БҚО, Казталов
ауданы
Хайнешова Зауре
Халеловна физика пәні мұғалімі
Сыныбы: 10а,
10б
Тақырыбы: «Ғажайып үштік»
интеллектуалды танымдық
сайысы.
Сайыстың
мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру. Топпен
жұмыс жасай отырып оқушылар
бір – бірін тыңдап, ортақ шешім
қабылдауға
үйрету.
Формасы:
танымдық
сайыс
Көрнекілігі:
интерактивтік тақта, компьютер, слайдтар,
эмблема, викториналық
сұрақтар,
тәжірибелік құралдар,
математикалық фигуралар.
Сайыс физика, информатика,
математика пәндері бойынша
өткізіледі.
Сайыстың
барысы:
І.
Ұйымдастыру.
І. Ойынға қатысушыларды өз
орындарына жайғастыру.
ІІ. Сайысқа қатысушы командалармен таныстыру.
ІІІ. Әділ қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік.
ІV. Сайыстың жоспарымен таныстыру.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
І. Топтардың
таныстыруы.
Әр топ өздерін таныстырып, эмблемаларын қорғап, ұранын
айтады.
ІІ. «Ой
толғау».
Бұл бөлімде топтарға физика,
информатика, математика пәндері бойынша викториналық сұрақтар
қойылады. Жауап нақты, тез болу керек.. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан
беріледі.
ІІІ. «Ғажайып
үштік» - бұл бөлімде ойыншылар ойын
тақтасында берілген ұпай санын таңдап, соған сәйкес жауап
береді.
ІV. «Ойланайық, кім
ойшыл» - бөлімінде әр топқа пән
бойынша топ оқушыларының логикалық ойлау қабілеті мен шығармашылық
деңгейін байқауға тапсырмалар беріледі. Тапсырманы орындауға 5
минут уақыт беріледі.
V. «Егер -
мен......».
Төрт бөлім бойынша көп ұпай
жинаған екі команда қатысады немесе ұпай сандары бірдей болған екі
команда қатысады. Екі команда өздерінің тәжірибе жасаудағы
мықтылықтарын көрсетеді.
VІ. «Раундровин».
«Физика» пәніне байланысты сөздер жазу керек.
Олар бір-бірімен байланысуы керек.
ІІ. «Ой
толғау» бөлімі бойынша берілетін
сұрақтар.
Химия пәні бойынша.
1. Металдарды пісіру және кесу кезінде қолданылатын
газ?
Жауабы:
Ацетилен
2. Органикалық қосылыстарды атаудың қандай түрлері
бар?
Жауабы: Тарихи, рационалды,
жүйелі
3. Шахтерлер үшін қауіпті газ?
Жауабы:
Метан
4. «Транспортир» - термині қай елдің не деген
сөзі?
Жауабы: латынша - «көшіру,
тасымалдау».
5. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге
тең?
Жауабы:
Ноль.
6. 10 мен15 - тің ең кіші ортақ
еселігі?
Жауабы:
30
7. Метеорлық дененің жерге түскен
қалдығы.
Жауабы:
метеориттер
8. Бір мегоньютонда неше ньютон
бар?
Жауабы: ( 1Мн=
106 Н)
9. Электр энергиясының шығынын
есептейтін құрал
Жауабы: ( есептегіш
)
10. Призманың көмегімен ақ жарықты спектрге жіктеуге болады. Бұл
қандай құбылыс?
Жауабы: Жарықтың
дисперсиясы
Математика пәні бойынша
1. х2+у2=r2 функциясының графигі.
Жауабы:
шеңбер.
2. Ежелгі грек ойшылы, ғұлама
математик?
Жауабы:
Пифагор.
3. Тек қарама - қарсы екі қабырғасы параллель болатын
төртбұрыш?
Жауабы:
трапеция.
4. Бауырдың цирроз ауруын тудыратын органикалық
қосылыс?
Жауабы:
спирт
5. Антисептик ретінде қолданылатын ароматты қосылысты
ата?
Жауабы:
фенол
6. Қант қызылшасында, қант қамысы және бірқатар өсімдіктер сөлінде
кездесетін
көмірсулар.
Жауабы:
сахароза
7. Пластмассаны неге пластикалық масса деп
атаған?
Жауабы: Қыздырғанда белгілі
пішінге келіп, суығанда сол
қалпын сақтайтын
материал
8. Өз сұйығымен динамикалық тепе - теңдікте болатын
бу.
Жауабы: қаныққан
бу
9. Метал өткізгіштердегі заряд
тасымалдаушылар.
Жауабы:
электрондар
10. Радио, телехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын
құрылғы.
Жауабы:
антенна
Физика пәні бойынша
1. Линзаның түрлері.
Жауабы: дөңес және
ойыс
2. Желсіз ауада гүл мен шөптердің қош иісінің таралуы, қандай
физикалық
құбылыспен
түсіндіріледі?
Жауабы:
диффузия
3. Аспанда ұшып өтетін отты шар
құбылысы.
Жауабы:
болид
4. Түйелер шөлге ұзақ уақыт шыдамды. Ол не
себептен?
Жауабы: Өркешіндегі майлар
тотығып, су бөлінеді
5. Крахмалды дәрігерлер мен медбикелер неге көп
қолданады?
Жауабы: Жиі кірленуден
сақтау үшін
6. Қанның құрамындағы белок?
Жауабы:
гемоглабин
7. Үштің нешінші дәрежесі 729 - ға
тең?
Жауабы:
алтыншы
8. Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға
қатынасы?
Жауабы:
sinα
9. Мына формула бойынша нені табуға
болады?
Жауабы: трапецияның
ауданын
10. 1 мен10 цифрларына қандай
амал қолданғанда 1 шығады?
Жауабы:
110=10
ІІІ. «Ғажайып
үштік» кезеңі бойынша қойылатын
сұрақтар
Химия пәні бойынша сұрақтар.
1. 20 - «Күрделі бөлшектің химиялық табиғаты өзінің қарапайым құрам
бөліктерінің
табиғатына, олардың санына
және химиялық құрылысына байланысты». (А.
М.
Бутлеров).
2. 30 - Дүние жүзі химиктері пайдаланылатын элементтердің химиялық
таңбаларын
кім ұсынған? (Я.
Берцеллиус).
3. 40 - «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация
қорғаған
орыстың атақты химик -
ғалымы? (Д. И. Менделеев).
Математика пәні бойынша сұрақтар.
1.
20 - 3 санына байланысты қандай ырым - жоралғыны білесің? (Үш
тәтті, үш
арсыз, үш жүз, үш жұрт, үш
мұрат).
2. 30 - Француздың ұлы, философы, математигі.
Аналитикалық геометрияны
жасаушылардың бірі. Айнымалы
шамалар ұғымын енгізген. Негізгі еңбектері
-
«Геометрия», «Әдіс жайлы
тасымалдаулар». (Рене Декарт).
3. 40 - 60 үш метрлік бөренені жарты метрден арамен неше бөлікке
(шөрнеге)
бөледі? (300 бөлікке).
Физика пәні бойынша сұрақтар.
1. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесін қалаған поляк ғалымы? (Николай
Коперник).
2. Индукциялық токтың бағытын анықтайтын ережені ашқан ұлы
физик? (Э. Х.
Ленц).
3. Ең алғашқы атом электр станциясы қашан, қай
қалада салынды? (1954ж, Обнинск
қаласы).
ІV. «Ойланайық, кім
ойшыл» кезеңі бойынша қойылатын
сұрақтар
1. Химия. «Химия және экология».
2. Физика. «Физика және техника».
3. Математика. «Сиқырлы
фигуралар»
Берілген тақырыптар бойынша оқушылар тақырыптың мазмұны мен
мағынасын ашып, сызба нұсқасы арқылы қорғау керек. Сиқырлы
фигуралармен тапсырмалар берілген шешуін табу қажет. Математика
пәні бойынша сұрақтар беріледі,
V. «Егер -
мен.....». Жоғарыда айтып өткеніміздей
бұл бөлімде алдыңғы төрт бөлім бойынша көп ұпай жинаған екі команда
қатысады немесе ұпай сандары бірдей болған екі команда қатысады.
Екі команда өздерінің тәжірибе жасаудағы мықтылықтарын
көрсетеді.
Химия пәні бойынша сұрақтар.
Тәжірибе№1
Үстелге алабота, сексеуіл, сүйек, сіріңке, мал майы, су қойылған.
Осы заттарды пайдаланып не нәрсе алуға болады? Қалай алады? Жолын
түсіндір.
Физика пәні бойынша
сұрақтар.
Тәжірибе№2
Схема бойынша тізбекті
құрау
VІ. «Раундровин».
«Физика» пәніне
байланысты сөздер жазу керек. Олар бір-бірімен байланысуы
керек.
Мысалы:
Электрадиоптикамперметрезисторакетатом
Мехника
….
Қорытындылау.
Сайыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар мен
жеңімпаз топ марапатталады. Көңілді ойынды осылай аяқтап, келесі ойында
кездескенше сау болыңыздар.