15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ғарыш әлемі"
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:______________________________________
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Күні:.
Мұғалімніңаты-жөні:.
Қатысқан оқушылардың саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы:
«Ғарыш»
Оқыту мақсаты
3.1.3.2. Шығармашылық идеяларды дамытуға әртүрлі дереккөздерден ақпарат
жинау
3.3.1.1 Өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы
терминологияларды пайдаланып таныстыру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
Әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, ғарыш әлемін жасай алады
Оқушылардың басым бөлігі:
Ғарыш әлемін жасау барысында әр түрлі материалды тиімді пайдаланып, шығармашылық ойларын дамыта отырып жүзеге асырады алады
Кейбір оқушылар:
Шығармашылық идеяларын іске асыру барысында жасалатын бұйым туралы ақпарат жинай алады
Жетістік критерийлері
Тақырыпқа сай әртүрлі материалдан бұйым жасау тәсілдерін зерттей алса
Шығармашылық идеяларын іске асыруды жинаған ақпаратты тиімді қолдана алса
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: Оқушылар шығармашылық жұмыс жасау үшін әр түрлі материалдарды қалай қолданатыны туралы түсіндіре алады.
Олар өткен және жаңа негізгі сөздерді, әзірлеу барысында терминдерді пайдаланады, мәселен, т.б.
Көптілділік:
Диалог үшін пайдаланатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ғарыш туралы сіз не білесіз?
Күн жүйесінде қанша планета бар?
Күн жүйесіндегі планеталардың қандай атауларын білесіз?
Космостың қандай нысандарын білесіз?
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Бұл сабақта АҚТ қолдану дағдылары дамымайды, себебі бұл сабақта қолданбайды
Бастапқы білім
Оқушы шығармашылық жұмыс жасау барысында қандай материалдарды қолдануға болатыны туралы айта алады
Алдыңғы білім
Қоршаған орта, жануарлар және құстар туралы біледі
Сабақтың кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-шаралар
Дерек көздері
Сабақтың басы
10-15мин
Шығармашылық жұмыс
15-30 мин
30-40 мин
Сабақ басында оқушылармен амандасу. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өтілген сабаққа шолу жасау.
Оқушыларға музыка тыңдатып сұрақтар қоямын:
Тыңдаған музыканы сіз немен байланыстыра аласыз?
Ғарыш туралы сіз не білесіз?
Слайд №1.
Презентация көрсете отырып сұрақтар қоямын:
-Күн жүйесінде қанша планета бар?
Жауаптары: 8
-Күн жүйесіндегі планеталардың қандай атауларын білесіз?
Жауаптары: Күн жүйесіндегі Планетелердың аттарын талдаңыз (Меркурий, Венера, Земля, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун).
-Космостың қандай нысандарын білесіз?
Жауаптары:
-Қазақстандық космонавтардан кімдерді білесіз?
Жауаптары: Оқушыларға олар білетін қазақстандық космонавтар туралы айтып беруін ұсыныңыз (Т. Мұсабаев, Т. Әубәкіров, А. Айымбетов).
Слайд №2
(Әртүрлі техникада жасалған жұмыстарды көрсетемін)
Аппликация және коллаж, шашырату техникаларында жасалған жұмыстарды көрсетемін.
Сұрақтар:
Бұл техникалардың қандай айырмашылықтары бар?
Аппликацияда қандай материалдар қолданылады?
Коллажда қандай материалдар қолданылады?
Шашырату техникасында қандай материалдарды қолдануға болады?
«Коллаж», «Аппликация» және «Шашырату» техникаларында әртүрлі жасанды және табиғи материалдарды пайдалана отырып «Ғарыш әлемі» тақырыбына көрнекті бейне жасауды оқушыларға ұсынамын.
Оқушылар өздері таңдаған техниканы пайдаланып практикалық жұмысты орындайды.
Оқушылар жұптасып немесе топта бірге жұмыс жасауларына болады.
Жұмыстарын аяқтағаннан кейін, әр топ өз жұмыстарын таныстырады, өзге топтар оларды бағалайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген