400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғаламшардағы уақыт өлшемі, даталардың ауысу сызығы Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғаламшардағы уақыт өлшемі, даталардың ауысу сызығы Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы туралы қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда қаласы

128 негізгі орта мектеп

География пәнінің мұғалімі: Бақытжанова Анар

Сыныбы: 8




Сабақтың тақырыбы

Ғаламшардағы уақыт өлшемі, даталардың ауысу сызығы

Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы

Сілтеме

Жоспар, оқулық, интернет мәліметтері

Жалпы мақсаты

Уақыт өлшемі туралы білу, даталардың ауысу сызығын түсіну, еліміздің сағаттық белдеуін анықтауға сағаттық белдеулер картасын қолдану

Күтілетін нәтиже

Уақыт өлшемі туралы білу, даталардың ауысу сызығын түсінеді, еліміздің сағаттық белдеуін анықтауға сағаттық белдеулер картасын қолданады

Негізгі идея

Белдеулік уақыт, декреттік уақыт, жергілікті уақыт дегеніміз не екенін және жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы мен еліміздің сағаттық белдеуін анықтауды оқып үйрену.

Ресурстар

Қазақстанның, ТМД-ның физикалық картасы, Дүние жүзінің, ТМД елдерінің сағаттық белдеулер картасы, Глобус, сызбалар.

Кейінгі тапсырма

Сыни тұрғыдан ойлауға «Ой қозғау» сұрақтары

Топтық жұмыс «Жигсо»

Сұрақ-жауап

Жұмыс дәптері

Үй тапсырмасы

Кескін картаға сағаттық белдеулерді түсіру,тақырыпты оқу


Сабақ барысы:


Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (5 минут)

2.Топқа бөлу: қағаз парақшалары арқылы топқа бөлінеді (2 минут)

І. Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу,қайта бағыттау» сұрақтары (5 минут)

1.Жер шарында неше сағаттық белдеу бар

2.Бастапқы сағаттық белдеу қай жерден басталады?

3.Еліміз нешінші сағаттық белдеуде орналасқан?

ІІ. Жаңа сабақ:Топтық жұмыс «Жигсо» (25 минут)

4 топқа бөлу арқылы Белдеулік уақыт,декіреттік уақыт,жергілікті уақыттарға түсінік беріп және Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасын анықтап,қорғау. Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Әр сағаттық белдеу 15°-тан тұрады. Белдеу ішінде уақытты барлық нүктеден ортаңғы меридиан бойынша есептеуге келісілген. Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды. 24 сағаттық белдеудің өз нөмірлері (сандары) бар: 0-ден 23-ке дейін. Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы.Еуразияның батысында күн баткан кезде, оның шығысында келесі күннің таңы ата бастайды. Сондықтан кандай сағаттық белдеуді жаңа тәуліктің басы деп есептеу керек деген маңызды мәселе туады. Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың ауысу сызығы тағайындалды. Ол географиялық карталарда он екінші сағаттық белдеуде, шамамен 180° меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген. Декреттік уақыт.Ол 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен (қаулысымен 1 сағат ілгері қою) енгізілген. Мұны декреттік уақыт деп атайды. Негізгі мақсаты - жұмыс күні ішінде жарықты толығырақ пайдалану және электр қуатын үнемдеу. Жергілікті уақыт.Жер шары өз білігінен батыстан шығысқа қарай бір тәулікте толық айналып шығады.Әр меридианның өз уақыты бар, ол солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта бірдей болады. Бұл уақыт жергілікті уақыт деп аталады.

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Оқушылар қандай жағдайда түсінгендігін білдіріп басбармақ арқылы бағалап,көрсетеді.

Топ пікірлері тыңдалады.

ІІІ.Сабақты бекіту:

  1. Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы

  2. Декреттік уақыт

  3. Жергілікті уақыт

IY.Жұмыс дәптері


Есеп:

а) 81° ш.б. орналасқан Семей қаласында сағат 16.00 болғанда, 74° б.б орналасқан Нью – Йоркта сағат неше болады?

Жер шары 360° : 24 сағ. = 15

1º - Х мин.

15 - 60 мин.

1° х 60 мин.

Х = = 4 мин.

15°

1° = 4 мин.

Семей 81° ш.б. сағ. = 16.00

Нью – Йорк 74° б.б. сағ. = ?

81° ш.б. + 74° б.б. = 155°

155° х 4 мин. = 620 мин.

620 мин. : 60 мин. = 10 сағ. З0 мин.

16.00 – 10 сағ. 30 мин. = 5 сағ. 30 мин.

Жауабы: Нью – Йоркта таңғы сағ. 5.30.



Мұғалімнің бағалауы

Қаншалықты түсінгенін,түсінбеген жерін,жіберген қателіктерін күнделікке толтыру. (5мин)

Не үйрендім?



Не қиын болды?

Түсінбеген жерім


Үй тапсырмасы:



Кескін картаға сағаттық белдеулерді түсіру

Сағаттық белдеулерді анықтауды үйрену














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
702
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі