Ақтөбе қаласы,
«Жанибек» бөбекжай балабақшасы
«Ғажайып түстер» тақырыбындағы
арт-терапия бағытындағы тренинг сабағы
Педагог-психолог: Ф.Е.Ұзақпаева
2024-2025 оқу жылы
Мақсаты: Балалардың сенсорлық қабілеттерін, қиялын дамыту, сөйлеуі мен ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларда мейірімділік, жанашырлық, өзара құрмет және жылы қарым-қатынастарды дамыту.
Жасы: мектеп жасына дейінгі балалар
Материалдар: А4 қағазы; акварель бояулары; қылқаламдар; аспан, күн, теңіз, гүлдер мен ағаштардың суреттері.
Контингент: Ересек топ балалары
Сабақ түрі: арт-терапия, изотерапия бағыты.
Тренинг сабақтың барасы:
-
Кіріспе: «Түстер өмірінен үзінді» жаттығуы
Психолог сөзі:
«Балалар бүгін мен сендерге түстердің өмірінен бір қызықты оқиғаны айтып беремін. Бірақ алдымен қандай түстер бар екенін еске түсірейік. Мен бір түсті атаймын, ал сендер жалғастырасыңдар, жарай ма? Сонымен, қызыл ...»
Әртүрлі түстер аталғаннан кейін оқиғаны айта бастаңыз.
«Ертеде екі түс болған екен: сары және көк. Олар бірін-бірі танымайтын және әрқайсысы өзін ең қажетті, ең әдемі, өте, ең жақсы түс деп санайтын! Бірақ әйтеуір кездейсоқ кездесіп қалды... Әй, сонда не болды десеңші?! Екі түс те өздерінің ең жақсы керемет түс екендіктерін дәлелдеуге тырысты!
Сары айтты:
- Маған қара! Қара, мен қандай жарқын және нұрлы түспін! Мен күннің түсімін! Мен жаз күніндегі құмның түсімін! Мен қуаныш пен жылулық сыйлайтын түспін!
Көк жауап берді:
- Сонымен не?! Ал мен аспанның түсімін! Мен теңіздер мен мұхиттардың түсімін! Мен тыныштық сыйлайтын түспін!
Сары:
- Жоқ! Мен әлі де ең жақсымын! – деп таласып қалды Сары.
- Жоқ, мен ең жақсымын! – Көк мойыған жоқ.
Сөйтіп, олар дауласып, таласып... Дауласып, таласып тұрғанда....
Бұлардың дауысын естіген жел қатты соғып, оларды айналдырып алып кетті. Барлығы айналып, араласып кетті! Бұл екі даушы да араласты... Сары мен көк....
Ал жел басылғанда, Сары мен Көк қасында тағы бір түсті көрді, - Жасыл! Және ол оларға қарап күліп:
- Достар! – деді ол оларға.
- Қараңдаршы, мен сендердің арқаларыңда пайда болдым! Мен -Жасыл түспін, жасыл шалғындардың түсімін! Ағаштың түсімін! Бұл нағыз ғажайып қой! - деді.
Сары мен Көк сәл ойланып қалды да, қайта күлді.
-Иә, дұрыс айтасың! Бұл шынымен керемет! Ал біз енді ұрыспаймыз! Өйткені, әркім өзінше әдемі және қажет! Ал аспан мен күн, теңіздер мен шалғындар, қуаныш пен тыныштық бар! Барлығымыздың арқамызда әлем жарқын, қызықты және түрлі-түсті болады!
Ал үшеуі қол ұстасып, көңілді күлді! Енді олар өздерін жақсы сезінді!»
-
Негізгі бөлім: «Ғажайыпты түстерді бірге жасайық»
Осыдан кейін балаларды бірге ғажайып сурет салуға жасауға шақырамыз. Мұны істеу үшін бір пейзаж парағын, бояуларды және екі щетканы алыңыз. Баладан сұраймыз: Қазір қандай түсті салғыңыз келеді - сары немесе көк? Ол түсті таңдағаннан кейін айтыңыз:
«Тамаша! Сіз өзіңе ұнаған түсті таңда, ал қалған түспен бояймын. Ал сендермен бірге біз керемет жасаймыз! Мен айтқан оқиғадағы ғажайыптың қалай болғаны естеріңде ме? Иә, дұрыс, бір-бірімен араласқан екі түс бар: сары және көк.
Және сол екі түстің араласқанының арқасында жасыл түс болып шықты! Ендеше, біз осы ғажайыпты істеуге тырысамыз!
Мұны істеу үшін сен парақтың бір шетінен өзің таңдаған түсіңмен бояуды бастайсың және баяуды қағаздың ортасына қарай жылжытып бояйсың. Ал мен екінші шетінен сурет саламын. Ал сен екеуміз кездескенде ғажайып болады!».
«Ғажайып» болып, түс жасылға айналғанда:
- баладан қазір қағазда қанша түс бар екенін сұраңыз;
- сары мен көктің неге айтысып жатқанын сұрау;
- неге олар енді ұрыспауды шешті;
- жасыл түсті алу үшін не істеу керектігі туралы қайталап айту;
- басқа түстерді араластырып тәжірибе жасауды ұсыну;
- сіз тапқан барлық түстерді қамтитын жалпы суретті салыңыз. Оған ат беріңіз. Байқаңыз, біздің әлем соншалықты түрлі-түсті және ондағы барлық нәрсе өзінше жақсы. Бірге өмір сүру қаншалықты маңызды.
Ескертпе! Әңгімелеу кезінде балаға тиісті тақырыптағы фотосуреттерді немесе суреттерді көрсетіп орындасаңыз әсері жақсы болады. Сары мен көк арасында пікірталас болған кезде балаға аспан, күн, құм, теңіз және т.б. суреттерді көрсетіңіз. Жасыл пайда болған кезде шалғындарды және әртүрлі өсімдіктерді көрсетіңіз. Ал әңгіменің соңында бала осы түстердің бір-бірімен қалай үйлесетінін көре алатын фотосуретті көрсетіңіз.
-
Сергіту жаттығуы: «Саусақ гимнастикасы»
Мақсаты:қ қолдың саусақтарының қозғалысын дамыту.
Барысы: Балалар ендеше сурет салып болсақ саусақтарымызды демалтып бір сергітіп алайық. Балалар отырғышта тіке отырып, әр саусақ туралы айтылғанда саусақтарын бүгіп отырады.
-
Бас бармақ, сен қайда болдың?
-
Мен атамақ жасадым.
-
Балан үйрек, сен қайда болдың?
-
Мен қуыршақпен ойнадым.
-
Шылдыр шүмек, сен қайда болдың?
-
Мен бауға бардым.
-
Кішкентай бөбек, сен қайда болдың?
-
Мен бауырларыма ән салдым.
-
Қорытынды: Балалар біздер бүгінгі сабағымызды не білдік? Не істедік? Есімізге түсірекші? Біздер бүгін түстердің өмірінен үзінді оқиға тыңдадық, қандай түстерді білетінімізді қайталадық, түстерді араластыру арқылы басқа түс пайда болатынын білдік, оны өз қолымызбен жасап көрдік. Саусақтарымызды шынықтырдық, сергіп алдық, көңіл-күйімізді көтердік. Сендерге бүгінгі сабағымыздағы жаттығуларымыз барлығы ұнап, көңіл-күйлерің көтеріліп, бір сергіп қалдыңдар деп ойлаймын. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңа алғыс білідіремін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ғажайып түстер» арт-терапия бағытындағы тренинг сабағы

шағым қалдыра аласыз