"Ғарыш әлемі"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ғарыш әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар,Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балақай» бөбекжай балабақшасы




Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»

«Құлыншақ» ортаңғы тобы








Тәрбиеші: А.Ж.Койшыгулова





2024 жыл



Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»
Мақсаты: Балаларға  ғарыш, ғарыштық ұшулар,Байқоңыр ғарыш айлағы туралы  түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып,балалардың ғарыш әлеміне  қызығушылығын арттыру. Балалардың байланыстырып сөйлеуін,көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру.

Жылулық шеңбері:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Тәрбиеші: балалар кәне бәріміз экранға назар аударайық.

Біз экраннан  не көріп тұрмыз?

Балалар:  ғарыш әлемін.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар ғарыш әлемін көріп тұрмыз.

Балалар, біз жер ғаламшарында  өмір сүріп жатырмыз

Жер - біздің тұрып жатқан мекеніміз, ортақ үйіміз.

Ғарыш әлемінде көптеген ғаламшарлар бар. Меркурий, Венера, Жер, Марс,   Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. (суреттері көрсетіледі)
Тәрбиеші:Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар? 
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме?

- Сендерге ұнай ма?

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші:Маған да ұнайды.Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Түнде біз аспаннан нелерді көреміз?

Тәрбиеші:Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!Олай болса балалар күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасқан? 
Балалар:Аспан әлемінде.

Тәрбиеші:Балалар, ғарышқа ұшу үшін қандай көлік керек?

Балалар:Зымыран

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, «Зымыран» қажет. Зымыран ұшатын жерді «Ғарыш айлағы» деп атайды. Ғарыш айлағы біздің Қазақстанда Байқоңыр қаласында орналасқан. Барлық зымырандар осы қалада орналасқан ғарыш айлағынан  ұшады. 

Тәрбиеші:Ал ғарышқа кімдер ұшады?

Балалар:Ғарышкер

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ғарыш әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды  ғарышкер дейміз. Ең алғаш ғарыш әлеміне лайка деген итті ұшырып көреді. Ол жерге аман – есен келгеннен кейін.

 Юрий Гагарин ұшады. Ол 1961 жылы 12 сәуірде алғаш ғарышқа ұшты. Сол күннен бастап 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Солардың ішінде біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар. Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров  Талғат Мұсабаев Айдын Айымбетов  Қазақстан ғарышкері, халық қаһарманы атағына ие болды.

Балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім. Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай 
арнайы киіммен ғана жүруге болады. (суреті көрсетіледі)

Тәрбиеші: Балалар ғарышқа ұшқыларың келе ме, ендеше ұшайық .

Ғарыш әлемінде ғарышкер келеді.

Балалармен амандасады.

Аспан әлеміне қош келдіңіздер!

Сиқырлы экраннан видео тамашалайды./Ғаламшарлар туралы/

Балалар үш топқа ай,жулдыз, жер болып бөлінеді.

Дидактикалық ойын: «Ғаламшарлар»

-Балалар,қане осы ғарышкер ағаларымыз туралы қандай тақпақтар білеміз?

 

Нұрислам:Ғарышкер мен де боламын,
Боламын десем боламын! 

Көктің жүзін барлайтын
Үлкен ғалым боламын

Алихан : Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шаламын,
Мен ғарышкер боламын!

Али : Тоқтар ұшты ғарышқа
Талғат болды ғарышта
Таңқалдырып қазағым
Тағы ұшса Марсқа

Ермұхан:Таудай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Көктің жүзін барлаймын,
Мен ғарышкер боламын!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар

Тәрбиеші: Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?
Балалар:Денсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, балалар! 

Қимылды ойын: «Зымыран»

Қорытындылау. 
-Біздер қандай ғаламшарда тұрамыз? 
-Қазақ елінен ұшқан ғарышкерлер кімдер? 
Тәрбиеші: Балалар сендер өте ақылды, білімді екенсіңдер әрқашан жұлдыздай жарқырап жұріңдер 

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2025
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі