400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану ҚМЖ 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Жаратылыстану

Сыныбы

2 сынып Мұғалім: Салимбаева С.К

Сабақ тақырыбы


Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.4.2.1. Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушы: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасу ретін анықтау

Көпшілік оқушы: Белгілі бір ресурстардан Күн жүйесінің моделін құрастыру.

Кейбір оқушы: Ғаламшарларға сипаттама бере алу.

Бағалау критерийлері

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауын және олардың орналасу ретін біледі.

Тілдік мақсат

Ғаламшар, күн жүйесін үш тілде айту.

Құндылықтар

Ынтымақтастық құндылық саралап оқыту барысында жүзеге асады. Сабақ барысында, оқушылардың белсенділіктерінде еңбек және шығармашылық құндылықтары байқалады.

Пәнаралық байланыс

Математика сабағымен байланысты. Күн жүйесінің моделін құрастыру кезінде байқалады. Орыс тілі, ағылшын сабағымен байланысты. Үш тілде айту жүзеге асырылады.

АКТ қолдану

Шығармашылық таныстырылымды таныстыруда интербелсенді тақтаны пайдаланылады.

Бастапқы білім

Күн жүйесіндегі кейбір ғаламшарлардың атауын біледі.

Сабақтың барысы



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақыт 8 мин



1.Ұйымдастыру

2. Психологиялық ахуал

Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезініңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық.

3. Топқа бөлу

( кеспе қағаздарды таңдап, «ғарыш», « жұлдыздар», «ғаламшар» деп топтарға бөлу)

Үй жұмысын сұрау

«Өрмекші торы» әдісі арқылы сұрақ – жауап.

  • Жердің серігін ата?

  • Адам түнде аспаннан нені көре алады?

  • Айдың бетіндегі дақтарды не деп айтады?

  • Ай қалай айналады?

Тыңдалым

Оқушыларға ғаламшарлар жайлы бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазбада әр планета туралы мағлұмат беріледі.

Бейнежазба арқылы оқушылар сабақтың мақсатын, бағалау критерийін анықтайды.

Кіріспе тапсырма

Сынып оқушылары ортаға шақырылып, ұлдар мен қыздар болып екі топқа бөлініп тұрады.

Ұлдарға бойларының ұзындықтары бойынша, ал қыздарға шаштарының ұзындықтары бойынша рет – ретімен тұру ұсынылады.

- Балалар, сендер белгілі бір тәртіппен сапта орналастыңдар.

Мінекей, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың да өз орны бар екен.

Ендеше біздің мақсатымыз қандай деп ойлайсыңдар?

(Мақсатты оқушыларға айтқызу)

Ғаламшар – планета- planet

Күн жүйесі – солнечная система- solar system




Күннің көзі


Кеспе қағаздары




Өрмекші торы жіп арқылы





Bilim land kz

Бейнежазба



Сабақтың ортасы



27 минут



























(ТЖ) Постер арқылы қорғау. Жазылым Айтылым

Әр топқа берілген ғаламшарларға сипаттама беріңдер.

1 – топ . Меркурий , Шолпан, Уран

2 – топ, Жер, Марс, Нептун

3 – топ. Юпитер, Сатурн, Жер


Дескриптор

  • Берілген ғаламшардың атауына сәйкес сипаттама береді (көлемі, температурасы, күн жүйесіндегі орны,түсі)

  • Постерді құрайды.

  • Топпен қорғайды.

Бағалау: Оқушылар дискрипторды пайдаланып бір – бірлерінің жауабына кері байлаыс беріп, сигналдық картамен бағалайды

Сергіту сәті

Күн ұйықтайды,

Күн оянады.

Жел соқты,

Жаңбыр жауды.

Бұлт шатырлады,

Күн ашылды,

Жел басылды.

(Т Ж) « Күн жүйесін құрастыру»Айтылым

Әр топқа ұсынылған ресурстарды пайдалана отырып, Күн жүйесінің моделін құрастыру тапсырылады.

Дескриптор

  • Ғаламшарлардың Күн жүйесінде орналасу тәртібі дұрыс орналасқан

  • Жинақы, ұқыпты орындалған.

Смайликтер арқылы бағалайды.

Жазылым

(Ж Ж) Күн жүйесінің ғаламшарлары

Жұлдыз бен ғаламшарлардың аттарын орналасу ретімен жаз.

Қажетті сөздер: Юпитер, Шолпан, Жер, Марс, Нептун, Күн, Сатурн, Меркурий, Уран)

Бағалау: Топтар жұмыстарын көршілерімен алмастырып , дискрипторлар арқылы бағалайды.

Дескриптор

  • Жұлдыз бен ғаламшарды ажыратады

  • Орналасу ретімен жазады

«Бармақ стратегиясы» арқылы бағалау.




Постер , маркер




Ғаламшарлардың сураттері



















І топ (Ермексаз, сым темір)

ІІ топ ( Тенистік шарлар , күн жүйесінің плакат)

ІІІ топ ( Фольга , жіп)


Күн жүйесінің макеті.



Дәптер



Сабақтың соңы

Бағалау, рефлексиялық

кезеңі

5 мин

Рефлексия Ашық « Микрофон»

  • Мен білдім.....

  • Мені қызықтырды....

  • Қиын болды....

  • Мен үйрендім..


Picture 2 Микрафон






Кері байланыс

Зымыран

  • Егер сабақта бәрі түсінікті болса, жасыл зымыранмен ғарышқа ұшамын.

  • Егер сабақ түсініксіз болса, онда қызыл зымыранмен ғарышқа ұшамын.

  • Егер көмек керек болса, онда сары зымыранмен ғарышқа ұшамын.

Picture 3

Picture 2 Picture 4












Жұлдызшалар

Зымыран



Үйге тапсырма : Ғаламшар туралы 5 жолды өлең құрастыру.

  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Етістік

  4. Сөз тіркесі

  5. Синоним


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қанда міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

АКТ мен байланыс.

Құндылықтардағы байланыс

  • Топпен жұмыс

  • Өзіндік жұмыс

  • Дәптермен жеке

Жұмыс

  • Шығарма-

шылық жұмыс

  • Сабақ барысында оқушылардың жұмысын бақылау.

  • Топпен жұмыста бір- біріне кері байланыс беру арқылы, сигналдық карта арқылы бағалау

  • Тапсырмаларды «Бармақ стратегиясы», смайликтер арқылы бағалау.



Математика, орыс тілі, ағылшын тілі сабағымен байланысты.

Ынтымақтастық құндылық саралап оқыту барысында жүзеге асады. Сабақ барысында, оқушылардың белсенділіктерінде еңбек және шығармашылық құндылықтары байқалады.

Интербелсенді тақта

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері – сергіту сәтін орындаған кезде, ресурстарды пайдаланған кезде.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары\ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақта берілген оқу мақсаты мен сабақ мақсаты шынайы қойылған. Оқу бағдарламасына сәйкес алынды.Оқушылардың барлығы топтық жұмыс, жеке жұмыстар, шығармашылық жұмыстар орындауды білді.

Сабақта жеке жұмыс, топтық жұмыс кезінде саралау жұмыстары жүргізілді.

Саралау жұмысында білу, түсіну, қолдану, жинақтау, талдау дағдылары қалыптасты.

Уақытты тиімді пайдалана білдім.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Әр түрлі ресурстарды пайдаланып , ғаламшардың моделін жасау.

2. Бейнежазбадан ғаламшар туралы түсінік беру

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыт туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Критерийалды бағалау

2. Белсенді әдіс жұмыстары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
1663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі