Материалдар / Галогендер топшасы. 9сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Галогендер топшасы. 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
883
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Галогендер

Бөлім:

9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:


Сабақтың тақырыбы:

Галогендер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.4.5 -галоген молекулаларының электрондық

формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау

9.2.1.8-топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыруды анықтайды.

Көпшілік оқушылар үшін:

Кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтайды

Кейбір оқушылар үшін:

Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын біледі

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап

  1. Релаксация. Мағынаны тану (анаграмма)



ДОЙ

РОТФ

МОРБ

РОЛХ

ТАТСА




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы




Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Галогендер дегеніміз?



2.Галогендер атом құрылысында қандай ұқсастық ба?



3.Галогендер қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу 25 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыруды анықтайды

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

Галогендердің молекулалары және оның кристалдық торын сипаттап береді

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Суретті талдау.


ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жеке жұмыс

7 минут

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

Галогендердің үлгілерін салыстырады



3-тапсырма

Фтор молекласының түзілуін сипаттайды


Дескриптор: Жалпы - 3 балл



1.Тапсырмаларды орындайды.




ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабақтан алған жаңа білімін, рефлексиясын тыңдайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





БҚО, Жаңақала ауданы

3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің

химия пәнінің мұғалімі

Бисенова Бижамал Қадырқызы




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!