Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ғаламтор және кітап. 7 сынып (қмж)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ жоспарын құруда көмекші құрал бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ғаламтор ғаламаты


Мектеп: М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия

Күні:

Мұғалімнің есімі: Калимбетова Айман Абдуллаевна

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ғаламтор және кітап

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану.

Сабақ мақсаттар

Барлық оқушы орындай алады: мәтін мазмұнына сұрақ құрастырып, шылауды табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіндегі шылауларды түрлеріне ажыратып, бір проблемалық сұрақ құрастыра алады.

Кейбірі оқушылар орындай алады: шылауларды орынды қолданып, бірнеше проблемалық сұрақ құрастырады.

Бағалау критерийлері


  • мәтін мазмұнына сұрақтар құрастырады;

  • проблемалық сұрақ құрастырады;

  • шылауларды түрлеріне ажыратып, орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: шылауларды орынды қолданып, бірнеше проблемалық сұрақ құрастыра алады.

Пәнге қатысты терминдер: компьютер, смартфон, айпад, планшет, ғаламтор

Диолог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Заманауи озық техника, кітаппен дос болу, білім бұлағы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен қазіргі жастар кітап оқымайды?

Ғаламтордың кітап сияқты пайдасы бар ма?

Біздің өмірімізде ғаламтор қызметі қаншалықты маңызды?

Ғаламтор барлық ғаламатты үндестіріп тұр деп ойлайсыз ба?

Не себепті ғаламторды пайдалы деп ойлайсыз?

Алдыңғы оқу

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут






5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу.


ІІ. «Досыңа тілек» әдісі арқылы сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Досына тілек айтып, алақанына гүл қояды.

ІІІ. Топқа біріктіру. Алған гүлдерінің артқы бетінде 1, 2, 3 саны жазылған. Сол сандар бойынша сыныпты топқа біріктіру: «Гугл», «Ғаламтор», «Кітап».


«Таза тақта» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтап, сабақ тақырыбын болжап, мақсатын анықтайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі.


Топ аттары жазылған қима қағаздар мен суреттер






Сабақтың ортасы

6 минут






















8 минут











5 минут























8 минут












Ойтүрткі. Тыңдалым.

Бейнеролик: Ғаламтордың пайдасы мен зияны.

«Келісемін, келіспеймін» әдісі арқылы ғаламтордың пайдасы мен зиянын талқылайды.

Мұғалім:

- Күнделікті өмірде адам өмірін жеңілдетуге ғаламтордың пайдасы бар ма?

- Ғаламтордан кітап оқып көрдіңдер ме?

- Қағаз кітап пен электронды кітапты оқудың айырмашылығы бар ма?

- Соңғы кезде қандай кітап оқыдың?

Сауалнама.

Сауалнама сұрақтарымен танысып, кемінде үш адамнан жауап алады.

  • Кітапты қаншалықты жиі оқисыз?

  • Күнделікті өмірде адамдар ғаламторды неліктен көп пайдаланады?

  • Ғаламтордың әлемдік деңгейде көп қолданылуы неліктен?



1-тапсырма. Оқылым тапсырмасы.

«Ара ұясы» әдісі.


Мұғалім жұптасқан оқушыларға проблемалық сұрақ дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. 

  • Мәтінді оқып, проблемалық сұрақтар дайындаңыз.

  • Шылауларды тауып, түрлеріне ажыратыңдар.

ҚБ

«От шашу (үш шапалақ)» арқылы бағалау.

/оқушыларды мадақтау/

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын түсінді.

  • Проблемалық сұрақтар құрастырды.

  • Шылауларды таба алды.

  • Шылауларды түрлеріне қарай ажыратты.

2-тапсырма. Жазылым тапсырмасы.

«Мен білемін» әдісі.

Мен, бен, пен қай жерде шылау, қай жерде көмектес септік жалғауы болып тұрғанын анықтап, мақал-мәтелдерді ережеге сай дұрыс жазыңдар.

1. Оқу ине (мен) құдық қазғандай.

2. Тау (мен) тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.

3. Надан (мен) дос болғанша,

Кітап (пен) дос бол.

4. Азамат (пен) дос бол, қадіріңді біледі.

5. Дос (пен) дос болғанша шаттан,

Дұшпан (мен) дос болғаннан сақтан.

6. Тіл қоса алар жер (мен) көктің арасын,

Тіл айырар анасы (мен) баласын.

7. Үй баласы (мен) базарлы,

Қонағы (мен) ажарлы.

8. Ағын (мен) су зораяр.


ҚБ

«Қолпаштау» арқылы бағалау.

/оқушыларды мадақтау/

Дескриптор:

  • Шылау мен септікті ажыратты.

  • Шылау емлесін білді.



3-тапсырма.Топтық жұмыс.

« Рөлдік ойын» әдісі арқылы «Ғаламтордың қойнауы» тақырыбында оқушыларға рөл бөліп беріледі, ойын шартын түсіндіріледі. Ойын нәтижесі топтар бойынша қорытындыланады.

Рөлдерді бөлу:

Жүргізуші/ талқылауды ұйымдастырушы/

Блогер/өз көзқарасы мен пікірін ұсынушы/

Сыншы/өзгеше ұсыныс жасап, терістеуші/

Қолдаушы/ұсынысты қолдаушы/

Дескриптор:

  • өздеріне белгіленген рөл бойынша нақты деректер келтіреді

  • өзіндік көзқарастарын айтуда шылаулар қолданады.

ҚБ

Саралау:«Автор орындығы» әдісі арқылы рөлдері сәтсіз шыққан оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы, образдарын ашуға жетелеу.

  • Ғаламтор барлық ғаламатты үндестіріп тұр деп ойлайсыз ба?

  • Ғаламторда үнемі отырудың зияны қандай?

  • Күніне қанша уақытыңды ғаламторға жұмсайсың?

  • Керекті ақпаратты қайдан іздейсің?


https://youtu.be/4NbBJW7-x-4




















https://massaget.kz/blogs/19019/



















Интербелсенді тақта, маркер

























Рөлдік ойын бойынша оқушыларға белгіленген рөлдердің атаулары жазылған тәжді пайдалану.
















Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

Кері байланыс: «СМС хат» әдісі кері байланыс жазады.


Үй тапсырмасы: «Өзіңді танығың келсе, кітап оқы» ойтолғау жазыңыз.



Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Жұмыс барысында мұғалім сыныпты аралап, оқушыларға көмек көрсетеді. Оқушыларды қолдап, мадақтап отыру ескеріледі. Қабілеті жоғары оқушылар креативтік танытады. Оқушылардың оқылым дағдыларын қалыптастырып, қажеттіліктеріне қарай тапсырма арқылы әр оқушыға қолдау көрсетіледі.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Оқушылар көрсетілген критерийлер бойынша ұсынылған жұмысты бағалайды. Қалыптас

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
1537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12