Ғаламтордағы танымал сайттар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғаламтордағы танымал сайттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: Ғаламтор ғаламаты

Мектеп: Қ.Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Ераділова А.Б.

Күні: 15.01.2025

Сынып: 7А

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ғаламтордағы танымал сайттар. Шылау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;

7.4.4.3. шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану

Сабақ мақсаты

  • Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.

  • Шылау түрлерін ажырата біледі, орынды қолдана алады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы































Сабақтың ортасы



Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

***********************************************

Психологиялық ахуал. Тақырыпты болжау.

Оқушыларға фотосуреттер көрсетіледі. Мұғалім суреттер арқылы тақырыпты болжатады.



  • Оқушыларға жаңа тақырып пен оқу мақсаты таныстырылады.




Оқылым алды тапсырма.

Тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазба бойынша функционалдық сауаттылыққа бағытталған сұрақтар Wordwall қосымшасы арқылы қойылады.

***********************************************





Теория: Проблемалық сұрақтар құрастыру мақсаты: қойылған сұрақтар логикалық талқылауды қажет етеді, сонымен қатар нақты дәлелді талап етуі керек! Мысалы: Ғаламтордағы танымал сайттар жастар өміріне қаншалықты әсер етеді?


1-тапсырма. Оқылым тапсырмасы.

Әдіс: «Зерделеп оқу»

Оқылым мәтіні беріледі. Берілген мәтінді зерделеп оқып, мәтін мазмұны бойынша «Padlet» тақтасына 3 проблемалық сұрақ жазылады.

Ғаламтордың «торына түскен» тұтқындар

«Егер сізге компьютерден не телефоныңыздан ажырау қиынға соқса, компьютердегі не телефондағы ойындар сізге демалу мен тамақтануды ұмыттырса, ғаламторда хат алмасуды өз бетіңізбен тоқтата алмасаңыз, онда міндетті түрде психиатр маманның көмегіне жүгінгеніңіз жөн». Бұл - америкалық психолог Джеральд Блоктың жасаған тұжырымдамасы.

Бүкіл әлем бойынша ғаламторға тәуелділіктен емдейтін клиникалар ашылуда. Қытайда электрошокпен емдейтін клиника ашылған. Ем қабылдаған балалар «ғаламтор» деген сөзді аузына да алмайтын болып шығатын көрінеді.

Ал Аустралияда ата-аналар «әлеуметтік желілер жас жеткіншектерді ақымақ қылады» деп дабыл қағуда. Әлеуметтік желілерді жиі пайдаланатын балалардың үй шаруасына немқұрайлы қарап, оқуы нашарлап, интеллектісінің дамуы төмендейтінін айтады. Осының салдарынан ата-аналар балаларының болашағына алаңдаулы.

Дескрипторлар:

  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Мәтін мазмұны бойынша 3 проблемалық сұрақтар құрастырады;

ЕБҚ: қолдауды қажет ететін оқушыға тірек сөздер беріледі.


Оқылымнан кейінгі тапсырма. Жұптық жұмыс.

Әдіс: «Аяқталмаған сөйлемдер»

Оқушыларға жұпта жұмыс жасауға арналған қағаз таратылады. Қағазда әр жұпқа мәтінге байланысты екі түрлі пікір жазылған. Беріген пікірлерді жұпта талқылап, аяқталмаған сөйлемдерді жалғастырады.

1. Мен үшін желі пайдалы. Мен өзімді желісіз елестете алмаймын, себебі...


2. Мен жастардың желіде ертеден кешке дейін отыруына қарсымын, өйткені...


Дескрипторлар:

  • Берілген пікірлерді жұпта талқылайды;

  • Тұжырымдарын ұсына отырып, сөйлемдерді аяқтайды.




Экранда көрсетілген фотосуреттер арқылы өтілетін тақырыпты болжайды.

Жаңа тақырып және оқу мақсатымен танысып, сыныппен талқылайды.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, бейнематериалдан алған ақпарат бойынша ой бөліседі.








