400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайыпты бағала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ балабақша тәрбиеленушілерінің қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыруға, жақсылықты көре білуге және қарапайым нәрселердің өзінде ғажайып бар екенін түсінуге бағытталған. Сабақ барысында ойын әдістері, әңгімелесу, қимыл-қозғалыс және шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабілеті, тіл байлығы мен эмоциялық сезімталдығы дамытылады. Сабақ балаларды мейірімділікке, алғыс айтуға және табиғатты, адамдарды бағалауға тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС -ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ
Балалардың танымдық дағдларын дамыту, жеті саны туралы түсінік беру, ұлттық құндылыққа
баулу, танымдық-логикалық білімдерін тинақтау, дыбыстарды ажыратуға үйрету,
шығармашылыққа баулу.

МІНДЕТТЕР
Балаларға аптаның жеті күнінің белгілі тізбекте тұратыны туралы түсінік беру және атауларын
еске сақтап алуға көмектесу; жеті санына қатысты қазақ халқының жеті ата, ертегілердің
мазмұндарында кездесетін жеті саны туралы түсініктерді пысықтау; реттік сандар қатарын
қайталау, реттік сан есімдерді құрап айтқызу; дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату; буынға
бөлу.
Логикалық ойлау, еске сақтау қабілеттерін арттыру.
Ұғымталдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Балаларға жеті атаның мағынасын түсіндіру; апта күндерін, жеті санына қатысты ұғымдарды
және бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші сияқты реттік сан
есімдерді айтқызу арқылы сөйлеу қабілетін жетілдіру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Қуаныш шеңбері, миға шабуыл, кіріспе әңгімелесу, мнемокарточкалармен жұмыс, әңгімені
мәнерлеп оқу, көркемсөз, топтық жұмыс, сөздік жаттығу, іс-тәжірибе жаттығуы, салыстыру,
сәйкестендіру, пысықтау, бағалау, қорытындылау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік материалдар.
Интербелсенді тақта, көрнекіліктер көрсеткіш.
Ырғағы әртүрлі әуенжазбалар.
Күз мезгілінің түрлі құбылыстарының мнемосызбалары.
Атауында 7 саны бар ертегілер мен ұғымдардың суреттері.
Апта күндері туралы әңгімеге сюжеттік суреттер.
Апта күндері тізбегінің сызбасы.
Апта күндерін кезекпен тізбекте тура және кері бағытта атау бейнежазбасы.
Жеті ата ұғымы бойынша сызбалы сурет.


2. Үлестірмелі материалдар.
Әр балаға апта күндерін білдіретін жеті түсті карточкалардың бірі.
Математикалық тапсырмаларға арналған түрлі үлестірмелі материалдар.





Page 2

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Қуаныш шеңбері. «Ғажайыпты бақыла!»
Көркемсөз.
Түрлі түсті ғажайыптар
Бізді қоршап жатыр.
Оңға қара, солға қара,
Ғажайыпты бақыла!
Педагог:
– Балалар, бізді қоршаған әлемнің ғажайыптары көп болса да, адамның ой-қиялы да жүйрік.

1.2. Миға шабуыл. «Күзге сипаттама».
Педагог:
– Балалар, күз мезгілі өз мәресіне жетті. Аяқталуға жақын қалды. Балалар, күз мезгілі туралы
білімімізді пысықтап алайықшы.
– Ол үшін, балалар, сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Дайынсыңдар ма? Олай болса,
балалар, бастайық!
– Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз айларын атайық.
– Күзгі құбылыстарды атайық.
Педагог балалардан бір сөз не фразадан қабылдайды.
Балалар жауаптарында жапырақтардың сарғайып жерге түскенін, адамдар піскен көкөністер
мен жемістерді, астықты жинап жатқанын, күннің суытқанын, жаңбырдың жиі жауатынын, жыл
құстарының жылы жаққа ұшып жатқандары туралы айтып жатады.
Балалден жауап бермей жатса, педагог мнемокестені қолданады.
1.3. Кіріспе әңгімелесу. «Жеті санына қатысты ұғымдар».
Педагог:
– Балалар, мен бір ғана сұрақ қоямын. Жеті санына қатысты қандай шығармаларды білесіңдер?
Соны айтып шығыңдар.
Балалар «Қаршақыз бен жеті құртақан», «Жеті түсті гүлтабан гүлі», «Қасқыр мен жеті лақ»,
«Жетіқарақшы», «Жеті ата», «Наурыз көжеге қосылатын жеті түрлі дәм» туралы айтып жатады.
Балалар бастай алмай жатса, педагог суреттерді көрсетеді.

– Жарайсыңдар! Балалар, біздің әр жеті күніміз бір аптаға бірігеді. Қалай бірігеді? Қазір көрейік.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Әңгімені мәнерлеп оқу. «Дана апта күндерін жаттап алды».
Алан мен Дана балабақшаға барады.
Алан ересек бала болғандықтан, кішкентай Данаға үнемі қамқор болып жүреді. Ата-анасының
қолы босамай жатса, қарындасына өз білгенін үйретуге тырысады.

Дана өте ерке қыз. Таңертең ерте тұру, балабақшаға жылдам жиналу оған қиын көрінеді.
Дана көзін уқалап, төсекте отырып: «Балабақшаға қанша күн барамын?» – деп сұрайды.
Сонда Алан қарындасына мына тақпақты жаттатады.
Көркемсөз.
Бірінші күн – дүйсенбі,
Екінші күн – сейсенбі,


Page 3

Үшінші күн – сәрсенбі,
Төртінші күн – бейсенбі,
Бесінші күн – жұма.
Одан ары күн тұр ма?
Алтыншы күн – сенбі,
Жетінші күн – жексенбі,
Бұл екеуі – демалыс күндері,
Барлығы – апта күндері.
Дана балабақшаға барарда осы тақпақты айтып жүреді.
Педагог:
– Алан да өте қуанышты. Дана үшін әр күн көңілді сөздерден басталады.
– Балалар, Дананың тақпағын жаттап алдыңдар ма?

2.2. Жаңа ұғым туралы түсінік беру. «Жеті күн аралығындағы уақытты бағдарлау».
Педагог балаларға жеті күн қатарының сызбасын көрсетеді.
– Балалар, аптаның жеті күні бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
– Апта күндерін бірге атап шығайық.
Педагог бейнежазба жексенбі күніне жеткенде оны тоқтата тұрады.
– Жарайсыңдар, балалар! Енді кері ретпен айтып шығайық.
Балалар апта күндерін кері ретпен айтып жатады.
Педагог балаларға апта күндерін пысықтау үшін жаттығулар ұйымдастырады.
– Балалар, аптаның екінші (бесінші, жетінші) күнін атайық.
– Балалар, сейсенбі мен бейсенбі (сенбі мен бейсенбі, жексенбі мен сейсенбі) күндерінің арасында
қандай күн бар?
– Мына күн жұманың (жексенбінің, сәрсенбінің) алдында жүреді.
– Бұл күн бүрсігүні келеді.
– Бұл күн алдыңғы күні өтіп кетті.
– Жарайсыңдар!

2.3. Топтық жұмыс. «Апта күндері тізбектерінің сайысы»
Педагог балаларға жеті түстен құралған апта күндерінің тізбегін алмай, жеті түсті
карточканың біреуін алуды ұсынады.

– Балалар, қазір барлығымыз жеті баладан тұратын бірнеше топ құрап тұра қалайық. Бір топтағы
карточкалардың түстері қайталанбау керек.
Педагог ойынды көңілді өткізу үшін әуеннің дыбысын ақырындатып қосып қояды.
– Жарайсыңдар, балалар! Карточкаларыңның түстеріне сай апта күндерінің тізбегін құрастырып, бір
сапқа тұра қалыңдар. Дайынсыңдар ма?
– Енді әр топтағы ойыншы өз күнін кезекпен атау керек.
Балалар ең жылдам болған және күндерді шатастырмай айтқан топты атап жатады.
Балалардың кезектегі өз орнын айтуы белгілі дәрежедегі икемділікті қажет етеді. Педагог тапсырманы
жеңілдеткісі келсе, қарсылас топтың тізбегін атауға мүмкіндік береді.

2.4. Сөздік жаттығу. «Жеті ата шежіресі».
Міндеттері: балаларға реттік сандарды дұрыс атауды және санауды бекіту, қатардағы орнына қарай
ретік сан есімдерді анықтап айтуды үйрету; жеті атаны жатқа білуге ынталандыру.
Педагог:
– Балалар, отбасы шежіресін – жеті ата деп атаймыз. Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-
санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Қазақ баласы
өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, барлық жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап


Page 4

өседі.
– Барлығымыз жеті атамызды қаншалықты білетінімізді еске түсірейік.
– Осы шежіредегі жеті атаның атауларын оң жақтан сол жаққа қарай атап көрейік: түп ата, тек ата, баба,
арғы ата, ата, әке, бала.
– Оң жақтан сол жаққа қарай атайық: бала, әке, ата, арғы ата, баба, тек ата, түп ата.
– Жарайсыңдар!
– Ал енді, балалар, оң жақтан сол жаққа қарай шежіредегі бірінші адамды атайық.
– Дұрыс, бұл бала.
– Екінші кім?
– Дұрыс әке.
– Бесінші тұрған кім?
– Дұрыс. Бесінші тұрған баба.
– Алтыншы кім?
– Дұрыс. Алтыншы тұрған тек ата.
– Төртінші тұрған адамды ұмытып кеттік. Кім ол?
– Дұрыс. Төртінші тұрған арғы ата. Жарайсыңдар!
– Жетіншіні кім еске сақтады?
– Жетінші тұрған түп ата. Тамаша!
Педагог сандар қатарын балалардың алдына қойып, тағы бір рет жеті ата кезегін қайталатады.


2.5. Математикалық тапсырмалар
Педагог:
– Балалар, жеті санының қасиетті екеніне көзіміз жетті. Қазір менің қолымдағы түрлі-түсті асықтар
арқылы топқа бөлініп тапсырмаларды орындаймыз.
1-топ: «Қызыл асық» тобы
Тапсырма: «Санның құрамын тап»
2-топ: «Көк асық» тобы
Тапсырма: «Сандар мен заттарды сәйкестендір»
3-топ: «Сары асық» тобы
Тапсырма: «Заттарды салыстыр»
2.6. Сергіту ойыны: «Кім зерек, кім шапшаң?».
Ойын шарты: әріптер бейнеленген текшені педогог бастап балалар әуенмен бір-біріне жолдайды, әуен
тоқтаған сәтте текше қай баланың қолында қалады және қандай әріп түседі сол әріпті атап, сол
дыбыстан басталатын бірнеше сөздерді атайды, аталған сөздерді балалар буынға бөледі. Ойын
осылайша бірнеше рет қайталанып жалғасады.
2.7. Шығарашылық жұмыс
Тамшылату әдісімен «Күзгі ағашты» бейнелеу
Мақсаты: балалардың шығармашылық қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа, әдемілікке ,
әсемдікке баулу.
Педогогтің үлгісі бойынша балалар ағаш діңгегіне мақта дөңгелектерін жапыстырып, оған тамышылату
әдісімен күзгі ағаштарды бейнелейді.
3. ҚОРЫТЫН ДЫ
Балалардың жұмысын талдау, бағалау және қорытындылау.
Педагог:
– Балалар, бүгін не туралы көп айттық?
– Жеті санына қатысты қандай түсініктерді білдіңдер?
– Балалар, аптаның әр күні тізбектегі өз орнында болғаны маңызды ма? Неге?
– Жеті ата шежіресінде ше? Неге?
– Балалар, өз тобымызға тән жеті қасиетті бәріміз бірге атайық.
– Жарайсыңдар, балалар!
– Сендер айтқан достық, еңбексүйгіштік, жомарттық, ұйымшылдық, үлкенге құрмет, зияткерлік сияқты
жеті қасиет өмірімізде өте маңызды. Жарайсыңдар, балалар.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
12
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі