400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы тарауынан көмекші құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

«ТАРАЗ-ҒАСЫР» КОЛЛЕДЖІ








Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы

тарауынан көмекші құрал

(Оқу әдістемелік нұсқау)






Дайындаған:

"Тараз-Ғасыр" колледжің

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы

Маханов Үсен Абдукадирович













ТАРАЗ- 2018

КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – оның әр азаматының абыройлы міндеті. Қарулы күштердің ұрысқа дайындығы мен қабілеттілігін жоғары дәрежеде қамтамасыз етудің негізгі кепілі – жанжақты дамыған, қазіргі техникамен қару-жарақты игерген, денсаулығы мен дайындығы жоғары әскери қызметшілер бойында қазақстандық патриотизм, интернацианализм қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Қатарында қызмет етуді мақтан тұту, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүріне, әскери борышпен әскери антқа адалдық сезімдерін тәрбиелеу - әскери тәртіпті күшейтуге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының 2005 жыл 8 шілдедегі «Әскери міндер мен әскери қызмет туралы» Заңына байланысты міндетті әскери қызмет 1 жылға өзгертілді. Сондықтан әскери қызмет етуге даярлау жалпы білім беретін және кәсіптік - техникалық мектептер мен арнаулы оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән АӘД пәні болып табылады. Олай деуіміздің себебі қазіргі уақытта Армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтандыруына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделіленді. Қысқа мерзімде өздеріне сеніп тапсырған қару жарақ пен техниканы меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу күрделі іс, сондықтан әрбір жас өспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметте дайындауға, өз Отанын ҚР мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілікті кәміл ұғынуға тиіс.

Құрметті әскери жетекшілер мына өздеріңізге арналған көмекші құрал кітапшасындағы жауынгерлердің жеке қаруының даму тарихына тоқталдым. Болашақ жастарды тәрбиелеуде, оларға білім беруде көмегі тиіп жатса дұрыс деп ойлаймын.




















1. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің әскери бөлімдерін қоспағанда, елді мекенде немесе шекаралары белгіленген ауданда орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері, мекемелері (бұдан әрі – әскери бөлімдер) гарнизонды құрайды.

2. Гарнизонның шекаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен айқындалады. Анағұрлым үлкен гарнизонның құрамына оған жақын жатқан елді мекендерде орналасқан барлық әскери бөлімдер енгізіледі. Осы шекараларға жақын жатқан басқа да елді мекендер енгізілуі мүмкін. Гарнизон шекаралары гарнизонның барлық жеке құрамына дейін жеткізілуге тиіс.

3. Гарнизондық қызмет жеке құрам арасында жоғары әскери тәртіпті сақтау, әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығына қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ әскерлердің қатысуымен болатын гарнизондық іс-шараларды өткізу үшін арналған.

4. Гарнизон шегінде гарнизондық қызметке басшылық жасауды гарнизон бастығы жүзеге асырады. Оның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысына сәйкес тәртіптік құқықтары бар. Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтарын қоспағанда, өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аймағында орналасқан гарнизондардың бастықтары өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады. Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынады.

5. Әскерлер оқу-жаттығу орталықтарында және лагерьлерде орналасқан кезде әскерлердің күнделікті тіршілік әрекетін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысына (бұдан әрі – Ішкі қызмет жарғысы) сәйкес жүзеге асырылады.

6. Гарнизондық қызметті өткеруге гарнизон құрамына кіретін әскери бөлімдер тартылады. Әскери бөлімдердің гарнизонда гарнизондық қызметті өткеру кезектілігін гарнизон бастығы белгілейді. Жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті өткеретін бөлімшелер гарнизондық қызметті өткеруге тартылмайды.

7. Әрбір гарнизонда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің командирлері қатарынан гарнизон бастығы тағайындалады. Гарнизон әкімшілігі гарнизон бастығының бұйрығымен осы Жарғының 1-қосымшасында мазмұндалған талаптарды ескере отырып тағайындалады, ал қажет болған кезде гарнизон әкімшілігінің басқа да адамдары тағайындалуы және олардың міндеттері айқындалуы мүмкін.

8. Лауазымға кіріскені туралы гарнизон бастығы бұйрықта жариялайды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің

қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды, сондай-ақ ол туралы мемлекеттік жергілікті басқару органдарына жазбаша түрде хабарлайды.

9. Әскери қалашықта екі немесе одан көп әскери бөлімдер орналасқан кезде гарнизон бастығының бұйрығымен әскери қалашықтың жетекшісі тағайындалады.

10. Гарнизондардағы құқық тәртібін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери полиция органдары жүзеге асырады. Тікелей бастықтардан басқа, әскери қызметшінің ешқайсысының әскери полиция органының бастығына оның қызметтік істеріне қатысты қандай да бір өкім беруіне жол берілмейді. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру және өткеру мәселелері бойынша гарнизон бастығы және гарнизонның әскери полиция органы бастығы өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

Қарауылдық қызметті ұйымдастыру

Жалпы ережелер

Қарауылдық қызметті өткеру жауынгерлік міндеттерді орындау болып табылады және жеке құрамнан осы Жарғының барлық ережелерін нақты сақтау, жоғары қырағылық, пәрменді шешімділік пен бастама талап етіледі. Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлілер тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікте болады.

Қарауылдық қызметті өткеру үшін қарауылдар тағайындалады. Әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады. Қарауылдық қызметті өткеру жөніндегі міндет әскери бөлімшелерге жүктелмеген әскери бөлімдерде объектілерді күзетуді ведомстволық күзет бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін. Жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдарды күзету мен қорғау әскери қарауылдарға немесе қаруланған патрульдерге, ал жауынгерлік туларды – әскери қарауылдарға немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының, сондай-ақ басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бірінші басшыларының шешімі бойынша тәуліктік нарядтың басқа да адамдарына жүктеледі. Қарауылдар гарнизондық және ішкі (корабльдік) болады, олар тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Гарнизондық қарауыл жалпыгарнизондық мақсаттағы объектілерді және бір-біріне тікелей жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімнің объектілерін күзету үшін тағайындалады. Ішкі (корабльдік) қарауыл бір әскери бөлімнің (корабльдің) объектілерін күзету және қорғау үшін тағайындалады. Әуеайлақтағы авиациялық бөлімнің ұшақтары (тікұшақтары) мен басқа да объектілерін ішкі қарауыл күзетеді және қорғайды. Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді. Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді; олар әскери мүлікті тиеу (түсіру) немесе қоймаларға уақытша қою кезінде, әскери жүктерге ілесіп жүру кезінде күзету мен қорғау үшін, сондай-ақ гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді оларды әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдау кезінде күзету үшін гарнизон бастығының немесе әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады.

Гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығына, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады. Гауптвахта жанындағы қарауыл жасақ (бөлім) бастығына, гауптвахта бастығына және әскери полиция органы бойынша кезекшіге бағынады. Ішкі (корабльдік) қарауылдар әскери бөлім командиріне (корабль командиріне), әскери бөлім (корабль) бойынша кезекшіге және егер әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі офицер болса, оның көмекшісіне бағынады. Әскери бөлімнің қалған бөлімшелерінен жеке орналасқан батальонның (дивизионның) объектілерін күзететін ішкі қарауыл, одан басқа, осы батальон (дивизион) командиріне және әскери атағы қарауыл бастығымен тең немесе атағы бойынша одан жоғары батальон (дивизион) бойынша кезекшіге бағынады. Сержанттар (старшиналар) қатарынан тағайындалған әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісіне бастығы офицерлер емес қарауылдар бағынады. Қарауылдар осы адамдардың бағынысына таралым кезінде қарауылдар (әскери бөлім, корабль) бойынша кезекшіні қарсы алу үшін «ТІК ТҰР» командасы берілген сәттен бастап кіреді, ал олардың бағынысынан қарауыл бастығы ауысымнан кейін өз әскери бөліміне (бөлімшесіне) қарай жүру үшін «Адым – БАС» командасын берген сәттен бастап шығады.

Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, бекеттер мен ауысымдар саны бойынша қарауылдар, таратушылар, ал қажет болған кезде қарауыл бастығының көмекшісі, техникалық күзет құралдары бойынша операторлар ауысымы (ауысымдағы операторлар саны күзетілетін объектінің маңыздылығына, оның периметрінің ұзындығына, орнатылған бейнеқадағалау жүйелерінің санына байланысты айқындалады, бірақ кемінде екі әскери қызметші болуға тиіс, олардың біреуі қарауыл бастығының

техникалық күзет құралдары бойынша көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін), қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері (жауынгерлік машиналар экипаждары) тағайындалады.

Қарауылдар сарбаздар (матростар) қатарынан тағайындалады. Сарбаздардың (матростардың) саны жетпеген кезде қарауылдар болып сержанттар (старшиналар) тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда олардан бекеттің (бекеттердің) барлық ауысымдары, бақылау-күзету тобының барлық құрамы құралады, ал таратушы болып қарауылдардың әскери атақтарынан төмен емес әскери атақтағы әскери қызметші тағайындалады. Қарауылдардың саны осы қарауыл бекеттері үшін белгіленген санына байланысты айқындалады, оның ішінде тәулік бойы бекетті күзету үшін сақшылардың үш ауысымы, ал тек түнде күзету үшін (қараңғы түскеннен бастап таң атқанға дейін немесе қойма, сақтау орындары жабылғаннан ашылғанға дейін) – сақшылардың екі ауысымы тағайындалады.

Қарауыл құрамы, оның ішінде қарауыл бастығы, әдетте, бір бөлімшеден, тіпті болмаса – бір әскери бөлімнен нарядқа түскенге дейін бір тәуліктен кешіктірілмей тағайындалады. Бір әскери бөлімнен жасақталатын барлық гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығының бұйрығымен, әртүрлі әскери бөлімдерден құрама қарауыл тек Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының бұйрығы бойынша тағайындалуы мүмкін.

Қарауылдарды дайындау

Қарауылдар тағайындалатын әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері қарауылдың жеке құрамын іріктеуге, орналастыруға және оны қызмет өткеруге даярлауға, қару мен жауынгерлік оқ-дәрілердің ақаусыз жай-күйіне және қарауылдардың таралымға уақтылы келуіне жауап береді. Қарауылға әскери ант қабылдамаған, жаңадан келген буынды даярлаудың тиісті бағдарламасын меңгермеген, ол бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық құқық бұзушылық жасаған әскери қызметшілерді, сырқаттанған және аталған уақытта өз моральдық-психологиялық жағдайы бойынша қарауылдық қызметті өткере алмайтын, сондай-ақ тәртіптік жазасын өтеу тәртібіндегі басқа да әскери қызметшілерді тағайындауға жол берілмейді.

Әскери бөлімдердің штабтар бастықтары гарнизондық немесе ішкі қарауылдар нарядқа түскенге дейін үш тәулік бұрын қарауылдар тағайындалатын бөлімшелердің командирлеріне бекеттердің орналасу сұлбаларын, бекеттерге табельдерді және жеке құраммен зерделеу үшін қарауылдар бастықтарына нұсқаулықтарды тапсыруға міндетті. Зерделегеннен кейін көрсетілген құжаттар әскери бөлімнің штабына қайтарылады.

Қарауылға түсер алдындағы түні әскери қызметшілер ешқандай қызмет өткермеуге немесе сабақтар мен жұмысқа тартылмауға тиіс. Түсетін күні, күн тәртібінде көрсетілген сағатта қарауылдың жеке құрамына қызмет өткеруге дайындалу (міндеттерін білуін, қаруды ұстай алуын тексеру) үшін кемінде 3 сағат, ал қарауылға түскен кезде бір тәуліктен кейін – кемінде 4 сағат, оның ішінде кемінде 1 сағат демалу (ұйықтау) үшін берілуге тиіс.

Ротадан (батареядан) тағайындалған қарауылдың жеке құрамын даярлауды рота (батарея) командирі ұйымдастырады және даярлықты жеке өзі; батальоннан (дивизионнан) тағайындалғанды – батальон (дивизион) командирі жеке өзі, ал әскери бөлімнен тағайындалғанды – бөлім командирі орынбасарларының біреуі жүргізеді. Қарауылда қызмет өткеруге дайындау үш кезеңде жүргізіледі:

1) бірінші – нарядқа түскенге дейін екі-үш күн бұрын бекеттерге табельдерге сәйкес қарауылдың жеке құрамын іріктеу, бөлу және тағайындау жүзеге асырылады;

2) екінші – нарядқа түсер алдындағы күні, күн тәртібінде көрсетілген сағаттарда қарауылдың жеке құрамымен жарғылардың ережелерін, күзетілетін объектілерді, бекеттердегі сақшылардың ерекше міндеттері мен әрекеттерінің нұсқаларын макет арқылы нақтылай отырып (немесе интерактивті оқыту құралдарын қолдана отырып), бекеттерге табельдерді, сондай-ақ қаруды

қолданған кездегі тиісті нұсқаулықтар мен талаптарды зерделеу бойынша сабақтар өткізіледі. Бір тәуліктен кейін қарауылға түскен кезде осы сабақ қарауылға түсетін күні сабақтың алтыншы сағаты орнына жүргізіледі;

3) үшінші – қарауылға түсетін күні бекеттердегі сақшылардың іс-қимылдарын пысықтаумен практикалық сабақтар өткізіледі.

Қарауылдарды ауыстыру.

Таралымнан кейін қарауыл ауысатын қарауыл орналасқан орынға келеді. Жаңа қарауыл бастығы оны күзетілетін объекті аумағы кіреберісінің алдына немесе қарауыл бастығына нұсқаулықта көрсетілген қашықтықта қарауылдың үй-жайы алдына тоқтатады, ауысатын қарауыл бастығына өзін таныстырады және оған бұрынғы парольді айтады. Содан соң ол оған маңдайшебімен қарауылдық үй-жай алдындағы алаңға өз қарауылын сапқа тұрғызады.

Ауысатын қарауыл бастығы, оған айтылған парольдің дұрыстығына көзі жеткеннен кейін, үй-жайда өз көмекшісін немесе таратушылардың біреуін қалдыра отырып, өз қарауылын қаруымен қарауылдық үй-жайдан шығарады және жаңа қарауылдың маңдайшебі алдына алты-сегіз адымда алаңға қарауылды сапқа тұрғызады. Сапқа тұрғызылғаннан кейін қарауылдар бастықтары жаңа қарауыл бастығынан бастап кезекпен «Қарауыл, ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР» командаларын береді. Пистолеттермен қаруланған қарауылдар бастықтары команда бере отырып, қолын баскиіміне апарып, бір-біріне саптық адыммен келеді, біреуі екіншісіне екі-үш адым қалғанда тоқтайды және жаңа қарауылдың бастығынан бастап баяндайды, мысалы: «Капитан мырза, жаңа қарауыл ауысу үшін келіп тұр. Қарауыл бастығы капитан Мұратов»; «Капитан мырза, бұрынғы қарауыл ауысу үшін дайын. Қарауыл бастығы капитан Бейсебаев», одан кейін қолын баскиімінен түсіреді. Автоматтармен немесе карабиндермен қаруланған қарауылдар бастықтары қолын баскиіміне апармайды және «ТІК ТҰР» командасынан кейін автоматтарды «қарубауға» күйіне алып, бір-біріне қарсы жүреді. Баяндаудан кейін қарауылдар бастықтары «ЕРКІН ТҰР» командасын береді, қарауылдық үй-жай кіреберісіндегі сақшыны, егер ол қойылса, ауыстырады, ал содан кейін өз қарауылдарына: «Оң-ҒА», «Адым – БАС» командаларын береді. Жаңа қарауыл бастығы өз қарауылын қарауылдық үй-жайға кіргізеді, ал ауысатын қарауыл бастығы өз қарауылын ауысатын қарауылдың жеке құрамын күту бөлмесіне (орнына) әкетеді, қаруды пирамидаға қоюға команда береді, өзінің орнына лауазымы үлкенді қалдырады және өз көмекшілерімен және таратушылармен бірлесе отырып, қарауылдық үй-жайға кіреді. Цельсий бойынша ауа температурасы –15о С және одан төмен кезде, сондай-ақ қолайсыз ауа райында және бір бекеті бар қарауылдарда қарауылдарды ауыстыру жоғарыда жазылған қарауылдарды ауыстыру тәртібін сақтамай, қарауылдық үй-жайда жүргізіледі. Жаңа қарауыл бастығы ауысатын қарауыл бастығына өзін таныстырғаннан және оған бұрынғы парольді айтқаннан кейін өз қарауылын ауысу үшін қарауылдық үй-жайға кіргізеді.

Жаңа қарауылдың жеке құрамы үй-жайға кіргеннен кейін қаруын пирамидаға (пистолеттерді – сейфке) қояды, одан кейін ауысатын және жаңа қарауылдар бастықтары өз таратушыларына мөрлерден таңбаларды (пломбалардан бедерлерді) тапсыруды және қабылдауды, ал көмекшілеріне қарауылдық үй-жайларды тапсыруды және қабылдауды бұйырады және тапсыру дұрыстығын қадағалайды. Ауысатын қарауыл бастығының көмекшісі тапсырады, ал жаңа қарауыл бастығының көмекшісі қарауылдық үй-жайды және онда тұрған жабдықты, мүкәммал мен мүлікті тізімдеме бойынша қабылдайды. Ауысатын қарауыл бастығы жаңа қарауыл бастығына ауысатын қарауыл құрамынан алынған барлық ескертулер мен нұсқаулар туралы хабарлайды. Қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі ауысатын көмекшіден құжаттаманы, аппаратураны қабылдайды және оның жұмысқа қабілеттілігін тексереді, одан кейін жаңа қарауыл бастығына қабылдағаны туралы баяндайды, аппараттық журналға жазба жасайды.

Мөрлерден таңбаларды (пломбалардан бедерлерді) қабылдағаннан кейін жаңа қарауыл бастығы: «Бірінші ауысым, ҚАРУДЫ АЛ», қаруды алғаннан кейін – «Бірінші ауысым, САПҚА ТҰР» командаларын береді. Осы команда бойынша таратушылар мен бірінші ауысымның қарауылдары өз қаруын ала отырып, оңнан солға қарай бекеттердің нөмірлері тәртібінде бір қатарға сапқа тұрады. Таратушылар өздерімен бірге мөрлерден таңбаларды (пломбалардың бедерлерін), ал тәуліктің түнгі уақытында қолшамдарын алып, өз ауысымдарының оң жақ қапталдарына тұрады. Ауысатын қарауылдың таратушылары олармен бір қатарда және жаңа қарауылдың тиісті таратушыларынан оңға қарай тұрады. Жаңа қарауыл бастығы таратушылардың және қарауылдың міндеттерін білуін тексереді, қарауылдарға қаруды ұстау тәртібіне ерекше назар аудара отырып, әрбір бекетте қызмет өткеру ерекшеліктерін еске салады, темекі шегу және тұтандыру керек-жарақтарын, сондай-ақ бөгде заттарды тапсыруға команда береді, ауысымды қарауылдық үй-жайдан шығарады және оны қаруды оқтау және оғын алу үшін алаңға сапқа тұрғызып, команда береді: «Ауысым, оң жақтан бастап бір-бірден – ОҚТА». Осы команда бойынша оң қапталдағы әскери қызметші алға бір адым жасайды және жартылай оңға бұрылады, сүңгіні қаруға бекітеді және осы Жарғының 116, 117-тармақтарына сәйкес оқтайды,

ал қарауыл бастығы қарудың оқталғанын тексереді. Қаруды оқтағаннан кейін әскери қызметші «Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды» деп баяндайды, оны өз бетімен «қарубауға» күйіне алады және артқа қарай бір адым жасайды. Осындай кезеңділікпен қалған таратушылар мен қарауылдар кезекпен қаруды оқтайды.

Сақшыларды ауыстыру

Сақшыларды ауыстыру 2 сағат сайын жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі. Цельсий бойынша ауа температурасы –20о С және одан төмен болған кезде, ал жел соққан уақытта және аяз төмен болған кезде сыртқы бекеттердің, сондай-ақ жылытылмайтын үй-жайда болатын ішкі бекеттердің сақшыларын ауыстыру 1 сағат сайын жүргізіледі. Цельсий бойынша температура +30о С және одан жоғары (көлеңкеде болған) кезде сақшыларды ауыстыру сол сияқты 1 сағат сайын жүргізіледі. 1 сағат сайын сақшыларды ауыстыру туралы нұсқауды осы жағдайларда қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші береді. Егер сақшыларды ауыстыру 1 сағаттан кейін жүргізілсе, онда қарауыл бастығы бекеттік ведомоста сақшылар осындай сағаттан бастап 1 сағаттан кейін, ал мынадай сағаттан бастап осындай ауысым түскеннен кейін 2 сағаттан кейін ауыстырылғаны туралы жазба жасайды. Қарауылдық үй-жайдың кіреберісіндегі сақшыларды ауыстыруды қарауыл бастығының көмекшісі немесе қарауыл бастығы әрбір 30 минут сайын жүргізеді.

Ауысым сақшыға 10-15 адым арақашықтыққа жақын келген кезде қарауыл таратушысы:

«Ауысым, ТОҚТА» командасын береді және қарауылдардың біреуіне бекетті және оған кіреберістерді қадағалауға (ауысым машинада жүрген кезде – қаруды оқтауға және қадағалауға) бұйрық береді. Мысалы: «Қатардағы жауынгер Манабаев, бекетті және оған кіреберістерді қадағала». Ауысым жақын келген кезде сақшы оған қарама-қарсы қарап тұрады және таратушы 3-4 адымға жақындаған кезде автоматты «қарубауға» күйіне өз бетімен алады, қарсы бір адым жасайды және қызметті өткеру нәтижелері туралы баяндайды, мысалы: «Сержант мырза, қызмет өткеру уақытында оқиғалар болған жоқ. Үшінші ауысым екінші бекетінің сақшысы қатардағы жауынгер Қарабалин». Ауысатын қарауыл таратушысы сақшыға: «ТІК ТҰР» командасын береді. Одан кейін жаңа қарауыл таратушысының командасы бойынша, мысалы: «Қатардағы жауынгер Қанафин, бекетке адым – БАС», сақшы саптық қалыпты қабылдайды, оңға қарай бір адым жасайды, қарауыл сақшыға жақын келеді және қарама-қарсы қарап оның орнына тұрады. Ауысатын және жаңа қарауылдардың таратушылары бір-біріне қарама-қарсы олардан бір-екі адымда сақшы мен қарауылдың екі жағына тұрады. Ауысатын қарауыл таратушысының «Сақшы, бекетті тапсыр» командасы бойынша сақшы ауызша бекетті тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір-біріне бастарын бұрады. Бекетті ауызша тапсыру сақшы бекеттің нөмірін атаудан, бекеттер табеліне сәйкес барлық күзету мен қорғауға жататындарды қарауылға атап өтуден, сондай-ақ өзі қызмет өткеру уақытында бекетке жақын жерде нені байқағанын көрсетуден тұрады. Бекетті ауызша тапсырғаннан кейін қарауыл өз таратушысының «Қарауыл, бекетті қабылда» командасы бойынша сақшының және ауысатын қарауыл таратушысының қатысуымен жаңа қарауыл таратушысымен бірге күзетілетін объектіні қарап шығуға және жарық түсуінің, қоршаулардың, есіктердің (қақпалардың) ақаусыздығын, терезелердің, торлар мен сақтау орнының (қойманың) жай-күйін, құлыптардың, баулардың, мөрлердің (пломбалардың) бар болуы мен жай-күйін және олардың таңбаларға (бедерлемелерге) сәйкес келуін, күзетудегі жауынгерлік машиналардың (қару-жарақ пен әскери техниканың) санын, сондай-ақ техникалық күзет құралдарының, байланыс, өрт сөндіру құралдарының болуын және жай-күйін, жертасалардың, бекеттік мұнаралардың, бақылау-іздік жолақтар мен бекеттік киімнің жай-күйін тексеруге міндетті. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер бар камералар жанындағы бекетті қабылдау кезінде қарауыл, одан басқа оларда болатын гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілер санын атаулы тізім бойынша тексеруге міндетті. Бекетке түсетін қарауыл қажет болған кезде таратушының көмегімен бекеттік киімді киеді.

Егер бекетті қабылдау және тапсыру кезінде қандай да бір ақаулықты (қоршаулар немесе мөрлер, пломбалар, құлыптар, баулар, есіктер, терезелер бұзылған) немесе мөрлердің (пломбалардың) таңбасы (бедерлері), сондай-ақ күзетуде болатын жауынгерлік машиналардың (қару-жарақ пен әскери техниканың) саны бекеттер табелінде көрсетілген санға сәйкес келмейтіні анықталған болса, таратушы қарауыл бастығын шақыртады; осындай жағдайларда жаңа қарауыл бекеттерді қабылдаған кезде бұрынғы және жаңа қарауылдар бастықтары шақыртылады.

Бекетті тапсыруды және қабылдауды аяқтағаннан кейін сақшы және бекетке түсетін қарауыл күзетілетін объектіге қарама-қарсы жаққа таратушыға қарап тұрады және кезекпен баяндайды. Мысалы: «Сержант мырза, қатардағы жауынгер Қарабалин нөмірі үшінші бекетті тапсырды». «Аға сержант мырза, қатардағы жауынгер Ыбыраев, нөмірі үшінші бекетті қабылдады». Баяндаудан және таратушыдан нұсқаулар алғаннан кейін сақшы осы Жарғының 321-тармағында көрсетілгендей қаруды алады және бекеттегі өз міндеттерін орындауға кіріседі.

Қарауылдың сақшы жағдайына (сақшының қарауыл жағдайына) ауысуы бұрынғы таратушының: «Бекеттен адым – БАС» командасы бойынша бекетті қабылдау (тапсыру) туралы ол баяндағаннан кейін айқындалады.

Ауысатын қарауыл таратушысының командасы бойынша, мысалы: «Қатардағы жауынгер Қарабалин, бекеттен адым – БАС», ауысқан қарауыл ауысымның артына тұрады және қаруды «қарубауға» күйіне өз бетімен алады, ал бекет пен оған кіреберістерді қадағалаған қарауыл сапқа тұрады. Одан кейін жаңа қарауыл таратушысы: «Ауысым, менің соңымнан адым – БАС» командасын береді және ауысымды келесі бекетке апарады.

Ішкі бекеттердің сақшыларын ауыстыру кезінде ауыстыруды жүргізе отырып, таратушы үй-жайдың кіреберісіне барады: «Ауысым, ТОҚТА» командасын береді, қарауылдардың біреуін үлкені етіп қалдырады және команда береді, мысалы: «Қатардағы жауынгерлер Долин мен Қамзаев, менің соңымнан адым – БАС». Таратушы қарауылдармен үй-жайға кіргеннен кейін осы Жарғының 165-169-тармақтарына сәйкес сақшыларды ауыстырады.

Қарауылдардағы ішкі тәртіп

Қарауыл бастығының рұқсатынсыз қарауыл құрамының ешқайсысы да қарауылдық үй-жайдан кетпеуге тиіс.

Қарауылдық үй-жайда тыныштық пен тәртіп сақталуға тиіс. Бекеттермен және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен байланысты қоспағанда, байланыс құралдарын пайдалануға, ән айтуға және музыкалық аспаптарда ойнауға рұқсат етілмейді. Әдебиеттер мен кезеңдік басылымдарды оқуға, шахмат пен дойбы ойнауға, қарауылдың міндеттерін орындауға және демалушының ұйқысына бөгет жасамай, радио және телебағдарламаларды ақырын тыңдауға және көруге рұқсат етіледі. Шылым шегуге және аяқкиімін тазалауға тек ол үшін бөлінген орындарда рұқсат етіледі.

Автоматтар, карабиндер мен оқшашарлар оқталмай, оқжатарсыз, бекітпесі алға қаратылған, шүріппесі түсірілген және сақтандырғышқа қойылған күйде пирамидаларға қойылады. Қарауылдық үй-жайларда пирамидалар құлыпқа жабылмайды, бірақ қарауыл бастығына және бөлім бойынша кезекшіге электр-дыбыстық дабылдамамен, сондай-ақ қарауыл бастығы мен оның көмекшісінің бөлмесі жағынан ашылатын бекітпемен жабдықталады. Автоматтарға жарақтандырылған оқжатарлар (карабиндерге оқтізерлер) бар сөмкелер, қатпарлы кеудешесі, сүңгі-пышағымен қынап және арнайы құралдар белдік белбеуден алынбайды. Пистолеттермен қаруланған қарауылдар бастықтары қарауылдық үй-жайда оларды шешпейді. Оқшашарларға оқжатарлар (таспалармен жарақтандырылған қораптар) құлыпқа жабылған пирамидалардағы арнайы жәшіктерде сақталады, оның кілті мөрленген пеналда қарауыл бастығында болады, ал ол қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде қарауыл бастығының көмекшісіне беріледі. Бақылау-өткізу пункттері қарауылдарының пистолеттері құлыпқа жабылған металл жәшіктерде (сейфте) кобураларда сақталады, оның кілті қарауыл бастығында болады, ал ол қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде және демалу кезеңінде қарауыл бастығының көмекшісіне беріледі. Пистолеттер қарауылдарға арнайы карточкалар бойынша бекетке түсер алдында беріледі. Қару пирамидадан тек қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің рұқсаты бойынша алынады. Қаруды тазалау қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің басшылығымен жүргізіледі, бұл ретте қаруды бөлшектеуге жол берілмейді.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі