400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарыш әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшада ғарышкерлер күніне арналған тақырыптық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ғажайып ғарыш»
Сабақтың түрі: Тақырыптық сабақ
Мақсаты: Балаларға  ғарыш, ғарыштық ұшулар,Байқоңыр ғарыш айлағы туралы  түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып,балалардың ғарыш әлеміне  қызығушылығын арттыру. Балалардың байланыстырып сөйлеуін,көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру.

Көрнекі құралдар: иллюстрациялық суреттер.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер:әңгімелеу, таныстыру, сұрақ – жауап,жұмбақ шешу,тақпақтар,ойын.
Жылулық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жайнай түссін қаламыз

Қайырлы таң,балалар!

Қайырлы таң, апай!
Тәрбиеші:- Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз?

Балалар:-Жер - біздің тұрып жатқан мекеніміз, ортақ үйіміз.
Тәрбиеші:Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар?
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме?

- Сендерге ұнай ма?

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші:Маған да ұнайды.Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не? Олар неге ұқсайды? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші:Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар!

(Есік қағылып, хат тасушы хат әкеліп береді)
Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы бізге хат келіпті,қане оқып көрейін ішінде не жазылған екен?
-Міне, қызық хаттың ішінде жұмбақтар бар екен, жұмбақтың жауабын тауып көреміз бе?
Жұмбақтар:
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн)
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран)
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!Олай болса балалар зымыран, күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасқан?
Балалар:Аспан әлемінде.
Тәрбиеші: Балалар.бүгінгі біздің сабағымыз өте қызықты болмақ,өйткені біз аспан әлемі,ғарыш туралы әңгімелесетін боламыз. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш деп аталады екен, Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ғарыш әлемінде көптеген ғаламшарлар бар. Меркурий, Венера, Жер, Марс,   Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. (суреттері көрсетіледі)

-Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар да бар. Мына жұлдыз — Жетіқарақшы деп аталады. Ал мына жұлдыз-Темірқазық.Ал ең улкен жұлдыз-Күн.Күн- ғарыштың жүрегі,біздің планетамыздың жылу көзі.

(суреттрі көрсетіледі)

Тәрбиеші:Ал ғарышқа кімдер ұшады?

Балалар:Ғарышкер

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар, балалар!Ғарыш әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды  ғарышкер дейміз. Мына суретте ең алғаш ғарышқа ұшқан адам. Ол Кеңес Одағының батыры Юрий Гагарин.Ол 1961 жылы 12 сәуірде алғаш ғарышқа ұшты. Сол күннен бастап 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Солардың ішінде біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар.Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.Біздің Талдықорған қаласының,Өтенай ауылының тұрғыны,жерлесіміз Айдын Айымбетов ағамыз да Қазақстан ғарышкері,халық қаһарманы.

(суреттері көрсетіледі)

-Балалар,қане осы ғарышкер ағаларымыз туралы қандай тақпақтар білеміз?

Нұрай:

Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған,
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған,
Даниал:

Тоқтар ағам - жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан,
Аумай қалғым келеді.
Амиржан:
Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңқалдырып қазағым,
Тағы ұшса ғой Марсқа.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?
Балалар:Денсаулығы мықты,өзі батыл, әрі білімді болуы керек.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,балалар!

«Ұшты-ұшты»ойыны

Тәрбиеші:Балалар,ғарышқа ұшу үшін қандай көлік керек?

Балалар:Зымыран

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, «зымыран» қажет.Зымыран ұшатын жерді «ғарыш айлағы» деп атайды. Ғарыш айлағы біздің Қазақстанда Байқоңыр қаласында орналасқан. Барлық зымырандар осы қалада орналасқан ғарыш айлағынан  ұшады.Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?(балалардың жауабы)
Тәрбиеші:-Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы киім скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай 
арнайы киіммен ғана жүруге болады.
 (суреті көрсетіледі)

-Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Ғарышкерлерге әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді.

Дидактикалық ойын: «Жұлдызды аспан әлемі»

Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.  

Шығармашылық жұмыс.Балалар майшам мен субояқты қолдану арқылы ғарыш әлемін салу.

Қорытындылау. 
Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін пысықтау.
 
-Ғарышкер деген кім?
-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
 
-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
 
-Қазақ елінен ұшқан ғарышкерлер кімдер?
 
-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?
 
-Неге арнайы киім киеді?
 
Күтілетін нәтиже:
 
Нені біледі: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы;
 
Нені түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді;
 
Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы зымыранмен ұшатындығын, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24.05.2024
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі