400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Ғаламтор және әлеуметтік желілер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАЗАҚ ТІЛІ

Имантаева Нургуль Мухтарбеккызы

Алматы қаласы

Әуезов ауданы

«№5мектеп-гимназия» КММ


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

6-бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер»

Мектеп: «№5 мектеп-гимназия» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Имантаева Нургуль Мухтарбеккызы

СЫНЫП: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

7.4.4.3 Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану.

Ойлау деңгейлері

Қолдану

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздермен алмастырады.

  • Синонимдік қатарды орынды қолданып, жинақы мәтін жазады.

  • Шылаулардың стильдік ерекшелігін ажыратады.

  • Сөйлемде орынды қолданады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтап,жинақы мәтін жазады. Шылаулардың түрлерін ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, шылаулардың түрін қолданады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздермен алмастырып, негізгі ойды толық сақтап, шылауларды орынды қолданып, жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  • Ғаламтор, әлеуметтік желі, ғаламтордың зияны, техника, ғаламтор ғасыры, ұялы телефон

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Ғаламтордың пайдасы мен зияны, әлеуметтік желі, ғаламтор ғасыры

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті әлеметтік желілерді қолдану зиян деп ойлайсыз? Неліктен адамдар ғаламторға тәуелді болып қалды?

  • ишара:жетелеу, бағыттау, түсіндіру ым ишаралары

Бағалау үшін қолданылатын тілдік бірліктер: Жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, жақсы шыққан жері, осы жерлерді түзету керек.

Мәңгілік ел құндылықтары


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу


Пәнаралық байланыс:

информатика

Алдыңғы оқу:

Ғаламтор жайлы түсінік, ғаламторды қолдануды біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері




Ресурстар

Сабақтың басы

  1. мин



3 мин









3 мин

Қызығушылықтарын ояту кезеңі

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар шеңберде тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.


«Таңғажайып дорба» әдісі арқылы топқа бөлу

Оқушылар дорбадан ғаламторға қатысты суреттерді суырып алып, оның бір пайдалы, бір зиян жағын айтады.

Таңдаған суреттеріне байланысты гаджеттер, әлеуметтік желілер және аксессуарлар деп 3 топқа бөлеміз.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы

сабақты бастамас бұрын экраннан

ғаламтор туралы бейнежазба көрсетіп, тақырыпты ашу мақсатында сұрақтар қою.

1.Ғаламтордың артықшылығы неде?

2.Неліктен адамдар ғаламторға жіпсіз байлануда?

3.Ғаламтор адамның психикасына қалай әсер етеді?

Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру.








Гаджеттердің, аксессуарлар мен әлеуметтік желілердің суреті бейнеленген қиындылар




https://www.youtube.com/watch?v=iPGy0V08UGk







Сабақтың ортасы

15 мин





























































































































2 мин





10 мин














Жазылым тапсырмалары

Жеке жұмыс

1-тапсырма

Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен өзгертіп, мәтінді ықшамдап жазыңыз

Оқушыларға оқылым мәтіні ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. Қосымша ақпаратты мәтіннен сызып тастайды.

Әрі қарай «Фрейдер моделі» әдісі арқылы тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оларды қандай синоним сөздермен алмастыруға болатынын анықтап, жинақы мәтін құрылымын сақтай отырып жинақы мәтін жазуға кіріседі.

«Фрейдер моделі»

Тірек сөз, сөз тіркестері

Анықтамасы, мағынасы

Синоним

қатары

Сөйлемдегі орны






Жинақы мәтін жазу бойынша нұсқаулық

  • Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау;

  • қосымша ақпараттарды сызып тастау.

  • Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

  • Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

  • Сөздерді синонимдермен алмастыру;



Ғаламтор кітаптай болмайды

Қазір қоғамда «кітап әлде ғаламтор» деген пікірталас туындауда. Шынымен де қайсысын маңызды деп бағалаймыз? Ғаламтор – компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Ол қазір барлық тіршілігімізді билеп алған. Қажетіңді пернетақтаға терсең болғаны, таба қоясың. Іздеген адамыңды да дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тауып аласың. Аз уақыттың ішінде қыруар жұмыстарың бітіп жатады. Тез хабарласу: хат жазғың келе ме, тіпті бейнеқоңырауды қосасың ба немесе «Вконтакте», «Whatsapp», «Instagram» әлеуметтік желілері де елгезектік танытып тұр.

Осындай жақсы нәрсенің жаман жақтары болатыны өкінішті. Біз, жалпы адам баласы, компьютерді шамадан тыс көп пайдаланамыз. Тылсым техниканың жетегінде кетіп, пайдасынан зиянын көбірек шегетінімізді аңғармаймыз да. Компьютердің көмегімен сабаққа, өзіңе қажетті мәліметтер алып шектелсек жақсы. Жоқ. Әртүрлі ойындар, әлеуметтік желілердегі «қызықтар» сені жіпсіз байлап тастайды. Оның қажеттісін және қажетсізін таңдауға әрқайсызымыз дайын емеспіз.

Әр техниканың өзіне тән зияны болатынын медициналық зерттеулер дәлелдеуде.

Ал компьютер мен ұялы телефон мектеп жасындағы оқушылардың ажырамас досына, ал кішкентайлардың ойыншығына айналды. Айталық, монитордың алдында ұзақ отыру әрі дұрыс отырмау, компьютер құралдарының дұрыс орналаспауы көздің талуы, бас ауруы, желке тарту,арқа, аяқ бұлшық еттерінің шаршауы, адам ағзасын әлсіретіп, әртүрлі ауруға ұшыратуға себеп болады.

Сондықтан пайдалану ережелерін қатаң сақтау керек. Ғаламторға деген тәуелділік, жастарымыздың айналасынан гөрі қолындағы ұялы телефонға телміріп отыруы үйреншікті әдетке айналып барады.

Жаhандану кеңістігінде жаңа технологиялар ағымына ілесу – заңдылық. XXI ғасыр – ғаламтор ғасыры. Ол аса үлкен, күрделі мәселелерді шешуге көмектесуде. Алайда компьютерді талғаммен пайдалануды ұмытпайық. Өйткені ол – жансыз техника, ал біз жаны бар адамбыз.

(Айгөлек журналы)


Дескриптор

Білім алушы

- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты табады;

-тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен алмастырады;

- мәтінді ықшамдап қайта жазады;


ҚБ:

Интербелсенді тақтаға дайын жиынтық мәтін мен дескриптор беріліп, оқушылар сол арқылы бірін-бірі «Бағдаршам әдісі» арқылы бағалайды.

Ғаламтор кітаптай болмайды

Қазіргі қоғамда «кітап әлде ғаламтор тиімді ме?» деген пікірталас туындауда. Ғаламтор – қысқа мерзімде қыруар жұмысыңды бітіретін, жылдам байланыс орнатып, шапшаңдық танытып тұрған ғаламдық желі.

Осындай ғажайып құрылғыны артығымен пайдаланып, пайдасынан залалын көбірек шегетінімізді аңғармаймыз да. Гаджеттер арқылы керекті мағлұмат алумен шектелмей, әлеуметтік желіге жіпсіз байланудамыз.

Әр техниканың өзіне тән залалы болатынын медициналық зерттеулер дәлелдеуде.

Гаджеттер оқушылардың айырылмас серігіне айналып, адам ағзасын әртүрлі дертке дұшар етуде. Сондықтан гаджеттерді қолдану қағидаттарын мұқият орындау қажет.

Жастардың гаджеттерге телміруі күнделікті жағдайға айналып барады. Ғаламтор ғасырында заманауи технологияның ағымына ілесу – заңдылық. Алайда, жансыз техниканы талғаммен қолдануды ұмытпайық.


Сергіту сәті «Қәне, қайтала!»

Бейнежазбада берілген балалардың биін қайталау арқылы сергіту сәті жүзеге асады.


Жұптық жұмыс

2-тапсырма

«Жұппен ойлау» әдісі арқылы шылаулардың түрлерін орынды пайдала отырып, жинақы мәтінді қайта жазып шығады

Ғаламтор кітаптай болмайды

Қазіргі қоғамда «кітап әлде ғаламтор тиімді ме?» деген пікірталас туындауда. Ғаламтор – қысқа мерзімде қыруар жұмысыңды бітіретін, жылдам байланыс орнатып, шапшаңдық танытып тұрған ғаламдық желі.

Осындай ғажайып құрылғыны артығымен пайдаланып, пайдасынан залалын көбірек шегетінімізді аңғармаймыз да. Гаджеттер арқылы керекті мағлұмат алумен шектелмей, әлеуметтік желіге жіпсіз байланудамыз.

Әр техниканың өзіне тән залалы болатынын медициналық зерттеулер дәлелдеуде.

Гаджеттер оқушылардың айырылмас серігіне айналып, адам ағзасын әртүрлі дертке дұшар етуде. Сондықтан гаджеттерді қолдану қағидаттарын мұқият орындау қажет.

Жастардың гаджеттерге телміруі күнделікті жағдайға айналып барады. Ғаламтор ғасырында заманауи технологияның ағымына ілесу – заңдылық. Алайда, жансыз техниканы талғаммен қолдануды ұмытпайық.


Дескриптор

Білім алушы

  • жалғаулық шылауларды қолданады.

  • септеулік шылауларды қолданады.

  • демеулік шылауларды қолданады.


ҚБ:

Дескриптор бойынша «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды.



































«Қазақ тілі» оқулығы

7 сынып, Мектеп,2017.

100-101 бет

























































https://infourok.ru/prezentaciya-po-kazahskomu-yaziku-na-temu-ya-rpini-zhazilu-saba-klass-701967.html































https://www.youtube.com/watch?time_continue=3&v=Vwa5zBMF_WU




































https://infourok.ru/debiettik-ou-pninen-prezentaciya-kzhek-1004438.html









Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«SMS – хабарлама»

Сабақтың соңында бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралып, бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендерін анықтау мақсатында оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарына SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарламада ұсынылған сөйлемдерді оқушылар өз сөзімен толықтыру қажет.

  • «Бүгінгі сабақта қуантқаны_______________»;

  • « «Маған ерекше ұнағаны______»;

  • «Сабақтан соң мен____________ жасағым келді»;

  • «Бүгінгі сабақта мен__________жасай алдым»;

  • «___________қызықты болды»;

  • «______________қиын болды»;

  • «Мен ___________үйрендім»;

  • «Мені________таңқалдырды»

Үйге тапсырма: «Менің әлеуметтік желідегі достарым» тақырыбында әңгіме жазу.


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
































Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

  • 1-тапсырма

  • Аз колдау көрсету

  • Қабілеті жоғары деңгейдегі оқушыларға ерекше қолдау қажет болмағандықтан, тек қосымша ақпарат беру арқылы жетелеймін.

  • Орташа қолдау көрсету

Орташа деңгейдегі оқушыларға жинақы мәтін жазу нұсқаулығынан аздап мәлімет беру арқылы қолдау көрсетемін.

  • Барынша қолдау көрсету

  • Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға қажетті синонимдерін беріп, таңдап алуға мүмкіндік беру арқылы қолдау көрсетемін.

  • 2-тапсырма

Аз колдау көрсету

  • Барлық оқушыларға бірдей жеңіл тапсырма берілгендіктен, қабілеті жоғары деңгейдегі оқушыларға

  • қасындағы жұбына көмектесуге кеңес беремін.

  • Орташа қолдау көрсету

  • Орташа деңгейдегі оқушылардың шылауларды дұрыс қолданып жатқандағына көз жеткізіп, қажет болса қолдау көрсетемін.

  • Барынша қолдау көрсету

  • Деңгейі төмен оқушыларға шылулардың түрлерін ажырата алу үшін карточка таратып беремін. Сол арқылы шылауларды қолдану мүмкіндігі артады.

  • Сабақ барысында «Бәрекелді», «Жарайсың», «Өте жақсы», «Тамаша» сияқты мадақтама сөздер арқылы оқушыларды бағалап отырамын.


«Бағдаршам әдісі» арқылы топтағы оқушылар бірін-бірі бағалайды. Интербелсенді тақтада берілген дайын жиынтық мәтін мен дескрипторға сай бағдаршамның түстерін пайдаланып, бағалау әдісін жүргізеді.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы интербелсенді тақтада берілген шылау түрлері мен дескрипторға сай әр жұп бірін-бірі бағалайды.

  • Сабақ барысында ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын тиімді қолданып, өзара қарым-қатынас жасауда ғаламтордың зияны мен пайдасын ескере отырып, уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізу. Оқушының танымдық құзіретін арттыруда ғаламторды тиімді пайдалану өмір құндылықтарының бір бөлігі.

  • Интербелсенді тақтаның көмегімен бейнежазбада берілген дене қимылдарын қайталауы арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру. Жазылым тапсырмаларын орындау барысында қозғалыссыз отырған оқушыға дене қимылдарын жасау пайдалы.


  • Мәңгілік ел құндылықтары:

еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Оқушылар арасында жұптық жұмыстар жасау арқылы бірлескен, ынтымақтастық қарым-қатынас орнады. Оқушылар жеке жұмыс істеу барысында еңбектену мен шығармашылыққа үйренді. Жаңа технологиялардың тілін түсініп, олардың ағымына ілесіп отыру үшін өмір бойы білім алып, ізденісте болу қажет екенін түсінді.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Сабақ барысында оқушылар жинақы мәтін жазуды, жазған жинақы мәтінге шылауларды кірістіріп, қайта жазу арқылы шылаулардың түрлерін ажырата қолдануды үйренді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, жұптық жұмыс арқылы сыныпта ынтымақтастық орнады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындауда деңгейі төмен және орташа оқушыларға көрсетілген саралау жұмысы өз нәтижесін берді. Саралау жұмысының қорытындысы бойынша барлық оқушылар тақырыпты меңгерін шықты.

Сабақты өткізуде уақытты тиімді пайдаландым. Әр тапсырмаға тиісінше уақыт бөлініп, оқушылар сол уақыттың ішінде тапсырманы орындап шықты.



Түсіндірме:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарының тақырыбы ұзақ мерзімді жоспарға негізделіп құрастырылды. Тақырып бойынша құрастырылған сабақ жоспары оқу бағдарламасын негізге алды. Сабақта екі оқу мақсаты жүзеге асады. Нәтижесінде оқушылар жинақы мәтін жаза алады, шылаулардың түрлерін ажыратып, сөйлемде қолданады. Сабағымды Блум токсаномиясындағы ойлаудың орта деңгейі саналатын қолдануға негіздей отырып жоспарладым. Қызығушылықты ояту кезеңінде психологиялық ахуал тудыра отырып, сабақ тақырыбын ашатындай етіп оқушыларды үш топқа бөлдім. Жазылым дағдыларын қалыптастыруға негізделген тапсырмалар белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асты. Тапсырмалар оқушы деңгейіне сай сараланып берілді. Бағалау кезеңінде тақырыпты түсінгендіктерін анықтау мақсатында бағалау критерийлері мен дескрипторлар құрастырылып, «Бағдаршам» , «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері қолданылды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі