Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, психологиялық ахуал
қалыптастыру
«Күлімсіреу» әдісі
сабақтың басындағы эмоциялық жағдайды
жақсартады.
1, 2, 3, 4 дейін санау арқылы топтарға
бөлу.
|
«Миға шабуыл» әдісі
арқылы білімді белсендіру.
Тақырыпты анықтап, мақсат қою.
«Жаһандық мәселелер және олардың өзара байланысы»
бейнеролигін көру.
Негізгі сұраққа жауап беру: Жаһандық мәселелер
қандай қағидалар бойынша жіктеледі?
|
Жалпы 1 балл
|
Оқулық
АКТ
Дәптер
Интернет ресурстары
|
Жаңа сабақты меңгеру
Тапсырмалар орындау
кезеңі
|
1-тапсырма
Жаһандық мәселелердің дамуына әсер ететін негізгі
түрткіжайттарды анықта.
Мәтінмен жұмыс. Оқулық мәтінін
оқы.
«Тезис құру»
әдісі
Бұл әдіс арқылы жұмыс жасағанда мәтінге анализ
және синтез жасау қоса жүреді. Тезистер мәтіннің негізгі идеясын
анықтауға көмектеседі. Оқылған материалдан алынған негізгі
идеяларыңмен жұпта бөлісіңдер. Адамзаттың жаһандық мәселелерінің
өршуіне қандай басты түрткіжайттар әсер етіп отырғандығын жұбыңмен
талда.
2-тапсырма. Оқулық мәтіні және картамен
жұмыс:
«Ғаламшардың орман жамылғысы» тақырыбында кесте
толтыру.
Картографиялық сауаттылықтың қазіргі таңдағы
қажеттілігі компьютерлік сауаттылықтан кем емес.
Талқылау: «Еркін микрофон»
3-тапсырма
«Кластер құру»
әдісі
«Адамзат дамуындағы мәселелерді
жіктеу»
Көшбасшылық белгілері анықталып, өзіне
сенімділігі артады.
|
Оқушылар мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, олардағы
ең маңызды мағынаны табады. Осы негізгі мағына айтылған пікірді
құптайды немесе қарсы пікір болады.
Картамен жұмыс оқушылардың картографиялық
сауаттылығын, графикалық түрдегі ақпаратты талдау және
қорытындылау, өзіндік ойын қалыптастыру дағдыларын дамытуға
көмектеседі.
Топта кластер құрумен айналыса
отырып оқушылар бір тақырып төңірегінде бірнеше байланыстарды
орната алады. Жіктеудің қағидаларын неғұрлым тереңірек ұғынып, өзі
үшін осы сұрақты талдаудың маңызын
анықтайды.
|
Дескриптор:
- Мәтінді оқып, тезистер жазады;
-
Алған білімін қолданып, негізгі түрткіжайттарды
анықтайды;
-Адамзаттың жаһандық мәселелеріның даму деңгейіне баға
береді.
Жалпы 3 балл
Дескриптор:
- Орман жамылғысының азаюы байқалатын негізгі
аймақтар мен елдерді атайды;
-
Орман жамылғысының азаюына әсер ететін түрткіжайттарды
талдайды;
-
Халықаралық салалық мамандану жағдайындағы жаһандықмәселелердің
көрінісін анықтайды;
- Адамзат үшін орман жамылғысының азаюы
мәселесінің шешу жолдарын ұсынады.
Жалпы 3 балл
Дескриптор:
- Қосымша деректерді қолданады;
- Тақырыпты тереңірек түсінудің себебін
анықтайды;
- Жаһандық мәселелерді шешу жолдарын әрі қарай
дамытудың мүмкіндіктеріне баға береді;
- Қорытынды жасайды.
Постерлерін қорғайды.
Жалпы 3 балл
|
Ашық сұрақ-жауаптар
АКТ
Оқулық
Дәптер
Интернет ресурстары
Оқулық
Дәптер
Интернет ресурстары
Дүниежүзі картасы
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия:
3 минуттық эссе – «Жердің ертеңгі
күні»
Үй
тапсырмасы: §122-123 оқу, 68-суретке талдау
жасау.
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына
байланысты кері байланыс жасайды.
|
Бағалау парағын өзара толтырады
|
Бағалау парағы
|