Түркістан облысы,
Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылы,
«С.Ерубаев атындағы
жалпы орта мектеп»
мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің биология пәнінің
мұғалімі:
Ешмұратова Гүлнар
Бегалықызы
Сабақтың
тақырыбы: «Ғажайыптар
әлемі»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: алқа тұқымдасына жататын
өсімдіктердің түрлерін,жемісі мен гүлінің құрылыс ерекшеліктерін
түсіндіру.Олардың тағамдық,дәрілік және сәндік мақсатта өсірілетін
түрлерін ажырата білуді үйрету.
Тәрбиелілігі: дәрілік мақсатқа өсімдіктің
қандай бөліктері алынатынын білу.
Дамытушылығы: бақшада өсірілетін алқа
тұқымдастарын өсіруге қойылатын талаптарды үйрету.Олардың санын
көбейту ерекшеліктерін түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті
тақта,кесте,көкөністер жиынтығы,гүл
үлгісі,гүлдердің
түрлі-түсті
суреттері
Сыныпқа жақсы ахуал
туғызу
«Мен жасаған жақсы іс» бүгінгі
жасаған жақсы ісі туралы айтады.
ІІ тапсырма
Сыныпты топқа бөлу (кәмпит түстерімен)
І топ: (қызыл түст кәмпиттер) КАРТОП
ІІ топ: (жасыл түсті кәмпиттер)БҰРЫШ
ІІІ топ: (сары түсті кәмпиттер)ҚЫЗАНАҚ
Түрі: аралас
сабақ
Әдісі:
1. Кім
жылдам
2.
Жұмбақтар
3.Ән
шашу
4.Кім
тапқыр
5.
Мақалдар
6. Картоп
өсіру
7.Тест
Сабақтың
жүрісі:
І.Ұйымдастыру
ІІ. «Кім
жылдам»
1.Шаршыгүлділердің гүлінің
құрлысын формула түрінде жаз?
2.Қосарланып ұрықтану
дегеніміз?
3.Алқа тұқымдасының тағамға
пайдаланылатыны?
4.Барлық өсімдіктерді тағамға
пайдалы ма?
5. Алқа тұқымдастарына қандай
өсімдіктер жатады.
6. Алқа тұқымдатардың қандай айырым белгілері бар?
7. Алқа тұқымдастардан қандай өсімдіктер улы болып келеді?
8. Алқа тұқымдастар Қазақстанның қай жерлерінде өсіріледі?
9. Картоптың халық шаруашылығындағы қандай маңызы
бар?
10.Баклажан қандай
өсімдік?
11.Алқа тұқымдастың гүл
формуласын айт.
12.Алқа тұқымдастарының тобына
жататын өсімдіктер.
13.Олардың пайдасы
қандай?
ІІІ.
Жұмбақтар
Аласа талда алуан
алма,
Алқызыл болмай аузына салма
(қызанақ)
Екі жағы бүртік, ортасы сызық.
(бидай)
Сабағы садақ
оғындай,
Жер қайысқан
тобырдай
Жесең бірақ
жұғымтал
Көзден жасты шұбыртар
(жуа)
Отыз көйлек
киінген,
Бір түйме жоқ ілінген
(орамжапырақ)
Іші сары, сырты
қатты
Дәні дәрі, дәмі
тәтті.
Пісіріп жесең,
ас-тамақ
Оның
аты....(асқабақ)
Сопақша көк өңі
бар,
Пайдалы, мөлдір сөлі
бар
Піскен кезде
жияр.
Оның аты.....
(қияр)
Аспай
піскен,
Қайнамай түскен
(жеміс)
Жазда тұрып
жоғары,
Күзде жерге қонады
(жапырақ)
Жер астында жез қазық.
(сәбіз)
Көк ала шапан
киеді,
Күннің көзін сүйеді.
(қарбыз)
ІV. Ән
шашу
VI.Мақалдар
VII. Картоп
өсіру
Картопты өсірудің негізгі
агротехникалық шараларын дұрыс анықтау.
Орындалатын тапсырма: 1
Қопсыту. 2 Суару. 3 Түптеу.
5 Химикаттармен өңдеу 6 Егу
терендігі 5-10см. 7 Ашық топыраққа егу.
8 Қатардың ара қашықтығы 60-70
см. 9. Егер алдында тыңайтқыш енгізу.
10 түйнектерді ара қашықтығы
30-40см.
Дұрыс жауаптар 9. 7. 6. 10. 8.
1. 2. 3. 5.
VIII.Тест
1.Жер шарында кездесетін алқа
тұқымдастар саны:
А) 2900 – ге жуық в) 30000 с)
22000 – дай
2.Алқа тұқымдасына жататын улы
өсімдік …
А) баклажан в) картоп с) сасық
мендуана
3.Алқа тұқымдастарға жататын
өсімдік …
А) болгар бұрышы В) итмұрын С)
сәбіз
4.Тек гүлді өсімдікке тән
мүшені белгілеңіз ...
А) жапырақ в) гүл с)
өркен
5.Қазақстанда кездесетін алқа
тұқымдастар саны:
А) 24 в) 30 с)
22
6.Гүлі кіріккен 5 тостағанша
және кіріккен 5 күлтежапырақшадан тұрады, сондықтан оларды ........
атайды.
А) шаршыгүлділер в)
кіріккенкүлтелілер с) ерінгүлділер
7.Алқа тұқымдастардың гүлінің
формуласы:
А)
Т(5)
К(5)
А5
Ж2
В)
Т
2
К
2+2
А
g
Ж
g
В) Т
2+2
К
4
А
2+4
Ж
(2)
8. Алқа тұқымдастардың жемісі
қандай?
А) қанатша в) жидек немесе
қауашақ с) сүйекті
9.Тағамға пайдаланатын алқа
тұқымдастарды көрсет:
А) болгар бұрышы,баклажан В)
итмұрын, шетен С) сәбіз, қияр
10.Алқа тұқымдас нағыз улы ,
әрі дәрілік өсімдік ...
А) бидай В) баклажан С)
меңдуана, сасық меңдуана
11. Алқа тұқымдас сәндік
өсімдіктер:
А) болгар бұрышы,баклажан В)
итмұрын, шетен С) шырайгүл,қызылқұлақ
12.Күтім талғамайтын ,ұзақ
гүлдейтін сәндік алқа тұқымдасы:
А) баклажан В) итмұрын С)
шырайгүл
13.Жабайы түрі Үндістанда
өсетін,көпжылдық шөптектес :
А) баклажан В) итмұрын С)
қызылқұлақ
14.Баклажанды көшет арқылы
қайда өсіреді?
А) себетте в) жылыжайда с)
бау-бақшада
15.1 гектарынан 15-30 т түсім
алынатын, үсікке тез шалдығатын өсімдік:
А) баклажан В)шетен С)
шырайгүл
16.Жемісінің құрамында
нәруыз,май және фосфор,темір,кальций болатын
өсімдік:
А) болгар бұрышы В) баклажан
С) шырайгүл
17.Алқа тұқымдасына жататын
жылусүйгіш,алдымен көшет ретінде егілетін
өсімдік:
А) болгар бұрышы В) итмұрын С)
қызанақ
18. Алқа тұқымдасына жататын
тағамдық,техникалық,малазықтық өсімдік:
А) баклажан В) картоп С)
шырайгүл
19.Картоптың жерасты өркені
.
А) түбіртек в) пиязшық с)
түйнек
20.Алқатұқымдастар
...
А) қызанақ, картоп в)
қайың,қазтабан с) үйеңкі, қарағай
21. Картоптың отаны
...
А) Солтүстік Америка в)
Оңтүстік Америка с) Солтүстік Африка
22. Алқа тұқымдасының
гүліндегі күлте жапырақшаларының саны - …
А) 5 в) 6 с)
10
23.Картопты өсірудің ең
қолайлы әдісі.
А) тұқымынан в) көзшесі бар
түйнегінен с) өркенінен
24.Картоп түйнегінде мол
болады:
А) нәруыз в) май с)
крахмал
25.Картоптың жемісін қалай
атаймыз?
А) жидек в) пиязшық с)
түйнек
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
|
а
|
с
|
а
|
в
|
а
|
в
|
а
|
в
|
а
|
с
|
с
|
с
|
а
|
в
|
а
|
в
|
с
|
в
|
с
|
а
|
в
|
а
|
в
|
с
|
а
|
Бағалау.Сайыс сабағына
қатысқан оқушыларды бағалап марапатталды.