Ғарыш әлемі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарыш әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, балалардың қабілеттерін арттыру. Ойын арқылы танып білуге жетелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ғарыш әлемі

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру.

Міндеті: Ойын арқылы балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Ғарыш әлемі, аспан денелерін білуге ынталандыру. Тапсырмалар орындау арқылы, асықтың түрлерімен танысу, қызығушылықтарын ояту.

Күтілетін нәтиже:

Балалар ғарыш әлемін біледі.

Балалар сұрақтарға жауап бере алды .

Балалар аспан денелерін біледі.


ҰІӘ жүргізілу барысы.

Амандасу.


Тосын сәт.

Балалар бүгін топқа келсем үстел үстінде қорапша тұр.

Қандай әдемі қорапша!

Осы қорапшаның ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? Олай болса ашып көрейік.

Қорапты айналдырып қарау, қорап ашылмайды.


Қызығушылықты ояту.

Балалар көріп тұрсыңдар ма , мына қораптың ашылуы үшін алдымен жұмбақтарды шешу керек екен? Жұмбақтың шешімін тапсақ, бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетте сол туралы танып білетін боламыз.

Жұмбақ:

Аспанда жұлдыз жарқырап,

Ай мен күні төніп тұр.

Құс жолы көкте сарқырап,

Ғаламшарлар төніп тұр. (Ғарыш әлемі)


Міне қорап ашылды.

Балалар не көріп тұрсыңдар?

Ғарыш әлемі туралы кітап.

Неткен тамаша!

(Балаларға ғарыш әлемі бойынша кітаппен жұмыс жасап, түсіндіреміз)

Суретпен жұмыс.(Ғарыш әлемі туралы тамашалау)


Ой қозғау.

Балалар осы аспан денелерінің не екенін білеміз бе?

Тосын сәт. АҚТ технологиясымен жұмыс. (әлеуметтік даму)

Аудио арқылы аспан денелерін, ғарыш әлемі туралы тыңдату

Міне балалар ғарыш әлемі дегеніміз осы. Аспан денелерінің өзіндік атаулары да бар екен.

Ендеше 3топқа бөлініп берілген тапсырмаларды орындаймыз ба?

Үлестірілген асық түстеріне қарай 3 топқа бөліну.

1 топ Қызыл асық .

тапсырма : Дид ойын: «Артығын тап»

Шарты: Ғарыш суреттерінен басқа артық бір суретті алып тастау


2 топ Сары асық «Аспан денелері»

Тапсырма:  Дид ойын: «Аспан денелері»

Шарты: Аспан денелерін құрастыру.


3 топ: Дид ойын: «Әдемі ғарышкер»

Шарты: Берілген ғарыш суретін ермексазбен толықтыру.

Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін сендерге алшы асығының суретін беремін.Алшы асығында бірнеше қызықты тапсырмалар бар.


(физикалық даму, танымдық даму)

Алшы асығының тапсырмасы: Қим ойын : «Кім шапшаң». Ойын сергіту сәті ретінде өтіледі.

Шарты: Лентада түрлі -түсті асықтар жоғары –төмен ілініп тұрады. Балаларды екі топқа бөлу. Белгі берілгенде балалар асықтарды бір-бірден үзіп алып өз тобына жинау.

Ойын соңында асықтар саналып, жеңімпаз топ анықталады.

Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін сендерге тәйке асығының суретін беремін.Тәйке суретіндегі тапсырма «Шертпек» ойынын ойнау.

Ендеше «Шертпек» ойынын ойнайық

Шарты: Асықтарды шерту арқылы ұпай санын жинау. Ұпай саны 1 ден 5 ке дейін.




Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін сендерге бүк асығының суретін беремін.Бүк асығының тапсырмасы Дидактикалық ойын «Көлеңкесін тап»


Шарты:Екі топқа балаларды бөліп, Ғарыш әлемі, аспан денелерінің көлеңкесін жылдам тауып орналастыру. Бірінші болып бітірген топқа Алтын сақа суретін беру, екі топты мадақтау.



Қортынды (танымдық)

Сұрақ-жауап

Балалар бүгін біз не туралы өттік?

Ғарыш әлемі нені зерттейді, аспан дегелері атаулары қандай?

Қандай асық атауларын білдік?


Балаларды мадақтау


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
221
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі