400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ғаламтор және әлеуметтік желілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабаққа пайдалануға болады. 7-сыныпқа арналған дайын ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тарауы:

Мектеп:

Күні:

Сынып: 7

Ғаламтор және әлеуметтік желілер


Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғарыш пен ғаламтор

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

7.3.5.1.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып,жинақы мәтін жазу

7.4.4.3. Шылау түрлерін ажырата біледі, орынды қолданады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтап, синонимдік қатармен ауыстыра отырып,жинақы мәтін жазады

Кейбір оқушылар орындай алады: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтап, синонимдік қатармен ауыстыра отырып,жинақы мәтін жазады. Шылау түрлерін ажыратып,орынды қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Мәтінді іріктеп, жинақы мәтін жазады.Шылау түрлерін ажырата біледі, орынды қолданады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:шылау, тірек сөздер

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: «KazSat» қазақстандық спутниктік операторлар,жер серігі, ғарыш кемесі, шетелдік ресурстар, штаттық режим.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Ғарыш пен ғаламтордың арасында қандай байланыс бар?

2. Қолжетімді арзан ғаламторды пайдалану үшін, ғарышта өз спутнигіміздің болуы қаншалықты маңызды?

Бағалау критерийі

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтау

Синонимдік қатармен ауыстыра отырып,жинақы мәтін жазау

Шылау түрлерін ажырату

Оларды орынды қолдану

Құндылықтарға баулу

Ғарыштың қыр-сырын тануға баулу

Пəнаралық байланыс

Физика,астраномия

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ғарыш туралы біледі,ғаламторды пайдалана алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

5минут

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Ынтымақтастық атмосфресын құру. Мозаика әдісі арқылы топқа бөлу. Сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ғаламтор туралы



Интерактивті тақта, сурет қиынды-

лары

Сабақтың ортасы


30 минут















1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқиды. Ғарыш пен ғаламтор

«KazSat» сериялы ұлттық ғарыш жүйесі қазақстандық спутниктік операторлар қызметін тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге шетелдік ресурстарды жалға алғаны үшін шетелге кететін қаржы ағынын азайта түсу үшін құрылған.

Бүгінгі күні «KazSat-2» штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Оның жүктемесі жалпы ауқымның 66 %-ын құрайды.

Ал «KazSat-3» спутнигін ұшыру арқылы Қазақстан байланыстың толыққанды жүйесін иеленетін болады, яғни, Қазақстан ғарыштық байланыс секілді аса маңызды салада автономия алып, сыртқы көздерден тәуелсіздігін жүзеге асырып отыр деген сөз. Осылайша біз спутниктік хабар таралымдарын қамтамасыз етіп, елімізде жылдам интернеттің қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең бастысы, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі жүйесін өз қолымызда ұстап, толығымен қамтамасыз ететін боламыз», – дейді Талғат Мұсабаев.

Тұтастай алсақ, «KazSat-3» Жер серігін мамандар қазірдің өзінде үлкен жеңіске балап отыр. Шындығында, ғарышта Жер серігі бар мемлекеттердің саусақпен санарлық екенін ескерсек, ал Қазақстанда бір емес, екі жер серігінің бір-біріне септесетіні – біз үшін аса маңызды қадам.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы топтарға тапсырма беру

1-топ. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтау .Шылау түрлерін ажырату

«KazSat» сериялы ұлттық ғарыш жүйесінің негізгі кызметтерін іріктеп айтып шығыңыз

2-топ. Синонимдік қатармен ауыстыра отырып,жинақы мәтін жазау Шылау түрлерін ажырату.

Ғарыш пен ғаламтордың арасында қандай байланыс бар?

Қолжетімді арзан ғаламторды пайдалану үшін ғарышта өз спутнигіміздіңболуы қаншалықты маңызды?

Дескриптор:

- Тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтау

-Синонимдік қатармен ауыстыра отырып,жинақы мәтін жазау

-Шылау түрлерін ажырату

2-тапсырма.«Мәтінді толықтыр» әдісі

Көп нүктенің орнына шылауларды қойып, қолданылу ерекшелігін түсіндіріңдер.

1955 жылдың 12 ақпанында ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу .туралы.. шешім қабылданды. 1957 жылдан бері «Байқоңыр» әлемдегі тұңғыш .әрі.. көлемді аймақ болып келеді.

1957 жылдың 4 қазанында орбитаға алғашқы жасанды жер серігі ұшырылғандығы .туралы.. газеттерге жарияланды. .Бірақ... ол үш айдан .кейін.. Жер атмосферасында жанып кетті. Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі – Лайка деген ит. Ол ұшырылған ..., кабинадағы температура біртіндеп көтеріледі, ... Лайканың денесі қызып, өртеніп кетеді. Мұнан .соң.. 1960 жылдың 20 тамызында Белка .мен.. Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі жер бетіне оралған .соң.., аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айлардан .соң.., Стрелка дүниеге дені сау алты күшік алып келді. Осы бір сәтті сапардан .кейін.. мамандарда нық сенім пайда болып, ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.

Дескриптор:

-мәтінді оқып, көп нүктенің орнына шылауларды қояды

- қолданылу ерекшелігін түсіндіреді

3-тапсырма.«Санадағы кинофильм» әдісі бойынша және, әрі, да, де, ма, ме жалғаулық шылауларын кірістіріп, мәтінді өздерің аяқтаңдар.

Әлемде Байқоңырдан да басқа ғарыш айлақтары бар. Алайдабүгінгі таңда пайдалануы жағынан Байқоңы бірінші орында тұр. Осы бір ғажайып ғарыш қаласын ғаламтор қызметінсіз елестету мүмкін емес...

Дескриптор:

- мәтінді аяқтайды

-жалғаулық шылауларды орынды қолданады



Сабақтың соңы


5 минут

Ғарыш пен ғаламтор арасында байланыс бар екеніне келісемін, келіспеймін дегенге ой бөлісу


Үйге тапсырма:97-бет,4-тапсырма






Қосымша ақпараттар


Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау


Қабілетті оқушылармен жұмыс:

«Диаманта» әдісімен жұмыс


Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:

Кез келген тапсырмаларда тиімді кері байланыс орнату

немесе

«Қатесін тап» әдісі арқылы шылауларды ажырату


«Смайликтер сөйлейді» әдісі арқылы бағалау







сергіту жұмысын жүргізу

«Қыдырып қайтайық» ролик арқылы сергіту сәтін жасату


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?

Сабақ мақсаттары қолжетімді болды. Оқушылар комментарий жасады, іріктеп, зерттеп оқыды.

Шылау түрлерін ажырата білді, орынды қолданды.Уақыт есебінен ауытқу болған жоқ. Жоспарға өзгеріс енгізілмеді.


Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі