жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғаламтор тарихы
|
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор тарихы |
Мектеп: |
||||||||||||
|
Күні:11.01.2019 |
Мұғалімнің аты – жөні: Гизатова А.Н. |
||||||||||||
|
Сынып: 7 «в» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
7.Т/А3. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен мен аяқталуын болжау. 7.ӘТН4.1. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану. |
||||||||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениеті мен сөздік қорын молайтады. Ғаламтор тарихы туралы ақпараттармен танысады; |
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет,өзін-өзі тану |
||||||||||||
|
Қажетті құрал-жабдықтар |
Интерактивті тақта, слайдтар, үнтаспа, А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, парақ. |
||||||||||||
|
Оқыту әдістері |
Түсіндіру, талдау, диалог,«Сынық вагон» әдісі. «Қос жазба күнделігі», «сөздер сыр шертеді», «SMS жолдау» әдістері |
||||||||||||
|
Дереккөздері |
7-сынып қазақ тілі. «Атамұра» баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар. |
||||||||||||
|
Тапсырмалар |
|||||||||||||
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті |
|||||||||||||
|
Тапсырма |
Мұғалімнің қызметі: |
Оқушының қызметі: |
|
||||||||||
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Сабақтың басы 7 минут Өткен сабақты тексеру І.Қызығушылықты ояту ІІ. Мағынаны тану Сабақтың ортасы 23 минут ІІ. Бағалау Сабақтың соңы 10 минут ІІІ. Үйге тапсырмасы ІV. Рефлексия |
Мұғалім оқушылармен амандасады. «Суреттер галереясы» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді. І топ: Компьютер ІІ топ: Телефон ІІІ топ: WI-FI Өткен материалды тексеру. «Сынық вагон» әдісі. Қызығушылықты ояту Ой шақыру сұрақтарын қояды:
Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. «Ғаламтор тарихы»
1 – тапсырма. «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы тапсырманы орындатады. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бер. І топ: Мәтіндегі негізгі ақпарат туралы не айтасың? ІІ топ: Ғаламтордың тарихы туралы не білесің? ІІІ топ: Қазіргі таңда ғаламторды қанша адам пайдаланады? 2 – тапсырма. «Қосжазба» әдісін пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыр.
Дескриптор: - Мәтінді қайталап оқиды,мәтіндегі ақпараттар бойынша кесте толтырады.
3-тапсырма. ҚБ. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытып, өз нұсқаңызбен салыстырыңыз, әңгімені аяқтаңыз. Мәтіндегі етістіктерді тұйық етістікке айналдыр.
Белгілі болғандай адамның көңіл күйін түсіретін, депрессияға ұрындыратын әлеуметтік желілер бар екен... Қалай ойлайсыз, ол қандай желілер? Бұл туралы неміс ғалымдары нақты дәлелдер келтірген. Сонымен адамды күйзеліске ұшырататын әлеуметтік желілердің көшін фото алмасу және видео алмасу қызметін тегін ұсынатын «Instagram» желісі болып шықты. Мұндай пікірді Берлиндегі Гумбольд университетінің мамандары айтқан. Олар «Facebook» желісіне қарағанда «Instagram» адам миына артық алмақ салады дейді. Зерттеу авторларының айтуынша, бұл қосымша тани бермейтін мыңдаған адамның жағажайлардағы демалыста немесе қымбат бутиктер мен мейрамханаларда түсірген суретін көреді, ал бұдан басқа, көптеген адам көрпесіне қарай көсіліп, бара алмайтын жерлерде түскен әлдекімнің суретіне қарайды. Бұдан кейін ол өзінің көптеп «лайк» жинай алмайтын суреттеріне қарап, өзінің өміріне деген көңілі толмайды. Бұл қолданушының өмірге деген қызығушылығын жойып, қызғаныш пен жалғыздық сезімдерін туғызатын көрінеді...
Дескриптор: - әңгімені аяқтайды; - түпнұсқамен салыстырады.
4– тапсырма. «Ғаламтор кітаптай болмайды» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырыңдар. Пікірталасқа қойылатын талаптар:
5– тапсырма. «Сөздер сыр шертеді» әдісін пайдаланып, берілген тірек сөздерді қатыстырып мәтін құрастыр. І топ:Пайда, ғаламтор, әлеуметтік желі, тәуелділік. ІІ топ:Тіл, технология, пікір, мәселе, қолжетімді. ІІІ топ: Электронды оқулық, гаджет, жылдамдық, дүкен, уақыт. Дескриптор:
ҚБ. «Фигуралар» арқылы бағалайды;
5 – тапсырманы аяқтау.
Рефлексия. «SMS жолдау» әдісі
|
Оқушылар амандасып орындарына отырады.
Оқушылар топқа бөлініп, өз орындарына жайғасады. І топ: Компьютер ІІ топ: Телефон ІІІ топ: WI-FI
Үйге берілген тапсырмаға «Сынық вагон» әдісі арқылы жауап береді.
1.Суреттегі заттарды біз ғаламторға кіру үшін пайдаланамыз. 2.Мен ғаламторды білім көкжиегімді кеңейту үшін, ақпараттарды білу үшін, жақындарыммен хат алысу үшін пайдаланамын.
1– тапсырма.Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. 1.Ғаламтордан көптеген пайдалы да, қажетті ақпараттарды табуға болады. 2.АҚШ Қорғаныс министрлігі: - Егер соғыс бола қалған жағдайда, Америкаға сенімді ақпарат алмасу желісі керек болады, - деп есептеген соң, жүйені АҚШ-тың «Орталық барлау басқармасының» қызметкерлері ойлап тапқан. 3. 1983 жылы «Ғаламтор» деген ұғым пайда болады. Ғаламторды тұрақты пайдаланушылар саны әлем бойынша 1жарым миллиардтан адамнан асады.
2 – тапсырма.
3-тапсырма. Адамдар сол суреттерге қарап отырып, өзінің шынай өмірі туралы ұмытады. Сол өмірді армандап менің де өмірім сондай болса ғой деген қызғаныш сезімі оянады. Сол себепті өз өмірлеріне көңіл бөлмей күйзеліске ұшырайды.Сондықтан әлеуметтік желіні адам шектеп қолдануы керек. Ұрындыру, түсіру, болу,келтіру, ұшырату, ұсыну, айту, салу, т.б. «Сіздер адамның бақытын анық және анық емес факторлар арқылы өлшейсіздер, өзгелердің сәттілікке қол жеткізгенін оның профиліндегі суреттерімен байланыстырасыздар» - дейді Берлиндегі Гумбольд университетінің маманы Ханна Краснова американдық «Slate» басылымына берген сұхбатында. Адам жадында Facebook-тегі жазбадан гөрі сурет көп уақытқа сақталып, қатты әсер ете алады. Естеріңізге сала кетейік, Фейсбук әлеуметтік желісі бұған дейін депрессияға ұрындыратын бірден-бір сайт болып есептеліп келген, оның үстіне ғылыми дәлелденіпті де.
4 – тапсырма. «Ғаламтор кітаптай болмайды» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырады.
5 – тапсырма. Ақпаратты тез табуда ғаламтордың тигізер пайдасы мол. Бірақ оның зияны да жоқ емес. Себебі, әлеуметтік желіге кіру арқылы адамдар өз уақыттарын жоғалтаумен қатар оған тәуелді болуы ғажап емес. Сол себепті адам өзін үнемі қанадай нәрседен болмасын шектеп отыруы қажет.
Оқушылар бағаланады.
Үй тапсырмасын мұқият жазып алады.
Оқушылар сабақта не үйренгендерін ортаға салады; |
|
||||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген