Ғаламдық экологиялық мәселелер: Географиялық
талдау және Қазақстан мысалдары
География пәні
оқытушысы:
Нурлыбаева Гульжанар
Турсынбековна
Түйін
Бұл мақалада қазіргі әлемдегі
ғаламдық экологиялық мәселелердің негізгі түрлері мен олардың
географиялық таралуы қарастырылады.
Климаттың өзгеруі, шөлейттену, биологиялық
әртүрліліктің азаюы, су ресурстарының тапшылығы және атмосфераның
ластануы сияқты өзекті проблемаларға талдау жасалады. Қазақстандағы
экологиялық жағдайлар, соның ішінде Арал теңізінің тартылуы, Семей
ядролық полигонының әсері, мұнай өндіру аймақтарындағы ластану және
орман ресурстарының азаюы мысал ретінде келтіріледі. Мақалада
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық және
ұлттық деңгейде қабылданған шаралар мен бастамалар да
сипатталады.
Аннотация
В этой статье рассматриваются основные типы глобальных экологических проблем в современном мире и их географическое распределение. Будут проанализированы актуальные проблемы, такие как
изменение климата, опустынивание, сокращение биоразнообразия, нехватка водных ресурсов и загрязнение атмосферы. В качестве примеров приводятся экологические условия в
Казахстане, в том числе привлечение Аральского моря, воздействие Семипалатинского ядерного полигона, загрязнение нефтедобывающих зон и сокращение лесных ресурсов. В статье также описываются меры и инициативы, принятые на международном и национальном уровнях для обеспечения экологической безопасности.
Annotation
This
article
examines
the
main
types
of
global
environmental problems
in
the
modern
world
and
their
geographical distribution. Current
issues
such
as
climate
change,
desertification, declining
biodiversity, water
scarcity,
and
atmospheric pollution
will
be
analyzed.
Environmental conditions in
Kazakhstan are
given
as
examples,
including
the
involvement of the
Aral
Sea,
the
impact
of the
Semipalatinsk nuclear
test
site,
pollution
of
oil-producing
zones
and
the
reduction
of
forest
resources. The
article
also
describes
the
measures
and
initiatives taken
at
the
international and
national
levels
to
ensure
environmental safety.
Ғаламдық экологиялық мәселелер — қазіргі заманның
ең өзекті және күрделі проблемаларының бірі. Олар тек табиғи
ортаның ғана емес, сонымен қатар адамзаттың әлеуметтік-экономикалық
дамуына да әсер етеді. Климаттың өзгеруі, шөлейттену, биологиялық
әртүрліліктің азаюы, су ресурстарының тапшылығы және атмосфераның
ластануы сияқты мәселелер әлемнің көптеген аймақтарында байқалады.
Қазақстан да бұл проблемалардан тыс қалмай, өзіне тән экологиялық
қиындықтарға тап болуда.
Озон қабатының
(озоносфераның) бұзылуы.
Атмосферадағы озонның мөлшері
бар болғаны 0,004%-ды
құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі)
қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр
зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің
молекуласынан (02)
озон молекуласы (О3)
түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып
есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны
білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті
Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500
есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон
қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге
көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін
сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл
сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді,
организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін
сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну
процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн.
Озоносфераның бұзылуы орны толмас
жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына,
жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына,
өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып
келеді.
1. Климаттың өзгеруі
Климаттың жаһандық өзгеруі — орташа
температураның көтерілуі, жауын-шашын режимінің өзгеруі,
мұздықтардың еруі және экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілеуі
сияқты белгілермен сипатталады. Қазақстанда бұл құбылыстар ауыл
шаруашылығы, су ресурстары және экожүйелерге теріс әсерін тигізуде.
Мысалы, Іле Алатауындағы мұздықтар көлемі соңғы 50 жылда шамамен
30% азайған, бұл болашақта су тапшылығына әкелуі
мүмкін
2. Шөлейттену және жердің
деградациясы
Шөлейттену — жердің өнімділігінің төмендеуі және
экожүйелердің бұзылуы. Қазақстанның Арал маңы, Батыс және Орталық
аймақтарында жауын-шашынның азаюы мен антропогендік факторлар
шөлейттену процесін жылдамдатуда
3. Су ресурстарының тапшылығы
Су ресурстарының жетіспеушілігі — көптеген елдер
үшін өзекті мәс…
Орман алқаптарының азаюы, шөлейттену және ластану
биологиялық әртүрліліктің төмендеуіне әкеледі. Қазақстанда орманды
жерлер тек 3,8% құрайды, ал зиянкестер мен аурулар орман
алқаптарының жағдайын нашарлатуда
Қорытынды
Ғаламдық экологиялық мәселелер
- ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған
экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың
экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи
экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік
мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар
тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі
мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық
елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық
түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі;
биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес,
тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің
технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен
өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау;
қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының
тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік
беру. Ғаламдық экологиялық мәселелер
— адамзаттың болашағына тікелей әсер ететін күрделі проблемалар.
Қазақстанда климаттың өзгеруі, шөлейттену, су ресурстарының
тапшылығы, атмосфераның ластануы және биологиялық әртүрліліктің
азаюы сияқты мәселелер өзекті болып отыр. Оларды шешу үшін
халықаралық келісімдерге қатысу, ұлттық бағдарламалар қабылдау және
экологиялық білім мен мәдениетті арттыру
қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Климаттың өзгеруі және Қазақстанның
геоэкожүйесіне әсері — Республикалық білім
порталы.
2.
Экологиялық мәселелер – басты назарда.
3. Қазақстанның экологиялық мәселелері -
Stud.baribar.kz.
4. Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай
- Stud.baribar.kz.
5. Орталық Қазақстандағы экологиялық
қауіпсіздіктің кейбір мәселелері (су ресурстарының
мысалында).