Балалар теориялық білімді меңгеріп, алған ақпараттары туралы ой бөліседі.



Оқушылар берілген мәтінді зерделеп оқиды. Мәтін мазмұны бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырады. Құрастырылған сұрақтарын «Padlet» тақтасына енгізеді.





Қолдауды қажет ететін оқушы берілген тірек сөздерді пайдаланып, тапсырманы орындайды.





Оқушылар қалыптасқан жұпта жұмыс жасайды. Берілген сөйлемдерді оқып, оны шешу жолдарын жұпппен талқылайды. Өз кейстерін ұсынады.



Қ.Б.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.








ҚБ.



«Комментарий жасау» әдісі












ҚБ. Дескрипторлар:

- Мәтінді түсініп оқиды;

- Мәтін мазмұны бойынша 3 проблемалық сұрақтар құрастырады;

3 балл.















Мұғалімнің ауызша кері байланысы.



1-слайд









https://www.youtube.com/watch?v=VdejHgD5BRc

Wordwall қосымшасы

https://wordwall.net/play/84990/714/533








Үлестірме қағаздары

3,4 – слайд.





















Үлестірме қағаздары










































Сабақтың соңы




Рефлексия






Үйге тапсырма:


Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.

Белгілері:

1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;

2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;

3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;

5. Шылауларға қосымша жалғанбайды, бөлек жазылады..

Грамматикалық сипатына қарай шылау сөздер үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.


2-тапсырма. Жеке жұмыс.

Жақшаны ашып, ережеге сай жаздыру. Жақшаның ішінде берілген «шылау ма, қосымша ма?» анықтау. .


Әлеуметтік желі арқылы сіз танысыңыз (бен) досыңызды тауып, олар (мен) байланыста бола аласыз. Әртүрлі топқа тіркеліп, өз ойыңыз (бен), көзқарасыңыз (бен) бөлісесіз.

Әлеуметтік желі арқылы өз бизнесін дөңгелетіп отырғандар бар. Өз тауарларын жарнамалап, желі арқылы сауда (да) жасай алады. Компаниялар өздеріне жұмыскер іздеу (де) осы әлеуметтік желінің көмегіне жүгінеді. Қазір қайда қарасаң (да), телефонына телміріп отырған адамдарды көресің.

Дескриптор:

  • Жақшаны ашып, ережеге сай жазады;

  • Берілген шылауды ажыратады;

  • Берілген қосымшаны анықтайды;


ЕБҚ: қолдауды қажет ететін оқушығаарнайы анықтама беріліп, мұғалім тарапынан ауызша қолдау көрсетіледі.


Сабақ соңында мұғалім оқу мақсатына шолу жасап өтеді. Оқушылардан қол жеткізген мақсаттары туралы кері байланыс алады.

***********************************************

Әдіс: «3 Қ»

Оқушыларға сабақтан алған білімдері мен қол жеткізген мақсаттары бойынша кері байланыс алынады.

ҚЫЗЫҚ

ҚАЖЕТ

ҚИЫН

***********************************************

«Әлеуметтік желілер уақыт ұрлаушылар ма?» деген сұраққа «ПОПС формуласы» бойынша дәлел жаз.


Білімгерлер грамматикалық білімді меңгеріп, алған ақпараттары туралы ой бөліседі.














Оқушылар жақшаны ашып, берілген мәтіннен шылау мен қосымшаны анықтайды..











Қолдауды қажет ететін оқушы берілген анықтаманы пайдаланып, тапсырманы орындайды.





Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен қол жеткізген мақсаттары бойынша кері байланыс береді.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.


















ҚБ.


Дескриптор:

  • Жақшаны ашып, ережеге сай жазады;

  • Берілген шылауды ажыратады;

  • Берілген қосымшаны анықтайды;

7 балл.










Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

ҚБ қойылады.


6 – слайд.




















Слайд № 7,

Таратпа қағаздар

























Слайд № 9,10





Слайд № 11







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2025
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі