400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ғажайыпқа толы жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Бекітемін»

КММ «С.Аманжолов атындағы орта мектеп» директоры: Н.Е.Исканова












« ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ - ЖАҢА ЖЫЛ ! »

атты ертеңгілік сценарийі










Жауаптылар: бастауыш сынып мұғалімдері

Ж.К.Оралбаева, Б.М.Елеусизова
















Ұлан ауданы , Ұлан ауылы

2017-2018 оқу жылы

«ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ - ЖАҢА ЖЫЛ!»

Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын, береке, молшылық, бейбітшілік, тыныштық жылы болсын!
Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа нұр
Жасыл шырша жанында 
Билеп барлық бала жүр.
Жасыл шырша жанында
Қол ұстасып тұрайық
Өлең айтып ,би билеп
Мерекені тойлайық.
Бір музыка ойналады ( сұлтанды қарсы алатын әуен)

Музыка ойналады: шығыс әнімен сұлтан ортаға шығады.

ШЫҒЫС БИІ

Сұлтанның сөзі:

Сұлтан: Бұл не жиналыс? Мен қайда тап болдым?

ЖҮРГІЗУШІ: Иа, сұлтан! Сіз Жаңа жыл мерекесіне тап болдыңыз

Сұлтан: Мен өзіме жақын дос іздеп жүрген Шах сұлтанмын. Досымның әдемі, ақылына көркі сай сұлу қыз болғанын қалаймын.

ЖҮРГІЗУШІ: Бірер уақыттан кейін бүгінгі мерекенің басты қонағы Аяз ата келеді. Оның айдай сұлу немересі бар! Сізге ұнайды деп ойлаймыз!...күтейік!

Сұлтан: Қайдан келген қыз? Өзі сұлу ма? Ақылы көркіне сай ма? Қызығып кеттім ғой! Кәне, жылдам көрсетші... көрсетші!

ЖҮРГІЗУШІ: Суық, қарлы Солтүстіктің аруы ғой!

Сұлтан: Шыдамым таусылды! Әкеліңдер! Көрсетіңдер! Барыңыздар да, алып келіңіздер!

Музыка ойналады ( мыстан кемпірдің келуіне жағымсыз әуен орындалады)

Мыстан кемпір: Солтүстіктің қызын шақырдыңдар ма, міне солтүстіктің қызы. Мен келдім! Достасуға дайындалыңыз!

Сұлтан: Құдай-ау, мынау не дейді? Жүрегі-і-і-ім!

ЖҮРГІЗУШІ: Жоқ, мыстан! Сұлтанның көрікті досы Ақшақар! Олар Аяз Ата екеуі келе жатыр.

Сұлтан: Әлгі сұлу қыздарың осы ма? Бұл не қылған сұмдық?!! Дереу ұстап алып алдыма алып келіңдер!!!

ЖҮРГІЗУШІ: Сұлтаным бұл солтүстіктің қызы емес , бұл жалған айтып тұр.

Сұлтан: Басын алыңдар!!! Жазалаңдар бұны.

Уәзірлер оларды сұлтанның алдында бас игізеді.

Мыстан: ой, мені кешіре көріңіз! мен сіздерге арнап өз өнерімді көрсетейін! Балалар, маған көмектесіңдер! Өтінем!

ФЛЕШМОБ:

Тауық : Мен бір жыл бойы жұмыс істеп, шаршап жатыр едім, сендердің әндеріңді естіп...қарным ашып кетті! Менің сүйікті әніме билеген кім?

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті, Тауық! Келгеніңіз жақсы болды! Бұл Мыстан ғой, Сұлтанды және мына қонақтарды алдағаны үшін өнерін көрсетіп жатыр!

Тауық : Солай ма?! Мыстанның өнері ұнады ма сендерге , балалар???

БАЛАЛАР: Иааааа!

Мыстан: Рұқсат болса мен кетейін! Сау болыңдар балалар!

БАЛАЛАР: Сау болыңыз!!

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті Ескі жыл! Сізге айтар алғысымыз көп! Тауық жылы бәрімізге де берекелі жыл болды.

Тауық :  Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман, бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)

БАЛАЛАР: Сау болыңыз!

Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ дастарқан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде-жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

-Аяз ата мен Ақша Қардың келетін уақыты болып қалды...Олар келмей жатыр. Мүмкін, біз дауыстап шақырсақ келетін шығар. Балалар, кәнекей, Аяз ата мен Ақша Қарды дауыстап шақырайық!

БАЛАЛАР: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар!

(Музыка ойналады)


( Аяз ата мен Ақша қар келеді)

Аяз ата: : Амансыңдар ма, ұлдарым?
Амансыңдар ма, Қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр аз дем алғым.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де биленеді!

ХОР: «Шырша әні»

ЖҮРГІЗУШІ: Аяз ата Байқасаңыз бізде Ертегілер әлемінен келген Шығыстың сұлтаны бар. Ол Ақшақармен дос болсам дейді.

СҰЛТАН: Иа Аяз ата, шынымен немереңіз сұлу екен! Ақшақармен достасуға рұқсат беріңіз!

АЯЗ АТА: Мен бұл мерекеге Жаңа Жылмен бірге келе жатқанмын. Алдымыздан Мыстан шығып, Оны алдап өзімен алып кетті. Егер Жаңа Жылды Мыстаннан құтқарып, тойға алып келсең немереммен достасуға рұқсат беремін.

СҰЛТАН: Жарайды, тапсырмаңызды орындаймын. (жүгіріп, кетіп қалады)

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар! Сұлтанымыз Жаңа Жылды алып келгенше жайғасыңыздар! Балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!

ӘН:

АЯЗ АТА (мадақтап отырады, Ақшақар кәмпиттерін таратады!

АҚШАҚАР: Балалар енді СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ ойынын ойнайық! Музыка әуені бойынша таяқты бір-бірімізге береміз. Музыка тоқтағанда таяқ кімде қалса, сол Жаңа жыл туралы тақпағын айтады.!

Сиқырлы таяқ ойыны. ЖАҢА ЖЫЛ ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР

АЯЗ АТА(мадақтап отырады, Ақшақар кәмпиттерін таратады!

(жылдам музыка ойналып, Сұлтан Ит жылын әкеледі)

СҰЛТАН: Міне, Аяз ата! Мен бұйрығыңызды орындадым! Жап-жаңа Ит жылын алып келдім!

ЖҮРГІЗУШІ:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Ит жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғансын жаңа уақыт! Қош келдің Жаңа Жыл! Қадамың құтты болсын!

ЖАҢА ЖЫЛ:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

ЖҮРГІЗУШІ: Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық! Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған биін тамашалаңыздар!

БИ:

ЖҮРГІЗУШІ -Ал енді, бүгінгі сыйлы қонақтарымызбен бір ойын ойнап жіберейік!

Ойын шарты: Түрлі-түсті 3 шар тұрады. 3 ата-ана шығып өзіне ұнаған шарды жарады. Ішінде тапсырма жазылған қағаз болады.

Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман

Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі

Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!

НОМЕР

АЯЗ АТА: Ал, қарақтарым ! Уәдемді орындап Сұлтанға немереммен жақын дос болуға рұқсатымды беремін! Бақытты болыңдар! Енді Ақшақар екеуімізге тағы да серік қосылды! Жарайды! Бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайық. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер! ЕНДІ БІЗДІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢДАР; БАЛАЛАР!

Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.

Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

ЖҮРГІЗУШІ::

Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

(Аяз ата, ақша қар кетеді. )

Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі