400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарыш әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы оқу іс әрекеті Қарапайым математикалық есептерді шығару тақырыбында өткізілді. Жас мамандарға пайдасы зор деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі: Таным

Оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: Қарапайым мысалдар мен есептерді

шығару
Мақсаты: 10 – ға дейін тура, кері санауды жалғастыру, 10 көлеміндегі санның құрамын жаза білуін жетілдіру. Балалардың ой-өрісін, танымдық қабілетін, қол моторикасын дамыту. Есептеу дағдыларын жетілдіру. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе сандар, суреттер, слайд, Дидактикалық материалдар, математикалық тақта, АҚТ технологиясы

Билингвалды компонент: төрт – четыре, екі-два, бір –один, үш – три, бес –пять, алты-шесть, жеті –семь, сегіз – восемь, тоғыз –девять, он - десять

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Баланың әрекеті

Мотивация-лық қозғаушылық












Ұйымдастыру – іздестіру



-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қанекей, қонақтармен амандасып алайық.

-Балалар, біз бүгін математика негіздері оқу қызметінен «Қарапайым математикалық есептерді шығару» тақырыбын өтеміз.

- Балалар, оқу қызметімізді бастамас бұрын бір – бірімізге сәттілік тілеп алайық

Бес болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер – білім көп бақыт

Өсе берсін санамыз.


- Балалар, тақтадағы суреттерді ретімен қою арқылы оқу қызметіміздің тақырыбын ашып алайық.


-Балалар, ненің суреті шықты?

-Я, әрине. Бүгін біз ғарыш әлемімен танысатын боламыз.

Экраннан ғарыш туралы түсінік беру

 Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен?
- Ғарышкерлер
Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
Өз ойларын сұрау
- Ғарыш айлағы дегеніміз не?
Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.
- Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
- Қалай аталады?.
- Жарайсыңдар, балалар.
Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман – есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралды.
Сонан кейін Ю. Гагарин ұшты. Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты. Ғарыш айлағы Байқоңыр туралы айтылып кетеді.

Ғажайып сәт.

Топқа Ғарышкер келеді. Қолында үлкен қорап. Амандасады

  • Балалар, мен мына қорапты ғарыштан арнайы сендерге алып келдім.

Қорапты ашқанда ішінен ұшатын шарлар шығады. Шардың бауында ойын тапсырмалары.

Тапсырмаларды сиқырлы қорапқа ендіруү Экраннан жұлдыз шығады.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендері үнемі жоғарыдан бақылап отырамын. Сендердің білімді, ақылды екендеріңді білемін. Дегенмен мен де сендерге көптеген тапсырмалар беріп жібердім. Орындай аласыңдар ма?

Әр сұраққа жылдамдықпен жауап беру.

«Көрші сандарды ата»

Shape1


«Қайсысы жұп сан»

Shape2


«Тақ сандарды ата»

Shape3


«Бір таңбалы санды көрсет»

  1. 5. 6. 10. 11. 15


Кайсысы үлкен, қайсысы кіші?



Қайсысы биік? Қайсысы аласа?

Ғарышкер:

  • Балалар, енді маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Біз ғарышта ғарыш кемесін жерге қайтару үшін бізге берілген тапсырмаларлды орындай алмай жатырмыз. Сендер көмектесе аласыңдар ма?

Тапсырма

1 – топ. Зымырандағы амалдарды шығарып жұлдыздың ішіндегі шешуімен байланыстырады

10+5=

9+9=

8+8=

10+3=

5+5=

10-3=

2-топ. Ұшатын тәрелке ішіндегі амалды шығарып, жауабын фонар жағу арқылы табу

10+5=

9+9=

8+8=

10+3=

5+5=

10-3=


3- топ. Алдарына берілген пішіндерден зымыран құрастыралды. Неше пішін берілді? нешеуін пайдаланды? нешеуі қалды? Осы бойынша есеп құрастырады


4-топ. Балалар ғарыш кемесінің суретін акварель краскасы арқылы үлгіге қарап отырып салады


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай – ақ

«Кім жылдам?» ойынын ойнату

(Экрандағы жұмбақ есепті шығарады)

  1. Ақ балапан, сары балапан,

Шұбар балапан, Қара балапан

Барлығы неше балапан?


2.Он асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?




амандасады




Ойынға белсене араласады




















Тақтадағы суреттерді санау ретімен орналастырады

-ғарыштың



Тамашалайды

Амандасады.



Балалар жарыса сұрақтарға жауап береді


Байқоңыр


















































  • Ия, орындаймыз




















Қуана келіседі





Есеп шығарады



































Амал шешуін фонар жарығын түсіру арқылы табу























-он пішін берілді. Оның бесеуін пайдаландым, бесеуі қалды

10-5=5



Сурет салады

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
09.03.2023
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі