Ғарыш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, ғарышкерлер дайындау орталығы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш рет айға ұшқан Тоқтар Әубәкіровтың ерлігі мен еңбегін ұштастыра отырып балаларға Отанымызғы қорғай білуге сүйіспеншілігін арттыру.Топпен жұмыс жасауға бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңаөзен қаласы

Тәрбиеші: Онгаева Назира

Тақырыбы: «Ғарыш»

Білім беру салалары: қатынас, таным, шығармашылық.

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту,Көркем әдебиет, қарапайым математика, жапсыру.

Мақсаты:Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, ғарышкерлер дайындау орталығы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш рет айға ұшқан Тоқтар Әубәкіровтың ерлігі мен еңбегін ұштастыра отырып балаларға Отанымызғы қорғай білуге сүйіспеншілігін арттыру.Топпен жұмыс жасауға бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.

Қажетті көрнекі құралдар: слайдтар, тапсырмалар, аудио дыбыс.

    Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымен біз нені көреміз?
-    Дұрыс, күнді көреміз.
-    Күн бізге не береді?
-    Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ-апайлармызға жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

Балалар бүгін сендермен топ болып жұмыс жасаймыз. Кәне Ай, күн, жұлдыз болып бөлініп отырайық.тамаша.

-Балалар, айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Осы көктем мезгілінің 12-сәуірі ғарышкерлер күні деп аталады.

-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.

Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.

-Қайда тұрады екенбіз?

-Жерде басқа ғаламшарда жоқ нәрселер бар екен: су топырақ, ауа.

-Нелер бар екен?

-Сондықтан мұнда адамдар жан-жануарлар тіршілік етеді. Адамдар басқа ғаламшарда өмір сүруге болама екен деп тексеріп көргісі келді. Ол үшін басқа ғаламшарларға ұшып бару керек екен.



-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.



Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышері Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.

Тосын сәт: Аудио

«Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерге ғарыш әлемінен хабарласып тұрмын. Сендер мені көрмейсіңдер ал мен сендерді көріп , бақылап жүремін. 12 сәуір ғарышкерлер мерекесіне орай сендерге тапсырмам бар, орындағыларың келе ме? Егер тапсырманы жақсы орындасаңдар, тәрбиеші апайларың сендерге сыйлық береді».

Қандай тамаша, тапсырма орындайық па балалар?

Жарайсыңдар.


1-тапсырма.

1ші топ жабыстырады

2 ші топ құрастырады.

3ші топ Суреттегі көп нүктені сызықпен қосып, бояу.


Сергіту сәті:
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын



2-тапсырма.

Дидактикалық ойын: Не қайда болады?

Аспанда не болады ай күн жулдыз ракета ұшақ

Жерде не болады машина доп үй жихаздар


3-тапсырма тақпақ жаттау.

Мнемокесте арқылы.

Көкке самғап ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның.

Қорытынды.

Жарайсыңдар, балалар!

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

Балаларды мақтау мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Аспан әлемін телескоппен зерттейді, ғарышқа ұшатын адамды - ғарышкерлер деп атайтынын;

Нені игереді: Ойындар арқылы аспан әлемін орналастыруды;

Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемесімен ұшатынын, ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан ғарышкер Юрий Гагарин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы мәліметтерді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2025
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі