған.

(Үстелге төрт мезгілге сәйкес суреттер қою)

Біз табиғаттың төрт мезгіліне бөлініп отырамыз.

Ендеше, алдарыңда жатқан параққа қараймыз, парақ қандай түсте болып тұр.

(парақтың төменгі бөлігі әр жыл мезгіліне байланысты, жоғарғы бөлігі көк түс)

Аспанға не жетіспейді? Балалар: бұлттар, күн

Тәрбиеші: Бұлттардың түсі қандай? Балалар: Ақ, көк, қара көк

Қане губканы бояуға малу арқылы трафареттің көмегімен бұлттарды саламыз

Барлығымыз бұлттарды салдық па?

Төменгі бөлігіне не жетіспейді? Ағаштар. (қиылып дайындалған ағаш макеті)

Ендеше ағаштарды жапсырып шығайық.

Ағаштар қандай көлемде болды? (Үлкен, кіші ағаштар)

Енді әр мезгілге өз ағашын бейнелейміз.

-Ағаштарды өз мезгіліне сай бейнелеу үшін мақта тампондарын мен бояуды пайдаланамыз.

Ой балалар қараңдаршы мына Бояу-дақ елінің ермексазы неткен тамаша, жұп-жұмсақ.

Осы ермексазбен ағаш үстінде ұшып жүрген құстарды саусақпен салып шығамыз.

Көктем мен жаз мезгіліне гүлдер жапсырамыз, күз мезгіліне түсіп жатқан жапырақтар жапсырамыз, қыс мезгіліне қар бейнесіне мақта жапсырамыз.

Балалар суретімізге бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты. Кім айтады? (Күн)

Тосын сәт

Экранда сандықшаның суреті пайда болады.

Тәрбиеші: Қараңдаршы, бұл не?

Дұрыс, балалар, мынау сиқырлы сандық.

Көрейік онда не бар екенін.

Педагог сандықты ашып, таң қалып, картоптан жасалған мөрлерді алады.

Ал мына картоптар ерекше, олармен сурет салуға болады ма? Мен тіпті картопты пайдаланып сурет салуға болатынын білмедім.

Үстелдерге жайғасып, ғажайыптар жасауды жалғастырайық. Біз мына мөрлі картопты алып сары түсті бояуға батырып, күнді саламыз.

Барлық туындыларымызды бір үстелге қойып, тамашалайық! Не деген табиғат көрінісі. Мен оларды қорапқа салып, патшайымға жіберуді ұсынамын, сонда гүлденген патшалық сақталады.

Табиғат туралы тақпақ айтамыз (коммуникация)

Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз.


Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.


Ал біздің қайтатын уақытымыз келді.

Экранда Шебер – Қарындаш – пайда болады.

Шебер қарындаш: Маған сіздермен болған ұнады, мен сіздерге ханшайымға көмектескендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді.

Сіздерді тамаша білімдеріңіз бен дағдыларыңыз үшін Бояу-дақ елінің - сиқырлы бояу кітаптарын ұсынамын. (раскраска) . Барлығына көп рахмет!

Балалар, осындай тамаша сыйлықтар үшін Қарындаш шеберіне алғысымызды білдірейік.

Балалар: Рахмет.

Міне, біздің Бояу-дақ еліндегі саяхатымыз осымен аяқталды.

Шеңберге тұрып, балабақшаға оралайық, қарапайым бала болайық.

Музыка ойнау. Сонымен біз балабақшаға оралдық.

Тосын сәт: Аудио.

Алақай , алақай Қымбатты менің достарым бізге көмектескендеріңіз үшін көөп рақмет. Біздің патшалықтың табиғаты түрленді. Тіпті құлпырып кетті. Бәрі сендердің көмектеріңнің арқасында. Рақмет балалар.

ОО! Балалар біз Флора ханшайымның патшалығын құтқардық.

Қортынды

Балалар, біз ханшайымға көмектесу үшін кімнен көмек сұрадық, қайда болдық?

Онда не істедік? Сендерге не ұнады? Бүгін не қызықты немесе ерекше болды?

Сендердің естеріңде не қалды?

Егер ұнаса шапалақтаймыз, ұнамаса аяқпен таптаймыз.

Рақмет сендерге балалар.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!