№ 12
« Самал » балабақшасы
Ашық ұйымдастырылған оқу іс
– әрекеті
Тақырыбы : Ғарыш
әлемі
Тәрбиеші : Сактаганова
Даметкен
Есік
Ұйымдастырылған оқу іс
–әрекеті
Білім беру саласы:
Коммуникация.
Оқу іс- әрекеті: Тіл
дамыту.
Тақырыбы: Ғарыш
әлемі.
Мақсаты : Балаларға ғарыш,
ғарыштық ұшулар,Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсінік беру,
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы түсінік бере
отырып,балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру. Балалардың
байланыстырып сөйлеуін,көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін
арттыру.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап,
түсіндіру, баяндау.
Қажетті көрнекі құралдар:
зымыранның,иттердің суреті, Ю.А.Гагарин, В.Терешкова, Т. Әубәкіров,
Т. Мұсабаевтың суреттері, сөзжұмбақ,
жұлдызшалар.
Оқу іс – әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері.
Мынау менің
жүрегім,
Бәрі осыдан
басталған.
Мынау – басым
ақылды,
Бәрін осы
басқарған.
Мынау менің -оң
қолым,
Мынау менің – сол
қолым,
Барлық істі
атқарған.
Балалар , қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Қазір жылдың көктем
мезгілі?
-
Көктем мезгінде қандай
өзгерістер болуда?
-
Күн жылынады, жерге көк шөп
шықты, ағаштар бүршік жара бастады,
біз жеңіл киім киіне
бастадық.
Зымыраным оқтай
ұш,
Айға біраз тоқтай
ұш,
Апар мені ғарышқа – дей отырып
бүгінгі оқу іс- әрекеті тіл дамытудан
« Ғарыш әлемі » тақырыбын
өтеміз.Алдымызда 12- сәуір Ғарышкерлер
күні болып
саналады.
-
Қане , барлығымыз тақтадағы
суретке назар аудара отырып, аспан әлеміне саяхат жасаймыз. Өзіміз
аспанда ұшып жүргендей болайық.
-
Аспанда нелер
бар?
-
Жұлдыздар , ай,
күн.
-
Күн не үшін
керек?
-
Күн жылу береді, жарық
береді.
-
Ай не үшін
керек?
-
Түнде жарық
береді.
-
Ғарышкер деп кімді
айтамыз?
-
Осы жұлдыздарды, ай мен күнді
зерттеу үшін ғарышқа ғарышкерлер
ұшады. Әлемдегі тұңғыш
ғарышкер Ю. Гагарин 1961 жылы 12 сәірде
« Восток » ғарыш кемесімен ,
Жер шарын 1 рет айналып шықты. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер
күні мерекесі болып есептеліп
келеді. Қазіргі таңда әлемде
17 ірі ғарыш айлақтары бар, соның бірі-
Байқоңыр ең үлкен ғарыш
айлағы. Ең алғаш иттерді ұшырып тәжірибе
жасаған, Лайка және Белка. Осы
иттер аман- сау оралған соң, алғаш рет
адам
ұшты.
Ал мына суретте- біздің
елімізден тұңғыш ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ол
ғарышта7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.
Ал мына суретте- Талғат
Мұсабаев ағаларың. Ол ғарышқа 3рет ұшқан, ашық космосқа шығудан
немесе орбитада көп болудан рекорд
жасаған. Зымырандар
Қазақстанда Байқоңыр қаласынан ұшырылады.
Байқоңыр туралы кім тақпақ
біледі?
Расул: Ғарышжай
Байқоңыр,
Қаннаттылар
мекені.
Қазақ жері
Байқоңыр,
Қай жер саған
жетеді?
Нұрғазы: Ғажап жерім Байқоңыр
,
Тұңғиықты
ғарышты.
Тұнып тұрған
алысты,
Орындалып
арманы
Ғарышкерлер
шарлады.
Нұркелді : Көкке ұшамын,ұшқыш
болар баламын,
Соңына ерем, ер ғарышкер
ағаның.
Батыр болам , көк аспанды
сүйемін,
Жұлдыздарға барып келіп
жүремін.
Ақниет : Тоқтар ағам-жан
ағам,
Бұрыннан да ер
еді.
Менің батыр
ағадан,
Аумай қалғым
келеді.
Ақбота: Тоқтамайды осы
аңыз,
Біз жолыңды
тосамыз.
Тоқтар- аға
ерлікті,
Күнде өлеңге
қосамыз.
Ал енді балалар ойын ойнаймыз.
Ойын « түрлі түсті жұлдыздар » деп
аталады.
-
Балалар , мынау не? (
жұлдыздарды көрсетемін ).
-
Барлығының түсі бірдей
ме?
-
Жоқ , әртүрлі. Әуен ойналады,
балалар түстеріне қарай жұлдыздарды
жинақтайды.( Музыка басталып,
балалар жұлдыздарды бір-бірден жи-най бастайды. Музыка тоқтағанда
жинауын тоқтатады. Ең көп жұлдыздар жинаған баланы
мадақтаймын.)
Нүктелеу арқылы зымыранның,
айдың суретін салу.
Қорытынды. « Сөзжұмбақ шешу.
Ғарыш сөзі шығады »
Бүгін біз не туралы
үйрендік?
Ғарышкер деп кімді айтамыз
?
Кімдерді білеміз
?
Балалар: Қол ұстасып
тұрайық,
Жарты шеңбер
құрайық.
Көріскенше күн
жақсы,
Сау саламат болайық
!